Тарих сабағында оқушылардың топтық ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары

104

Тарих сабағында оқушылардың топтық ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары

Тақырыбының өзектілігі:

Жас ұрпақтың өз елінің өткен дәуірлеріндегі тарихи оқиғалардың маңызын түсінуге, қазіргі ел тағдырын тарих болып қалуына өз үлестерін қосуға бағыттау, жолдарын көрсету.

Педагогика саласындағы озық тәжірибелерді қоғамтану пәндерін оқыту да пайдалана отырып, оқушы бойындағы дарындылық, ерекшелік қасиеттерін анықтау, сол арқылы күнделікті мектеп қабырғасында тарих пәнінде оқып игеріп отырған материалды сан ғасырлардағы тарихи фактілерді пайдалану үшін шағын топтарда ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру арқылы  қазіргі қоғаммен салыстыра келе өз көзқарастарын нақты қалыптастыруда: тарихи фактілермен, саяси оқиғалар, мәдени, эконмикалық даму жолдары арқылы жеке тұлғаның өмір жолына нық қадам басуына бағыт көрсету болып табылады .                                                                                                                        Мақсаты —  Жаңартылған технологиялардың элементтерін пайдалану арқылы тарих сабағында топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ету. Сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу жоспарланғандығын және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамту, талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту .

Өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру , оқушыларға өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйретемін.

 

Міндеттері Шешу жолдары  Нәтижесі
Тәжірибеде жүзеге асыру Әр сабақта топтық

жұмыс жасау ережесін қолданудан бастау

Оқушылар топ ережесімен уақыт үнемдеумен жұмыстанады
Сабақта ойын элементтері пайдалану Топпен бірігіп ізденушілік,зерттеушілік бойынша жұмыстанады Ынтымақтастық атмосфера қалыптасады,тарихи деректермен бөлісіп жұмыстанады
Сыныптағы жас ерекшелігіне  қарай Деңгейлік

тапсырмалар

орындау

жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының ынтасына да көңіл аударылады.
Карта қолданудың маңызы Карта арқылы

мемлекетті

анықтау

Тарихи картаны оқи білуге, елдің географиялық орнын ,басты оқиғаларды байланыстырып  анықтауға үйренеді
Жеке жұмыс Тарихи тұлғаларға

сипаттама

Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор.
Өзін-өзі реттеу Маңызды дағдыларды

және түсініктерді

дамыту

 

топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін күрделі  жағдайларды шешу
Бағалау әдісі Топтың жекелеген

мүшелерінің білімі

мен тәжірибесіне сүйену арқылы бағалау парағын пайдалану

 

Топ басшысы бағалау өлшемдерді арқылы тапсырмалардан кейін белгілеп отырады, топ мүшелері бірігіп нәтижесін шығарады.

Сабақты ұйымдастыруда:

1.Оқылатын тақырыпты зерттей  отырып, стратегияларды таңдап алу;

2.Оқушыларды бағалауда өлшемдерін құрастыру

  1. Оқушылардың сөйлеуіне, ойлауына жағдай жасау;
  2. Өз ойларын көркем сөзбен жеткізуге дағдыландыру;
  3. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін үнемі назарда ұстау;

Жұмыстың жүргізілу бағыты

  1. Жоспарлау
  2. Іс-әрекет
  3. Бақылау
  4. Ойластыру
  5. Бағалау

Алған білімдерін дамыту мен сөйлеуде, есте сақтай отырып, тапсырмалар орындау 

Құрылымы:

  1. Оқушы үні – топтағы оқушылар өздерінің көзқарастары мен пікірлерімен бөлісіп , жұмыс барысын анықтайды.
  2. Топтық зерттеушілік – оқушылар сыныпта шағын топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды өз топтарымен зерттеп , жинақтап , қорытындылайды.
  3. Деректермен жұмыс – тарих басты оқиғаларға,мемлекеттің қалыптасуы,жеке тұлғаға қатысты мәліметтерді жинақтау барысында газет-журналдар мен мұрағат, мұражай деректерін қолданады.
  4. Жоба құру, қорғау – әр  топ берілген тақырыптар бойынша жоба құрып, топтар алдында қорғайды.
  5. Рефлексия – оқушылары жұмыстарын қорытындылап , өз топтарымен жұмыс  соңында  есеп береді.

  Жұмыстың жаңашылдығы:

Оқушы меңгереді :

  1. Интеллектуальдық қабілеті (ақпаратпен жұмыстанып, талдау, қорытынды, нәтиже жасайды)
  2. Шығармашылық қабілеті (өз идеясын ұсынып, шыңнан көрінеді)
  3. Коммуникативтік қабілеті (пікір таласқа қатысуы, өзгелерді тыңдай білуі, өз пікірін қорғау,өзгелермен ортақ шешімге келуі)

Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан тарих сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрлерін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек.

Мен тарих сабақтарында топпен  оқыту әдісін қолданамын. Өйткені топқа бөлініп оқу сынып ішінде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады, оқушылар бірлесіп топ ережесін құрады,соған бағынады, оқушылардың әр тақырыпты меңгеруі әр түрлі деңгейде болады. Сол себепті жұптық, топтық жұмыс бұл пәнге сай келеді. Сабақта тақырыптың мәнін ашып, тарихи фактілерді дәлелдеу үшін әр түрлі тәсілдерін пайдаланғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыруға болады. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының ынтасына да көңіл аударылады. Соңында жаңа материалды ғана емес, ненің ұнағандығын, қандай тәсілдердің қолайлығын да талқыға салып отыру керек.

Деңгейді саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға әкеледі. Сонымен әр деңгейлік оқыту жүйесінің тарих пәнінің сапасын арттырудың бірқатар тиімді жақтары бар.

Біріншіден, топтағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады.

Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады.

Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор