Құқықтық сауаттылық-заман талабы

84

Құқықтық сауаттылық-заман талабы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

Дамытушылық – оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік – Конституцияны т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Мемлекеттік әнұранды орындау.

ә) Оқушыларды екі топқа бөлу: І топ. «Әділет»

ІІ топ. «Ақиқат».

б) Әділқазылар алқасын тағайындау.

в) сайыстың мақсаты мен мазмұнымен таныстыру.

 

Кіріспе.

Еліміз тәуелсіздігін алып,бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылдаған негізгі заңы ел дамуының компасы болды. Мемлекет дегеніміз – белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол халық ұлтының төл Конституциясының қабылдағанына 16 жыл толып, 17-ші жылға қадам басып отыр. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылдаған. Осы декларация қабылданғалы жыл сайые 10-желтоқсанда «Адам құқықтарының күні» аталып өтіледі.

Биылғы жылы еліміз үшін Қазақстанның алдағы уақытта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтың ұйымына төрағалық етуге сайланумен жас мемлекетіміз тарихында жарқын бет болып жазылатындығы күмәнсіз.

Әлемдік қауымдастықтың құрметіне бөлену әрине оңай іс емес. Осы жылдар ішінде Қазақстанымыздың қандай жолдан өткендігі көз алдымызда, оны барша жұрт та жақсы біледі. Көпті көрген аға буын өкілі ретінде еліміздің қуаты берік, іргесі бекем бола түсуі – бірлігіміздің арқасы. Сол бірлікті ту етіп көтерген Қазақстанымыздың беделі өсе бергей.

 

 

Негізгі бөлім

 

Сайыс жоспары:

 

  1. Таныстыру (Топ аты, өмірлік ұстанымы, топ төсбелгісімен таныстыру)
  2. Тікелей сұрақ «Бәйге» ( әр топқа 10 сұрақтан)
  3. Тапқырлық (тест сұрақтарына жауап беру)
  4. Ой талқы (Берілген сұраққа әр топ өз тұжырымдарын білдіру керек.
  5. Адасқан әріптерді орналастыр.
  6. Ой жалғау кезеңі ( Сөздің жалғасын табу)
  7. «Ой елегінен өткіз» кезеңі
  8. Білімді тиянақтау
  9. Қорытынды.

 

1-жүгізуші:

Туған жерім күн санап әсемденіп,

Көз тартады көркімен әсер беріп,

Ата заңым елімнің мақтанышы,

Бірге есейген халқыммен бекемденіп.

Еңбек, тыныс, тіршілік жарасқандай,

Бір қазанда қайнаған толас болмай.

Асқақтаған желбіреп көк байрағым,

Өршіл бейнең аспанмен таласқандай.

 

Жаса мәңгі тәуелсіз арысты елім,

Ата заңмен әрқашан табысты едің.

Соның бәрін дамытып кең даламда,

Болашағың болсын тек Барыс сенің!

 

2-Жүргізуші:  Құрметті ұстаздар және оқушылар!

Мемлекетіміздің ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» — деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» айдарымен ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

 

 І бөлім «Таныстыру»

Әр топ атын, топ ұранымен, топ төсбелгісін таныстырып өтеді.

 

1-жүргізуші: Топтың аты: «Әділет»

2-жүргізуші: Топтың аты: «Ақиқат»

 

ІІ бөлім Тікелей сұрақ «Бәйге»

 

«Әділет» тобының сұрақтары. «Сенат» ұяшығы

  1. Конституция сөзінің аудармасы қалай?
  2. ҚР мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы.
  3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?
  4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да конституция қанша рет қабылданды?
  5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата?
  6. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады?
  7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды?
  8. Құқық дегеніміз не?
  9. ҚР конституциясы неше бөлімнен және қанша баптан тұрады?
  10. 17-желтоқсан қандай күн?

 

«Ақиқат» тобының сұрақтары. «Мәжіліс» ұяшығы

 

  1. Еліміздегі мемлекеттік тіл?
  2. ҚР «Баланың құқықтары туралы заң» қай жылы күшіне енді?
  3. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді.
  4. Дүниежүзіндегі тұңғыш конституция қай жылы пайда болды?
  5. Адам құқығының жалпыға бірдей тдекларациясы қашан қабылданды?
  6. ҚР-ның « Мемлекеттік нышандары» туралы заңы қай жылы қабылданды?
  7. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы?
  8. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды
  9. ҚР-дағы «Бала құқықтары» туралы заң қанша тараудан тұрады.
  10. ҚР-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды?

 

1-жүргізуші:

1) Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы.

Б. Момышұлы.

2) Әділ адамның адамгершілік қасеттері заңды жоқтатпайды.

Менендер.

 

3) Заң адамды бағындырады.

Т. Фуллер.

 

2-жүргізуші:

1) жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

Ғ. Мұстафин.

 

2) Халық заңды өзінің тірегі, өзін күзетін қабырға – дуал ретінде қорғауға тиіс.

Гераклит.

3) Заң адамдардың тәжірбиесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғарғы көрінісі болып табылады.

С. Джонсон.

 

 

 ІІІ бөлім «Тапқырлық»

                  Тест сұрақтары

  1. Тауар деп нені атаймыз?

а) айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім.

ә)  адамның өндірісті ұйымдастыру қабілеті.

б) жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ерекше тауар.

в) айналыс құралы

г) капиталды сату және мұраға қалдыру құқығы.

 

  1. Қай ғасырда құқықтық мемлекет құру және қоғамда құқықтық жағдайлар қалыптастыру негізінде экономикалық және саяси биліктерді бөлісу үдерісі басталды?

а) ХІХ

ә) ХVІІІ

б) ХV

в) ХVІ

  1. Сұраныс сызығы?

а) Х

ә) P

б) D

в) S

г) G

  1. Нарыққа қатысушылардың арасындағы жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас не деп аталады?

а) монополия

ә) тауар

б) бәсеке

в) меншік

г) ақша

  1. Ақша негізінен қанша түрлі қызмет атқарады?

а) 6

ә) 2

б) 4

в) 3

г) 1

  1. Демократия дегеніміз не?

а) саяси өмір өиіп жататын және мемлекеттік билік жүзеге асырылатын институттар жүйесі.

ә) адамдардың бұқарамен, қоғамдық бірлестіктермен бағытталған қызметінің ерекше түрі.

б) қоғамның тірегі, оның алғашқы ұясы.

В)халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы.

г) тәуелсіздігін сақтай отыфрып, өздерінің кейбір әркеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттер.

  1. Құқық дегеніміз не?

а) адамдардың бұқарамен, қоғамдық бірлестіктермен бағытталған қызметінің ерекше түрі.

ә) қоғамның тірегі, оның алғашқы ұясы.

б)халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы.

в) тәуелсіздігін сақтай отыфрып, өздерінің кейбір әркеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттер.

Г)мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

ІV бөлім «Ой талқы»

Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді. (Уақыт 3 минут)

 

І топ «Әділет»

Тақырып: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

ІІ топ «Ақиқат»

Тақырып: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

V бөлім «Адасқан әріптерді орналастыр»

 

  1. ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы.
  2. АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі.
  3. ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы.
  4. УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім.
  5. АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат.
  6. РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы орган.

 

VІ бөлім «Ой жалғау»

 

«Әділет» тобы

  1. Заңның құрығы…….. (бәрінен ұзын)
  2. Өш алғаннан ………… ( кешірген жөн)
  3. Тура биде ……………….( туған жоқ)
  4. Ақырын жүріп ……….. ( анық бас)
  5. Асыл тастан ……………. ( өнер жастан)

«Ақиқат» тобы

  1. Ұрлық түбі ————- (қорлық)
  2. Жазасын тартпайтын…….(жамандық болмайды)
  3. Әдепті бала………………(арлы бала)

Әдепсіз бала……………..( сорлы бала)

  1. Тәрбие ……………………..( отбасыдан басталады)
  2. Әділ істің ………………….( арты игі)

VІІ бөлім  «Ой елегінен өткіз» кезеңі

Ойлан, артығы бар ма? Тапсаң сызып таста.

 

  • Оқушы неге құқылы?

Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.

 

  • Оқушы неге міндетті?

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға.

VІІІбөлім «Білімді тиянақтау»

  • Сәйкестендіру кестесі.
  • Ситуациялық жағдаят.

Сұрақ                                                                      Жауап

1.Қ.Р. БҰҰ-на қай жылы мүше болды?              1995ж.25 маусым

2.Қай жылдары Конститутцияға өзгертулер

мен түзетулер енгізілді ?                                       1989 ж 20 қараша

3.Жаңа ән-ұранымыз “Менің Қазақстаным”

қай жылы қабылданды ?                                          2002 ж 8 тамыз

  1. Мемлекеттік Тудың авторы ? 1992 ж наурыз
  2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы ? 2006 ж қаңтар
  3. Қ.Р-дағы баланың құқықтары туралы

заң қашан қабылданды  ?                                           Ш.Ниязбеков

  1. Бала құқықтары туралы конвенция

қашан қабылданды ?                                              +1998 – 2007 ж.ж.

8.“Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге

асыру жөніндегі шаралар туралы”                       Ж. Мәлібекұлы ,

жарлық қай жылы шықты?                          Шот-Аман Уәлиханов

 

2) Ситуациялық жағдаят.

 

  • Сен өте асығыссың, себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің?

 

  • Бүгін анаң жақсы көретін тағамыңды жасап берді. Сен отыра қалып іні-қарындастарыңмен қосыла жедің де, даладағы ойынға қарай жүгірдің.

Сен нені ұмыттың?

 

 

Қорытынды. (Әділқазылар алқасының қорытындысы).

 

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Сауатсыз деп жазғырған.

Ата-баба ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан жанымыз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Сақталды міне дәстүр, салтымыз, — деп бүгінгі «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» сайыс сабағын аяқтай келе әділқазылар алқасынан әділ бағасын сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

Топтың аты Таныстыру Бәйге Тапқырлық Ой талқы Адасқан әріптер

 

Ой жалғау Ой елегінен өткіз Білімді тиянақтау
1 Әділет
2 Ақиқат