«Where are you going to spend your holidays?»

41
 

Сабақтың аты:

 

 

6-сынып    «Where are you going to spend your  holidays?»

 

Сілтеме:          

 

 

 

Жоспар, интернет  жүйесінен  алынған  ресурстар, слайдтар.

Сабақтың мақсаты: 

 

1-ші  жаттығуда берілген әр елдің  тулары  туралы түсінік беру.

Осы жаттығуды  жасату арқылы  білімдерін  тереңдету, ой толғау.

Оқушының сол  туларды  қолдану  арқылы  ауызекі сөйлеу  қабілеттерін  дамыту.  Өздерінің  демалыс  кезінде  болған  қалаларының  көрнекті  жерлерін  айтқызу, сол қала  жайлы танысу  және  оның  өзіне  тән  құпияларын  аша  отырып, сұрақ — жауап  диалогын ұйымдастыру.

Оқыту нәтижесі: 

 

                        Білу керек:

·        Алдыңғы  өткен  сабақтағы   Present Perfect шағының қолданылуын.

·        Қай  елде  қандай  ұлттар тұратынын.

Болымды және болымсыз сөйлемдердің қалай қолданылатынын.

 

Негізгі идея:  

 

 

 

Present Perfect Tense — шақтарын  күнделікті  өмірде қолданып білу.

Тапсырма көздері:

 

 

Оқулық, оқушылар, топқа  арналған  тапсырмалар,  слайдтар, интербелсенді тақта.
 

Міндеттері:

 

 

Топпен  жұмыс, оқушымен  жұмыс, оқушылардың  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру

 

Кейінгі тапсырмалар:

 

 

 

Present Perfect Tense — шағын  қолдану  арқылы  «My friends plan»  топигін  дайындау.

Бағалау

 

 Өзін — өзі  бағалау, топты  бағалау

 

 

 

Мұғалімнің  ойы Тренердің   жазбалары
Мен мектептегі  тәжірибе кезінде 6 «ә» сыныбына  Ағылшын  тілі  пәнінен   тізбектелген сабақтар топтамасын  жүргіздім.

1.      «I want  to  visit  Astana»  тақырыбы  бойынша жазбалар:

Барлығы қалай өтті?

Топ  қалалар  атауы  бойынша бөлінді. Бірігіп постер  құрды,  қорғады, бағалады.    Мәтінмен  жұмыс жасап, диалог  құрды .  Сабақтың соңында стикерлермен  жұмыс жасады.  Бас қаламыз  Астана  туралы өз ойларын өз  сөзімен жеткізу, көрген, оқыған, естігендерін жинақтауға көмектестім. Оқушылар  топпен  жұмыс жасау арқылы  бірлік пен татулықтың  маңызын  түсінді. Өмірден мысал келтіру арқылы  шынайылыққа  үйреніп, сөйлеу  тілі  дамыды. Ынтымақтастық  атмосферасын  құрды

Не ойдағыдай өткен жоқ?

Оқушыларды топқа бөлуде,  қиыншылықтар  туындады. Уақытты тиімді пайдаланбадық.

«Мені түсін» логикалық ойыны қалай өтті?

Сыныптың ынтымақтастық ахуалы. Оқушы мен менің қарым-қатынасымдағы шынайылылық. Өзімді еркін ұстадым. Оқушылар бір-бірлерін түсіне бастады.

Нені дамытар едім?

Тапсырманы тым күрделендірмеу. Бағалау түрлерін енгізу. Дарынды,талантты тұлғаны танытатын жұмыс түрлерін қалыптастатыру.

Нені өзгерткім келеді?

Оқушының жадын дамытатын тапсырмаларды түрлендіргім келеді.

Менің ұмтылатын нәрсем:

Топтық және жұптық жұмыстағы тапсырмаларды жас ерекшелігіне қарай таңдап, сыни тұрғыдан ойлауды дамытсам;

 

2.      «Where  are  you  going  to spend  your holidays?» тақырыбы бойынша  жазбалар:

Барлығы қалай өтті?

Топ елдердің  аттарымен  бөлініп, диалог құрды.     «Мына тулар қай елдің тулары?»  деген тақырыпта  логикалық ойынын  ойнап, табу, ойлану арқылы  әңгіме жүргізу. Тақтада  он елдің туы тұрды, ал балалар туды  тауып қана қоймай,  сол елдің астанасында табу арқылы  жұмыс жасады.  Әр оқушы әр елдің туын, сол елдің көрнекті жерлерін, символын  тауып  мәтінге сүйене отырып, әңгімеледі. Өздері  айтқан  елдері  жайлы білді .Оқулықтағы диалогтар арқылы сұхбаттар жүргізді.

Не ойдағыдай өткен жоқ?

Меніңше, балалар өз ойларын толық жеткізе алмай жатты, не дегенмен өз тілі емес екенінде ескеруіміз керек.

«Қалай  табамыз?» логикалық ойыны қалай өтті?

Қызықты болды. Әр елдің көрнекті жерлерінің  суретін  көрсетіп,  ол туралы не білетіндіктерін, қалай табуға болатынын жобалауға мүмкіндік бердім.

Сол статустар ненің мағынасын білдіреді? Не үшін әр елдің символы әр түрлі? Сен сол елге бара қалсаң ең бірінші нені көруге барар едің? Деген сұрақтарға балалар қызығушылықпен жауап берді.

Нені дамытар едім?

Оқушылардың  өздері бір-біріне сұрақ қойып үйренуін дамытар едім.

Менің ұмтылатын нәрсем:

Сабақта оқулықтағы мәліметтермен шектеліп қалмай, танымдық қабілеттерін арттыратын материалдар мен сауалдар дайындасам деймін.

Маңғыстау  облысы                                                                    Ақтау  қаласы