Мақта қыз бен мысық

  1. Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық

Сабақтың мақсаты:  1. Ертегі  мазмұнын түсіндіру.  2. Еңбек ете білуге баулу. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау«Кім неден күшті?» ертегісін әңгімелеу.  Әліппеден өткен өлеңдерін жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Мақта қыз бен мысық?» оқып беру. ә) Рольмен оқыту б) Әңгімелеу. в) Ертегі кейіпкерлерін атау.

Ү. Жаңа білімді тексеру. 1)   -Мақта қыз бен мысық неге келісе алмады? -Мысық пен мақта қыз бір-біріне қандай жаман іс істеді? -Мақта қыз мысыққа не істеуін талап атті? -Мысық тапсырманы орындады ма?2) Дәптермен жұмыс:  Сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазу.  Сиыр,ағаш,су,қыздар сағыз,дүкен, жұмыртқа тауық, тышқан, тары, мысық.3) Тақтамен жұмыс:   Аққу қасиетті құс. Жұрт оларды жақсы көреді. Аққулар жүзе жөнелді. Түлкі мен үйректің ісі сәтсіз аяқталды. Қарны ашқан түлкі үйректі басалды.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта нені  білдік?