Тоқылдақ .Дауыссыз д дыбысы

51

№7 сабақ  Сабақтың тақырыбы: Тоқылдақ .Дауыссыз д дыбысы

Сабақтың мақсаты  а) Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін  пысықтау.Тоқылдақ –орман сақшысы туралы түсінік бер.  ә)  Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау

қабілетін  қалыптастыру.  б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығына қарай         ажырата білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тоқылдақ  суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау, ережелерді еске түсіру. III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіӨткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау.

  1. Мақсат қою кезеңі— Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қандай құстар жыл құстарына жатады?
  2. Жаңа сабақ-Балалар, дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.Дауысты дыбыстарға нелер жатады?-Дауыссыз дыбыстарға нелер жатады?-Оқулығымызға қарайық

11-жаттығу Өлеңді оқып, көшіріп жазу

           Торғай

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Суретке қарап әңгіме құрастыру. Торғай, жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.12-жаттығуСөздерді қатесіз көшіріп жазу Суықторғай, қарға ,сауысқан, кекілік, тоқылдақ, шіл, құр, шағала, аққу.2. Сөздердегі дауысты дыбыстарды атау.

Сергіту сәті   Мәтінді оқу  Тоқылдақ.

Тоқылдақ ағаш діңінде отыр.Ол тұмсығымен діңді тоқылдатады.Ағаш қабығында құрттар, көбелектер, қоңыздар бар.Тоқылдақ сол зиянды жәндіктермен қоректенеді.Олардың жерге түскенін ұсақ құстар теріп жейді.Сондықтан тоқылдақорман емшісі деп есептелді.2.Тоқылдақты неліктен «орман емшісі»дейді?3. Құстардың тағы қандай пайдасы бар?

  1. Жаңа материалды пысықтау Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс туралы түсіктерін пысықтау

VII. Бекіту  кезеңіЖұмбақ, жаңылтпаштар .

VIII. Үйге тапсырма