Кім неден күшті?

  1. Сабақтың тақырыбы: Кім неден күшті?

Сабақтың мақсаты:  1. Ертегі  мазмұнын түсіндіру.  2. Еңбек ете білуге баулу. 3. Дұрыс  оқу дағдысын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау   «Қожаның аты» мәтінін әңгімелеу.   Мақал айту. « Бақа» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Кім неден күшті?» оқып беру. ә) Рольмен оқыту.б) Әңгімелеу.  в) Сөздік диктант жазғызу:  Қар, аппақ аққала мұз, шырша ойыншық.  өлең тақпақ, би сыйлық аяз шана шаңғы коньки.г) Жұмбақ шешу:

Суда қалқиды                      Жылтырайды сайда,

Жылыда балқиды.    (Мұз)                  Сынбайтын айна.       (Мұзойнақ.)

Ақ сандығым ашылды,               Жерді де мекен етеді,

Ішінен жібек шашылды.  (Күн) Көлді де мекен етеді.(Бақа)

Ү. Жаңа білімді тексеру.Оқу жылдамдығын тексеру. Тақтаға сөйлем жазғызу Ең күшті не екенін айту Рольмен оқуға жаттығу  Өзі қалаған кейікердің суретін салу. Дәптермен жұмыс:   Өзі жатқа білетін өлеңді жатқа жазу.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта ненің күшті   екенін білдік?