Unit 6. Lesson 1.My Pet.

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы

«Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені» КММ-сінің

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Кабышева Назгуль Тусупкановна.

Form: 1 «а»

Тақырыбы:  Unit 6. Lesson 1.My Pet.

Мақсаты:Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту, “H h, I i” әріптерімен таныстыру, “I have a cat”-құрылымының қолданылуын түсіндіру.

Ауызша сөйлеу қабылеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер,интерактивті тақта,ойыншықтар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка.

Жоспар:

I.Ұйымдастыру.

II.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

III.Фонетикалық жаттығу.

IV.Өткен тақырыпты қайталау. «Кім жылдам!» ойыны.

V.Жаңа сөздермен таныстыру.

  1. “I have a cat”-құрылымын енгізу

VII. Let’s sing a song

VIII. “H h, I i”- әріптері мен және сол әріптерге қатысты жаңа сөздермен танысу

IX.Сергіту сәті

X.Оқушы дәптеріндегі жаттығуларды орындау

XI.Сабақты қорытындылау.

I.Барысы:

 

-Good morning ,children!

-I am glad to see you!  O’K.

  1. Слайд 1.The theme of our lesson for today is “My Pet “ Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті үй жануарым»-деп аталады.Яғни,ағылшын тілінде үй жануарларын атап үйренеміз.

Слайд 2.Мақсатымыз берілген жаңа сөздерді меңгеру,жаңа әріптермен танысу.

Very good!

III.Слайд 3. Look at the active board ,please and repeat it!

Look at the boy,

He has a toy.

Look at the girl,

She has a doll.

Хормен және жеке-жеке қайталату.

  1. Let’s play the game.

«Кім жылдам!» ойынын ойнаймыз. Өткен тақырыпты еске түсіру үшін мен сіздерге доп лақтырып, қазақша сөз айтамын,допты алған оқушы ағылшын тіліндегі аудармасын айтып,келесі оқушыға допты лақтырады.Осы ретпен жалғаса береді.Тек өткен сөздерден ғана сұрақ қоясыздар.

V.Слайд 4,5,6,7.Тыңдап-түсіну арқылы меңгерту.(Аудирование )

Look at the board and say:-What you can see in the picture?

Listen and repeat! It’s a dog. It’s a cat. It’s a  hamster. It’s a parrot.

VI .-Менің қолымнан қандай ойыншықты көріп тұрсыздар?- Мысық.-Өте жақсы!- Менің мысығым бар.Енді осы сөйлемді ағылшын тілінде жеткізу үшін I have-құрылымын енгіземіз.Мысалы: I have a dog. I have a two hamster.

I have a parrot. (хормен,жеке-жеке айтқызу) Слайд 8.

VII.-Шаршадыңыздар ма? Let’s sing a song.(Құлаққап арқылы тыңдату)

Listen and sing:

Hamsters and dogs,

Parrots and cats

They are all our pets.

VIII. Learn the new letters and new words. Listen:

Слайд 9,10.     H h,     I i

H is for horse,

I is for ice-cream

Ice-cream- балмұздақ

Horse- жылқы

  1. Сергіту сәті.

Stand up!

Hand up!

Hands down!

And sit down!

Excellent!

  1. Open your work books. Ex\s 1.

Әр сөйлемнен кейін әр жануарға қарама- қарсы шаршыға сандарды жазыңыздар.Сандарды сәйкес жануарға қарама-қарсы жазу керек.

Өте жақсы.

Ex\s 2.Say the number ,then colour

Қажетті жануарлар санын бояп,сандарды маған атап бересіздер.

Ex\s 3.Colour the horses with H h

яғни H h әрпі бар жылқыларды әдемілеп бояймыз

Тамаша!

Ex\s 5. Put the missing letters. Say the words.

O’K!

  1. Ал енді барлығымыз бірге өтілген әріптерді атап шығайықшы

Өте жақсы,әріптерді жақсы біледі екенсіздер.Мына ойыншықтарды ағылшын тілінде кім атап бере алады екен?

It’s a dog. It’s a cat. It’s a parrot. It’s a hamster.

Слайд 11.Сөйлем құрап айтып көр

Үйлеріңізде қандай жануар бар екендігін атап беріңіздерші?

I have a cat. I have a dog.

Very good! Well done!  Stand up! The lesson is over! Good bye!

Слайд 12.