Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану тиімділігі

85

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану тиімділігі

Ойын-оқушылардың шығармашылдығы мен ой-өрісін дамытушы факторы. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару-біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Осы талапқа жету мақсатымен мектебімізде «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының» вариативтік бөлімінен 1-сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты–оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға-мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын

элементтерін тиімді пайдалану қажет болып табылады. -ойын шынайы қарым-қатынас жағдайын туғызады, қарым-қатынас жасаушы адамдардың негізгі назары әңгіменің мазмұнында ғана болады, бұл ұғымды фактор;

-ойын тілді жан-жақты әлеуметтік қолдануда маңызды рөл атқарады, ол болашақ заңгер үшін пайдалы;

-ойын барысында оқушылардың бойында әңгімені бастау, қолдау керек жерінде әңгімелесуші адамды бөліп жіберу немесе оның пікірімен келісу бар назарын қоя отырып тыңдау, анықтайтын сұрақтар қоя білу және тағы басқа дағдылар қалыптасады. Ойын шеберлік мүмкіндіктерін ашады, олар оқушылардың танымдық және кәсіби қызығуларының қалыптасуына әсер етеді;-ойын тілді түсінбей есте сақтау емес, саналы түрде меңгеруге мүмкіндік туғызады, меңгеру ешбір күш салусыз болады, меңгерілген материал жадында ұзақ сақталады.Кәсіби тілдік қарым-қатынасты қалыптастыру үшін ойынды жиі қолдану тек тәжірибелік міндеттерді ғана шешіп қоймай, сондай-ақ тәрбиелік міндеттерді де шешеді.Ойын-жасқаншақ, сенімі жоқ оқушыларға мамандықтарына қатынасты сөйлеуге мүмкіндік беретін оңтайлы құрал.Сабақ-мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады. Әрбір сабақ оқу үрдісіндегі шешуші буын және ол оқытуды жетілдіру, қажетті технологиялық түсіндірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамудың керектігін талап ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс.Әрбір сабақтың негізі-оның заңдылықтары. Бүгіннен ертең жақсы оқытуымыз керек, бұл аксиома,сондықтан бірінші кезекте әрбір ұстаз білімін жан-жақты жетілдіріп отыруы тиіс. Екіншіден, шәкірттің психологиясына

айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оқытудың педагогикасына талдау жасап, оқыту әдістемесін жоспарлап, оны жүзеге асыруды ақыл-ой елегінен өткізіп «жеті рет өлшеп, бір рет кесіп» барып кіріскен жөн. Жалпы мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақты тартымды әрі қызықты етіп өткізу, сабақ сапасын арттыру пәнге деген қызығуын ояту. Осы орайда түрлендіру технологиясын пайдалана отырып өткізген сабақтардың ықпалы зор. Ондай сабақтар арқылы оқушылар арасында достық қарым-қатынас нығая түседі, ойлау қабілеті дамиды, пәнге қызығуы артады. Осындай мақсатты жүзеге асыру негізінде өткізген сабақтарымның үлгісін ұсынып отырмын. Әрбір сабақты оқыту мен түсіндіру бүгінгі күн талабына сай болу үшін ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру керек. Сабақтың тиімділігінің басты міндеті–уақыт, олай болса әрбір минутты ұтымды пайдалана білуі керек. Келесі маңызды бөлік: сабақтың мақсаты айқын болуы керек. Сонда 3 біріккен мақсат: оқыту, дамыту, тәрбиелеу сөзсіз сақталады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) стол үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар
Стол үсті ойындары
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
Дидактикалық ойындар
Оқушылардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Қозғалыс ойындары
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізуге болады.Оқушыларға берілген анаграмманы шешуге ұсынасыз:
woruyehao
hellohowareyouIamfineseeyougoodbye
Бұл жаттығуды да кез келген пән сабағында қолдануға болады. Оқушыларға керекті трафареттер мен қиынды қағаздар таратылады. Тақырып бойынша трафареттің ішіне сөздер жазылады. Мұғалім керекті тақырып бойынша айтқан сөздерді оқушылар қағазбен жауып отырады. Кімде бір қатарда ұзынынан немесе көлденеңінен сөздер жабылса, сол оқушы жеңіп шығады. Бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, біз олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек.