С/тақырыбы: САҚТАР

54

С/тақырыбы:      САҚТАР

 

С/мақсаты:         А)  Оқушылардың 2-тарау бойынша ,яғни сақтар туралы алған білімдерін

қорытындылау, еске түсіру.қайталап пысықтау.Қосымша дерек

көздері арқылы білімдерін толықтыра түсу.

 

Ә)Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке,үлгі тұта

білуге,бірлікке, адамгершілікке, ерлікке,күрескерлікке,қасиетті

мұраларымызды бағалай білуге ,өз ұлтымен мақтана білуге тәрбиелеу.

 

Б/Оқушылардың ойлау, сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сақтар мен

қазақ  ұлтын салыстыру арқылы оқушыларды өз ойларына қорытынды

жасай білуге дағдыландыру.

С/типі:              Қортындылау,бекіту

 

С/түрі:             Дәстүрлі емес

 

С/әдісі:           Саяхат сабақ

 

С/көрн:           Алтын адам және өзге де сақ ескерткіштерінің суреттері,слайд,тәуелсіздік

монументі,әнұран,ОБСЕ туралы видеоролик

 

С/барысы:      1.Ұйымдастыру

  1.   «Сәт сапар!» ( билет сұрақтары)

3.Мұражайға саяхат

1,2,3,4-зал тапсырмалары (әр залдан кейін қорытындылау)

4.Қорытынды

5.Бағалау

6.Үйге тапсырма беру

 

1.Оқушылармен амандасу,түгендеу, сабақтың мақсатымен және барысымен таныстыру.

Оқушылар мұражай ға кіру үшін кассадан билет алады.Билетке сұрақ жазылған.Балалар осы сұрақтарға «иә»  немесе «жоқ » деп жауап берулері керек.Жауап толық берілгеннен кейін оқушылар мұражайға өте алады.Сұрақтар өткен тақырыптар бойынша құрастырылады.

1.Археология   халықтың шығу тегін зерттейді.

2.Ең ұзаққа созылған тарихи кезең – қола дәуірі.

3.Қола дәуірінен кейін  темір дәуірі басталады.

4.Тастан жасалған еңбек құралдарды тұрмыстан біржола  ығыстырған – темір дәуірі.

5.Қазақстан аумағынан алғашқы адамның қаңқасы табылды.

6.Неандертальдық адам Франциядан табылды.

7.Синантроп- Қытай адамы.

8.Кромоньондық – саналы адам.

9.Темір дәуірі үш кезеңнен тұрады.

10.Ерте полеолитте Садақ пен жебе пайда болды.

11.Тығыз қабаттағы кенді өндіру үшін отпен уату әдісі қолданылды.

12.Энеолит- орта тас ғасыры.

13.Арқайым – ең ежелгі қала.

14.Темір дәуірінің белді тайпалары – сақтар мен сарматтар.

15.Үлкен қорғандар ақсүйек және бай отбасылардың айрықша құқығына айналды. Оларды «патша қорғандар» деп атады.

16.Біздің елімізде Ә.Х.Марғұланның есімімен аталатын архелогия институты бар.

17.Сақтар б.з.д.1мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген ежелгі тайпалар.

 

 

 

 

 

1-зал :Сақтар туралы алғашқы деректер (слайд)

1-тапсырма :

Сақ тайпаларының атаулары

1 Гректер
2 Парсылар
3 Ирандықтар
          авторлар               деректер
«сақтар әлемдегі ең әділ,еңшыншыл халық»
«Сақ әйелдері ержүрек келеді .Соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсктіп,ұрысқа араласады»
«Сақтар жақсы шабандоздар.Олар садақпен,қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген»
«киімі мен өмірі сүру дағдысы скифтерге ұқсас.Олардың барлық бұйымдары алтын мен мыстан жасалған.Олар егін екпейді,үй малдары мен балықты азық етеді.Сүт ішеді.»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма:  «Жалғасын тап»

Анахарсис б.з.д.7-6 ғ.ғ.шамасында өмір сүрген, тарихта скиф Анахарсис деген атпен әлемге танылған…

 

Қорытынды: Сақтар туралы қандай тың деректермен таныстыңдар?Сақтарды қандай халық деп бағалайсыңдар?Қазақ халқына ұқсас жерлерін кездестірдіңдер ме?

 

2-зал:Сақтардың қоғамдық құрылысы мен шарушылығы.(слайд)

Ру-тайпа- тайпа көсемі- патша – халық жиналысы — әскери демократия.

Тапсырмалар:

 

Сақ тайпаларының негігі үш тобы:

                              Атауы                                    Мекені

 

Картадан көрсету.

Сақ қоғамындағы үш топ

 

                           топ                       белгілері

 

Рим тарихшысы Квинт Курций Руф  тағы қандай мәлімет қалдырды? Сақ қоғамындағы әйелдердің орны туралы не айтасыңдар?Бұл туралы қандай аңыз бар?

Суреттерге қарай отырып тұрмысы мен шаруашылығы туралы әңгімелеу.

 

Қорытынды: Сақ қоғамы ,тұрмысы мен шаруашылығы жағынан өзімізге таныс жағдайларды кездестірдіңдер ме?Болса,қандай?

 

3-зал:     Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі (слайд)

 

Кир                           Томирис                      1 Дарий

Ширақ                         А.Македонский

 

Есімдерге қатысты оқиғаларды баяндау.

 

Қорытынды: Балалар, осы оқиғалардан кейін қандай әсер алдыңдар?Қазақтың Әлиясы мен Мәншүгін,Ләззатын,Ерьолы мен Қайратын осы Томирис пен  Шырақтың заңды жалғасы деп айтуға келісер ме едіңдер?

 

4-зал :Сақ мұраларының этномәдениеті (слайд)

«Алтын адам»  туралы мәлімет      2,3- алтын адамдар туралы  да мәлімет айту.

«Аң стилі»  туралы баяндау

 

Қорытынды: Мінекей , балалар, біз бүгінгі сабақта жалпы сақ деген тайпамен таныстық.Сақтардың еркін,ержүрек,батыр да батыл,данышпан, бір сөзді, тәуелсіздікті жоғары бағалайтын халық болғанын білдік.Ал сақтар біздің,яғни қазақтардың арғы тегі.Қазақ халқы да талай ғасырлар бойы ерлікпен күресе жүріп,елін, жерін жауынан сақтап қана қоймай,киелі тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр.Биыл Тәуелсіз ел атанғанымызға  19 жыл толғалы отыр екен. Сол тәуелсіздігіміздің  символы ретінде  біз алтын адам мен қанатты барысты ,елтаңбамыздағы қанатты пырақты, арқарды бекерге алмадық.Өйткені біз сақтардың ұрпағымыз.Сақтардың рухы елімізді әлі талай биік белестерге ,талай жеңістерге жетелейтіні анық.Соның бір

Ғана мысалы  кешегі 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ОБСЕ саммиті.Бұл саммит Қазақ деген халықтың атын айдай әлемге тағы бір мәрте паш етпеді ме. (Видеоролик). Елімізді осындай  дәрежеге жеткізіп отырған  елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы да салиқалы саясатының арқасы екендігін де ерекше айта кетуіміз керек.

Балалар, осындай елімізбен,  осындай құнды мәдени ескерткіштерімізбен мақтанайық, бағалайық дей келе сабағымызды еліміздің Әнұранымен аяқтауға шақырамын.

 

ӘНҰРАН