Отан Астана

29
  1. Сабақтың тақырыбы: Отан Астана

   Сабақтың мақсаты: 1. Отан .Астана туралы түсінік беру 2. Елін,  жерін сүюге  баулу   3. Мәнерлеп оқуын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықта,  қайталауАлфавит ретін сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Отан, астана туралы түсінік беру

Біздің Отанымыз, Отан анамыз-Қазақстан Республикасы.Біздің бабаларымыз

әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді.  Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз.

Қазақстан біздің Отан-анамыз, бізді нанымен, суымен асырайды.

Астана-біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Астана еліміздің қақ ортасына, аса маңызды жолдардың торабына орналасқан.ә)  16-желтоқсан- Тәуелсіздік күні.       б) М. Хакімжанова: «Отан» өлеңінБ.Ысқақов: «Отан» өлеңін, Т Жексенбай: «Астана» өлеңін оқи отырып мазмұнын түсіндіру. в) «Астана»  өлеңін жаттату.  г) «Отан» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Ү. Жаңа білімін бекіту.ғ) «Отан» өлеңін жаттату.  д)  Дәптермен жұмыс: е) Диктант жазғызу.

Астана халқы алдағы жылдары үнемі өсіп өркендеп отыратын болады. Қалада көптеген өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.

ҮІ. Сабақты қортындылау:Отанымыз жайында  не білдік?