Қазақстан — әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі

120

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан — әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Қазақстанның әлем картасында алатын географиялық орыны, жер көлемі, бүгінгі  халықаралық  беделі туралы  түсінік беру

Дамытушылық : Пән бойынша жасақталған жалпыға міндетті білім стандарттарының мазмұнын ақпараттық құралды пайдалану арқылы бере отырып, жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік : Оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, Оқушыларды өз елін жерін қорғау парызы екенін ұғындыра отырып елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың міндеттері :

Тақырып бойынша алған білімдерін нақтылау, тарихи фактілермен жұмыс жасай білуге дағды қалыптастыру

Оқу – тәрбие процесіне ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ізденушілік және оқу – әдістемелік жұмыстарын жүргізу

Сабақта компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану, оның мүмкіндіктерін жаңа материалды баяндауға, баяндалған материалды бекітуге пайдалану

Сабақтың типі :

Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың түрі :

Мультимедиялық сабақ

Сабақтың әдісі :  хабарлау, оқу, слайдпен алгоритм бойынша жұмыс, практикалық жұмыстар – картамен жұмыс, сұрақ – жауап, тестпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі : кешендегі суреттер, карталар, кестелер

Пәнаралық байланыс:  география, дүние жүзі тарихы

Күтілетін нәтиже:

  • тақырыпқа сай білімді тек оқулықтан ғана емес қосымша мағлұматтармен алады ;
  • қызығушылығы артады ;
  • ақпаратты мол алу арқылы білім сапасы көтеріледі :
  • білім беру мазмұны жаңарады.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Жаңа сабақ:

Мұғалім :  Бүгінгі сабақтың мультимедиялық электрондық түрде болатынын хабарлау, оқушыларды түгелдей өз компьютерлеріндегі  слайдты ашып жұмыс түрімен таныстыру, алдарына түсінік хат беру

САбақ барысында мұғалім  ілеспе түсіндірме жүргізіп отырады.

1 слайд : Қазақстан — әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі

Теориялық бөлім :

  1. Қазақстан әлем картасында,
  2. Қазақстан – Еуразия кіндігі,

З. Тәуелсіздік шежіресі,

Бейнелер: Жер шары ,  Н.Ә.Назарбаев портреті,  ҚР рәміздері, ҚР Конституциясы,

Иллюстративтік бейне:

Астана, Тәуелсіздік монументі, Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ хатшысы Пан ГИ Мунмен кездесуі, Астана саммитінен көрініс, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің тулары , Қазақстан теңгесі берілген.

Осы компоненттерді басу арқылы оқушылар жаңа сабақ бойынша  толық мағлұмат алады.

Жаңа сабақты бекіту:

Практикалық бөлім :

Оқушылар бұл бөлімде  берілген тапсырма, тест, сұрақтарға жауапты компьютер көмегімен жүргізеді.

 

 

Тапсырма :

Қазақстаннның контурлық картасына облыстарды белгілеп шығу, өз жауаптарын тексере алады. Қолмен жазған жұмыстарын сақтау

Тест :

  1. Қазақстан Республикасы шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым ?

А. 3000 В. 15000  С.51000 Д.8000

  1. Қазақстан 1992 жылы 2 – наурызда қандай ұйымға мүше болды?

А. ЕҚЫҰ  В. Ислам Конференциясы ұйымы  С. БҰҰ  Д. Шанхай бестігі

  1. Қазақстан Республикасы қанша облыстан тұрады?

А. 14  В. 15  С.19  Д. 16

  1. 1922-1991 жж Қазақстан қай мемлекеттің құрамында болды?

А. Ресей  В. КСРО   С. Өзбекстан  Д. Қырғызстан

  1. 2005 жылы қаңтар айында Қазақстан қай елмен шекараны бекіту туралы шартқа қол қойды?

А. Қырғыз  В. Түркімен   С. Қытай   Д. Ресей Федерациясы

  1. Қазақстанның астанасы Ақмоладан бұрын қай қала ?

А. Орал   В. Алматы   С. Атырау   Д. Қызылорда

  1. Қытай, Ресей, Қазақстан, Монғолия мемлекеттері террриториясында орналасқан  тау

А.Памир В. Тянь – шань  С. Алатау  Д. Алтай

  1. Қазақстан жер көлемі жөнінен әлемде нешінші орын алады ?

А. Беесінші  В.  Төртінші  С. Жетінші  Д. Тоғызыншы

  1. Қазақстан қай құрлықта орналасқан

А. Африка  В. Азия    С.  Еуразия   Д. Еуропа

  1. Қазақстан шығысында қай мемлекетпен шектеседі?

А. Монғолия   В. Қытай   С. Өзбекстан   Д. Ресей

 

 

Сұрақтар : Оқушылар өз жауаптарын жазып болғаннан кейін жауапты сақтап көруге мүмкіндіктері бар

  1. Қазақстан тәуелсіздігіне биыл неше жыл?
  2. Қазақстан дүние жүзіне қандай кенімен белгілі?
  3. Қазақстандағы ең биік жер?
  4. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті
  5. Байқоңыр ғарыш айлағы қай облыста орналасқан?
  6. Қазақстан территориясы қай мемлекетпен көп шектесіп жатыр?

Қорытынды :

Оқушылар тапсырма, тест, сұрақтарға берген жауаптарымен бағаланады

Мұғалім сабақты Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзімен  аяқтайды.

 

Үйге тапсырма : «Әлемге аты мәшһүр менің» елім атты шығарма жазып келу

 

 

 

Түсінік хат

 

Жұмағалиева А. А.

Қаратөбе мектеп — гимназиясы

Қаратөбе ауданы

Батыс Қазақстан облысы

 

«Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі» атты сабақпен жұмыс жүргізу әдісі

 

Төмендегі кестеде презентацияны қолдану үшін нұсқау мен түсінік көрсетілген

 

Бастапқы слайд

«Қазақстан – әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі»

Бұл беттегі әрбір компонент сабақты игеру үшін ұсынылған. Әрбір элемент басу арқылы теориялық  материалды қарауға практикалық және тексеру тапсырмаларын орындауға арналған.
«Қазақстан әлем картасында» бөлімі  Бұл бөлімді басқанда мәтін бет ашылып, оны оқығаннан кейін оңға стрелкасын басу арқылы Қазақстанның әлем картасындағы орнын, одан бұрынғы территориясы үлкен елдер туралы ақпарат алуға болады.
«Қазақстан – Еуразия кіндігі» бөлімі Бұл бөлімді басқанда Қазақстанның географиялық орыны, онымен шектесетін мемлекеттер туралы ақпарат алады.
« Тәуелсіз ел Қазақстан» бөлімі «Тәуелсіздік шежіресі» берілген. 20 жылдағы жетістіктер тізбесі
«Суреттер»

Жер шары

Н.Ә.Назарбаев, ҚР Елтаңбасы, ҚР Туы,

ҚР Конституциясы,

Пейзаж

Бұл суреттерді басқанда осы бейнелер туралы теориялық білім беріледі. Елбасы өмірбаянынан , Ата Заң баптары, Елтаңба мен Ту, оның авторлары  туралы мағлұмат берілсе Пейзажды басқанда тақырыпқа қатысты бейне суреттер берілген.
Әрбір слайдта оңға, солға , келесі сияқты белгілері берілген.

 

Тапсырма. Мұнда Қазақстанның контурлық картасына облыстарды белгілеу тапсырмасы берілген. Кейіннен өз жауабын тексеру үшін қосымша берілген.

Сұрақтар. Бұл жерде сұрақтар берілген. Оқушылар өз жауаптарын жазып барып жанындағы  дөгелекшелерден тексеруге болады.

Тест. Мұнда оқушыларға 10 тест сұрағы берілген. Орындап болғаннан кейін қорытындысы шығады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 – сынып оқулығы
  2. ҚР Конституциясы 1995 жыл 30 — тамыз
  3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. «Атамұра» баспасы 2005 жыл Аяған Б. Ғ., Шәймерденова М. Ж.
  4.  Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған сөзінен үзінді
  5. Қазақстан контурлық картасы
  6. Тәуелсіздік шежіресі   М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университеті Ғылыми кітапханасы баспасы 2011 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім туралы ақпарат

  • Мұғалімнің аты-жөні:

Жұмағалиева Алмажан Жасұланқызы

  • Туған жылы 1976 жыл 24 қазан
  • Білімі: Жоғары, БҚГУ, 1998 жыл
  • Мамандығы: Тарихшы-архивтанушы
  • Еңбек өтілі: 14 жыл
  • Біліктілік санаты: І біліктілік санатты тарих пәнінің мұғалімі
  • Білім жетілдіруі: БҚОПКБАҚДИ, 2003 жыл, «Қоғамдық пәндерді оқытудың педагогикалық негіздерін диагностикалау»
  • ББЖКБАРИ, «Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын бағдарлап оқыту» Куәлік №  0036704  Алматы,  2007 жыл
  • ҚазОА, RWST жобасы бойынша курс, Қатысушы сертификаты, 2005 ж
  • Жетістіктері: Облыстық «Гуманитарлық пәндерде АКТ-ны қолдану шеберлігі» байқауының ІІІ орын иегері 2008 ж
  • Марапаттаулары: Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы, 2007 ж
  • БҚО БД-нің Құрмет грамотасы, 2007 жыл, 2011 ЖЫЛ
  • Қаратөбе аудан әкімдігінің «Алғыс хаттары» 2010, 2011 жж
  • Оқушы жетістіктері : Облыстық пән олимпиадасы Қазақстан тарихы Өміралиева Т.М. 10 – сынып оқушысы ІІ орын2007- 2008 оқу жылы, Майданов А.Б. 11 – сынып оқушысы БҚ Білім басқармасының алғыс хаты, Республикалық Тәуелсіздіктің 20 – жылдығына арналған фестиваль І орын жеңімпазы Майданов Ринат 23-25 .ХІ. 2011 жыл
  • Баспасөз беттерінде: «Жайық ұстазы» газеті 27 мамыр 2009 жыл № «Ізденіске қалай баулуға болады» мақаласы
  • «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы : №6, 2011 жыл 5 – сыныпқа өткізген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері» сабақ жоспары