«АЙГӨЛЕК» ән би байқауы

«АЙГӨЛЕК» ән би байқауы

Байқаудың мақсаты бастауыш сынып оқушылар арасынан ән-би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, оқушыларды өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру.

Жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы — құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Айгөлек» ән-би байқауына қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Осы кезеңге 9 әншіміз, 6 бишілер тобы жолдама алған болатын, соларға жолдарыңыз ақ болсын демекпіз. Әділ қазы алқалары оқу ісінің меңгерушісі Шайзат мұғалім, , мектебіміздің психологы Асылзат мұғалім, мектебіміздің 11-сынып оқушысы Бекетова  Ақжарқын.  Ал ендікешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі байқауымыздың алғашқы  сөз кезегін  мектебіміздің басшысы  Бралин Абдиманат Саматұлына береміз.
Жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән – адам өмірінің тамаша бейнесі. Олай болса бүгінгі кешімізді  ән өнері сайысқа түсетін өнерпаздарымызбен таныс болыңыздар: 1-сынып оқушысы Бақдәулет 1 номерлі, 2-ші болып бірінші сынып оқушысы Гүлзат, 3 кезекте 2 сынып оқушысы Серікболсын, 4 кезекте 2-сынып оқушысы Арафат, 5 болып Ерасыл, 6 номерде 3 сынып оқушысы Әсемай, 7 номерде 3 сынып оқушысы Арайлым, 8 болып 4 сынып оқушысы Айғаным,9 номерде 4 сынып оқушысы Хадиша өнер көрсетеді. Ал енді би сайысы бойынша өнер кқрсететін өнерпаздармен танысайық. 1-сыныптың биші жігіттері, 2-сыныптың биші ұлдары, 2-сыныптың биші қыздары, 3-сыныптың биші аруы, 4-сыныптың биші қыздары.  Ендеше алғашқы жас өренімізге шақырмас бұрын бейне материалға назар аударайық. Сонымен алдарыңызда  1 сынып оқушысы Бақдәулет «Туған жер» әнімен. Қошеметтеп қарсы алайық.

Енді Бақдәулеттің ұпай сандарын білсек:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан –  дей келе 2 номерде өнер көрсететін 1 сынып оқушысы Гүлзатпен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Алдарыңызда 1-сынып оқушысы Гүлзат «Ақбұлақ» әнімен.

Енді Гүлзаттың ұпай сандарын білсек:

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті 2-сынып оқушысы Серікболсынға берейік. Алдымен экранға назар аударайық Алдарыңызда 2сынып оқушысы Серікболсын «Атамекен» әнімен.

Енді Серікболсынның ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір — бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құрқалма! — деп, 2-сынып оқушысы Арафатпен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Сонымен алдарыңызда 2-сынып оқушысы Арафат  «Қазақстан» әнін шырқайды.

Енді Арафаттың  ұпай сандарын білсек:

Жүргізуші:
Әннің әсері де әрқилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті 2-сынып оқушысы Ерасылға берейік. Экранға назар аударайық. 2-сынып оқушысы Ерасыл

«Алатау» әнімен.

Енді Ерасылдың ұпай сандарын білсек:
Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер  кеп  қалыпты,
Бір сәт зейін салайық – деп келесі кезегімізді 4 сынып оқушыларына береміз. Қошеметтеп қарсы алайық!

Енді біздің арулардың  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Арайлым келіп ортаға,
Бар өнерін төгеді- дей келе 3-сынып оқушысы Арайлымды Аққу биімен қарсы алайық.

Енді Арайлымның ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:

Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым – деп келесі кезекті 1сыныптың биші арландарын шақырайық . «Шекарашы сарбаздар» биі. Енді біздің арландардың  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:

Билер-билер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлем,
Көктем келсе гүл боп елге,
Мен де бірге түрленем,-деп 2-ші сыныптың ұлдарын ортаға «боз жорға» биімен қарсы алайық.
Енді біздің арландардың  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмағай.
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын жалғағай — деп, кезекті 3сынып оқушысы Әсемайдан алған сұхбатқа береміз. Алдарыңызда 3-сынып оқушысы Әсемай «Саржайлау» әнін орындайды.

Енді Әсемайдың  ұпай сандарын білсек:

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Арайлым шықсын ортаға,
Бүгін әнші атанбақ-дей келе Арайлымға кезек берейік. 3-сынып оқушысы Арайлым «Ғажап көбелек» әнімен.

Енді Арайлымның ұпай сандарын білсек

Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына, кең екен.

Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын

Өнерсіз қазақ кем де кем.- деп 4сынып оқушысы Айғаныммен жүргізілген сұхбатқа назар аударайық. Айғанымды «Табиғатым махаббатым» әнімен  қарсы алайық.

Енді Айғанымның ұпай сандарын білсекАл енді соңғы ән орындайтын оқушы 4 сынып оқушысы Хадишаны қарсы алайық. Хадишаның орындауында Сағындым Алматымды әні

Жүргізуші: Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Билейміз көңілді би  бәрімізде.
2сынып бишілері ортамызда
Халқына ән арнайды шапалақта-дей келе  2 сыныптың мың бұралған биші қыздарын шақырайық.

Енді биші қыздарымыздың  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:
Сән — салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
. Бұл мереке, бұл тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға 4 сыныптың биші қыздарын «Көңіл толқыны» биімен шақырамыз. Қане, қошеметтепқояйықағайын!

Енді биші қыздарымыздың  ұпай сандарын білсек

Осымен «Айгөлек» ән-би байқауы  өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл – қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.
Сын — шын, бағалау әділеттіболсын! Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Көріскенше күн жақсы болсын!!! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Қош сау болыңыздар!