ХҮІІІ ғасырдағы сауданың дамуы

61

ХҮІІІ ғасырдағы сауданың дамуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ХҮІІІ ғасырдағы сауданың дамуының ерекшеліктерімен таныстыру,оларға бұл процестің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық,экономикалық және мәдени байланыстар дамуымен тікелей байланысты екенін,оған қоса сауданың отаршылдық сипатын,базардағы тауардың сапасын  және ірі сауда орталықтарының таралуын түсіндіру.
  • Оқушылардың логикалық ойлау машығын ,танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрету;
  • Бірін – бірі түсінуге,жауапкершілікке тәрбиелеу;

Негізігі түсініктер: Коммерция,тауар-ақша қатынастары,айырбас,сауда,сауданың отаршылдық сипаты,жәрмеңке,өсімқор,пайда,сауда.

 

Үй тапсырмасын сұрау: Оқушылардың алдыңғы өтілген тақырып бойынша білімдерін өздігінен жұмыс істету арқылы  тексеремін

                           І-нұсқа                                  ІІ -нұсқа
1-тапсырма

Сырым  Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының  1783-1797 жылдардағы  көтерілісі  алғышарттары мен себептері қандай?

2-тапсырма

Барон  Игельстром  Кіші жүзді басқаруда қандай өзгерістер  енгізді ?

1-тапсырма

—         Көтеріліс мақсаты қандай? Қозғаушы күштер және сипаттамасы  қандай?

2-тапсырма

—          Көтерілістің әлсіреуі,жеңілуі және маңызы .

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Қазақтардың Жоңғариямен саудасы.
  2. Қазақ-орыс саудасы.
  3. Ірі сауда орталықтары.
  4. Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасы.
  5. Қазақ-қытай саудасы .
  6. Қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен саудасы

Тақырып оқушыларға таныс,сондықтан сабақты еркін тәсілдермен өткізген жөн.Сабақ-жәрмеңке ұйымдастыру.Алдымен оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық машығын дамыту, ұжыммен жұмыс істеуге, өз көзқарасын қорғауға, ел алдында дұрыс сөйлеуге үйрету үшін практикалық жұмыс ұйымдастыру керек.

Мына терминдердің (карточка) мәнін түсіндіріңдер:

 

Тұтынушыға

арналған тауарлар;

айырбас сауда;

ақша(монета) сарайы

Өсімқор тұтынушы

Ақша айналымы

Пайда

Көпестік гильдия

Өндіруші

Тауар-ақша қатынасы

Жәрмеңке

Тауар

 

Сабақ кезінде оқушыларды сауда қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып,оқушылардың жауабына сүйеніп,төмендегі кестені толтырамыз:

Сау-

да-

сат-тық

 

1.Қазақтар тауар ретінде не сатты?

 

…………………………………………

2.Қайда,кіммен сауда жасады?

 

…………………………………………

3.Не сатып алды (Қандай тауарларға қажеттілік болды?)

 

 

 

Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып,қазақтардың көпестерден не сатып алғаны жөніндегі кестені толтырыңдар.

Қазақ хандығының көрші

мемлекеттермен сауда қатынастарының

дамуы

 

 

Жоңғар хандығы

Ресей империясы

Қытай

Орта Азия мемлекеттері

 

 

 

Сабақты бекіту:

  1. Қазақ-орыс айырбас саудасының ерекшеліктері неде?
  2. Негізгі сауда орталықтарын атап,картадан көрсетіңдер.
  3. Абылай Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасын дамыту үшін қандай рөл атқарды?
  4. Қазақ-қытай саудасы қандай оқиғаларға байланысты дамыды?

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма:

1.Тақырыпты оқып,кестені толтырыңдар.

 

Мемлекеттер Қазақстанға әкелінген тауарлар тізімі Қазақстаннан шығарылған тауарлар тізімі Сауданың маңызы мен ерекшелігі
Жоңғария

Ресей

Қытай

Орта Азия мемлекеттері

 

 

2.Сендер қазіргі ТМД елдері арасындағы сауда қатынастарының сипаты  жөнінде не айта аласыңдар?.