Щ дыбысы мен әрпі

27
  1. Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1 Щ дыбысы мен  әрпін таныту. 2 Тазалыққа баулу  3.Щ әрпіне қатысты сөз, сөйлемді дұрыс оқуға машықтандыру.

Сабақтың көрнекілігі:Щёткалар

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Э дыбысы қандай   дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту. -э әрпіне қатысты  сөздер жазғызу. «Шахтер» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

 ІҮ.  Жаңа сабақ:а)  –Балалар, тұздың дәмі қандай?   -Ащы  ә) Ащы сөзіне дыбыстық талдау жасау б) Дыбыстау.  в) Әріп таңбасымен таныстыру.

Ү. Жаңа білімді бекіту.г)  Ащы, плащ, щётка тұщы борщ  сөздерін оқу.  -Щётка не үшін керек? -Қандай щёткалардың түрлерін білесіңдер? д) Мәтінді оқи отырып түсіндіру  е) Дәптермен жұмыс: Ээ әрпін жазып үйрену.

ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.-Щ қандай дыбыс? -Қандай сөздерде жазылады? -Қазақстандағы ең үлкен көлді ата?-Оның суы қандай?  Щёткалар өлеңін жаттату.

Диктант: Вокзал үлкен және сәнді. Қалада автобус көп. Балалар футбол ойнады.  Дәптермен жұмыс: Щщ ащы, тұщы, борщ, щи щетка

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:  Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау