Жылқы. Қазақ алфавиті.

№13 сабақ Сабақтың тақырыбы: Жылқы. Қазақ алфавиті.

Сабақтың мақсаты  а) Оқушыларға қазақ алфавиті туралы түсінік беру.Төрт түліктің бірі-жылқтуралы түсініктерін кеңейту.ә)  Сөйлеу тілдерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.Оқу жылдамдықтарын дамыту.б) Әдемі жазуға,тазалыққа, тыңдай білуге үйрету.Төрт түлікті күте білуге рету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: алфавит, суреттер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

 I.Ұйымдастыру кезеңі  Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу

II.Үй тапсырмасын тексеру«Түйе» мәтіні бойынша түсінгендерін сұрау.«Ботақан» өлеңін мәнерлеп оқыту.

III . Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі«Құстарды жемсауытқа орналастыр» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Әр құстың артында қайталау сұрақтары жазылған.

IV   Мақсат қою кезеңіБіздің бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ алфавиті» және төрттүліктің бірі «Жылқы» малымен танысамыз.Қазақ алфавиті туарлы және Жылқы малы туралы жан-жақты білетін боламыз.

V.Жаңа сабақҚазақ алфавиті туралы түсінік беру, көрсету.Қазақ алфавитінде 42 әріп бар.Алфавитте әрбір әріптің аты аталып, орын реті белгіленген.

22-жаттығу.Алфавиттегі әріптерді ретімен оқыпжаттату.Алфавитте дауыссыз дыбыс әріптерінің қалай оқылатынын айтқызу.Алфавиттегі а,е,ә әріптері арқылы оқылатын дауыссыздарды топтап айтқызу.Қай таңбалардың оқылмайтынын сұрау.

«Жылқы» әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу.мәтінді оқып беру, түсіндіру.

VI .Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Сұрақ-жауап арқылы Алфавит деген не?Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?Түйе туралы не білесіңдер?Жылқы туралы не білдік?

VII. Бекіту Сөздік диктант жаздыру.Сөздерді алфавит ретімен жазып көр.

VIII.Үйге тапсырма, бағалау Алфавитті жаттау Жылқы мәтінін оқу

сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай бағалау