Сал, сал Білек, сал Білек.

  1. Сабақтың тақырыбы: Сал, сал Білек, сал Білек.

Сабақтың мақсаты:   1.   Өлеңдердің мазмұнына түсінік беру.  2. Ұлтық тәрбие беру.3. Білім алуға , оқуға деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауБір уыс мақта» әңгімесін  әңгімелету.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а)  А. Байтұрсынов: «Оқуға шақыру» М Жұмабаев: «Сал,сал Білек, сал Білек.өлеңдерінің мазмұнымен таныстыру. ә) Өлеңді түсініп оқу  б.  Мәнерлеп оқуға жаттықтыру.г) Оқу-білім, еңбек туралы мақал айту.

Еңбек етсең емерсің.                             Еңбектің наны тәтті,

Еңбек етпеген ішіп-жемейді.              Жалқаудың жаны тәтті.

Еңбек етсең ерінбей ,                           Еңбек ширатады,

Тояды қарның тіленбей                        Өмір үйретеді.

Еңбек ырыстың бұлағы,                     Оқу инемен құдық қазғандай.

Бақыттың  шырағы

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Оқу -білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

ҮІ. Жаңа білімін бекіту.-Өлеңде балаларға қандай ақыл айтылады? -Білекке қандай ақыл мен тілек айтылады? д)  Дәптермен жұмыс:

ҮІІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабағымызда кімдердің өлеңімен таныстық?   Одан неге үйрендік?