Ь белгісі.

  1. Сабақтың тақырыбы: Ь белгісі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жіңішкелік белгісімен таныстыру.  2. Жіңішкелік белгісі дыбысталмайтынын ұқтыру.3.  Е дыбысы мен әрпі.Тазалыққа баулу .Дұрыс оқу дағдысын арттыру

Сабақтың көрнекілігі мазмұнды сурет.

 Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ч дыбысы қандай   дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-Ч әрпіне қатысты  сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

 ІҮ.  Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме.  Балалар, біз сендермен барлық дыбыс,Әріпті оқып біттік. Енді біз сендермен әңгіме ,ертегі жаңылтпаш, жұмбақ оқып аталарымыздыңәр түрлі шығармаларын өзіміз оқи алатын болдық.ә) Ь белгісімен  таныстыру. б) Ол кейбір дыбыстарды дұрыс жіңішке етіп айтуға көмегін тигізеді. Мысалы: лагерь, рояль, альбом коньки. д) «Болашақ чемпиондар» өлеңін жаттату.

Ү .Жаңа білімді бекіту.1)  Хормен оқыту. Лагерь,альбом,фильм,, конки ,рояль ,циркуль ,рельс ,компьютер. 2) «Лагерь» мәтін құрау.3) «Лагерь жыры» өлеңін жаттау. 4) Дәптермен жұмыс: ь белгісін жазып үйрену.5) Тақтамен жұмыс: сөз, сөйлем жазу. Көру диктантын жазу.Лагерь.альбом, рельс, компьютер

ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

 ҮІІ. Сабақты қорытындылау:  -Біз бүгін немен таныстық?  -Ь белгісі дыбыстала ма? -Оны не үшін қолданамыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.  Бағалау