Дауыссыз дыбыс әріптері (20-21 жаттығулар) Түйе. Ботақан

№12 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс әріптері (20-21 жаттығулар)Түйе.Ботақан

Сабақтың мақсаты  Оқушылардың дауыссыз дыбыс әріптері және төрт түлік туралы алған білімдерін кеңейту.Түйе , ботақан туралы білімдерін толықтыру.  ә)  Оқу жылдамдықтарын дамыту, сөйлеу тілдерін  дамыту, сөздік қорын молайту. б) Төрт түлікті сүюге, малды қастерлеуге, тәртіпті болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер, дауыссыз дыбыс әріптері, қима карточкалар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу

Үй тапсырмасын тексеру1/Үйге берілген 19-жаттығуды талдау, қателерін тексеру.2/ Дауыссыз дыбыс әріптерін жатқа сұрау.  3/« Төлді қалай шақырады?»өлеңін мәнерлеп оқыту.

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіОқушыларға үлестірмелі карточкалар тарату, карточкалардағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

  1. Мақсат қою кезеңіБіздің тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар туралы түсінікті жаттығулар барысында кеңейту.Төрт түліктің бірі түйе мен оның төлі ботақан туралы білетін боласыңдар.
  2. Жаңа сабақ20-жаттығу.(тақтаға орындау)Сөйлемдерді көшіріп жаздыру.қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыс әріптерін тауып астын сызғызу.Түйе боздайды.Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.жылқы кісінейді.21-жаттығу (Өз беттерінше орындау).Сөздерді оқыту.берілген сөздерден Қай мал қайтеді? Деген сұраққа жауап беретін сөйлемдер құрастырып жаздыру.Үлгі: Түйе боталайды.Жылқы құлындайды.Сиыр бұзаулайды.Қой қоздайды.Ешкі лақтайды.Түйе, ботақан мәтіндері арқылы әдеби мәтін тапсырмаларымен жұмыс жүргізу.мәтіндерді оқып беру, түсіндіру.Мәтін авторы  Фариза Оңғарсынова туралы мағлұмат беру.-Әкелерің мен шешелерің сендерді неліктен «Ботм», «Ботақаным» деп еркелетеді?-деп ойлайсыңдар?Сұраққа жауап алу.
  3. Жаңа материалды пысықтау

Сұрақ-жауап арқылы  1/Дауыссыз дыбыс әріптерін атаңдар  2/Дауысты дыбыс әріптерін атаңдар?  3/Төрт түлік туралы жеке-жеке сұрақ  4/Түйе туралы сұрау.Ботақан деген не?

VII. Бекіту Сөздік диктантын жаздыру.Сөздердегі дауысты дыбыстардың астын  екі рет, дауыссыз дыбыстардың астын бір рет сыздыру.

VIIIҮйге тапсырма, бағалау 1.Түйе мәтінін оқу,әңгімелеу. «Ботақан» өлеңін мәнерлеп оқу..Өткен тақырыптарды қайталау.Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.