Сабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы

341

Сынып:   8

Пән:   Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:   

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, халық батыры-Сырым Датұлының өмірі, ол бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері, барысы, нәтижесі, маңызы туралы әңгімелеу.

Дамытушылық: Оқулықпен, мәтінмен жұмыс жасай білушіліктерін, сөйлеу тілдерін, сөйлеу мәдениетін, әр түрлі тапсырмаларды орындай  білу дағдысын дамыту.

    Тәрбиелік:Баба рухын құрметтеуге, шешендік өнерге, Отансүйгіштік,

патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту,аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ- жауап, ой-қозғау, топтастыру,

ассоциация, мәнерлеп оқу,  тест тапсырмалары.

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, көрнекіліктер, тірек- сызба,

қосымша кітаптар, слайдтар.

Пәнаралық байланыс:Қазақ әдебиеті, география.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:-   амандасу;

  • түгендеу;
  • оқушылардың назарын сабаққа аудару;

 

I-бөлім. Үй тапсырмасын пысықтау:

1.Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың көтеріліске қатысуына түрткі болған не?  – жер мәселесі.

—  кіші жүздің ханы Нұралы, Жайық бойында мал жаюға

тыйым салған патша үкімін жоюды талап етті.

— Жайықтың оң жағасына көшіп – қонуға тыйым салды.

— патша үкіметінің Ертістің оң жағасындағы шұрайлы

өлкені қазақ шаруаларына тартып алып беруі, қазақтарға

бекіністерге жақындауға тыйым салуы халықтың

наразылығын туғызды.

2.Е.Пугачев көтерілісінің жеңілу себептері:

— Қазақ жасақтарының арасында өзара келісілген жоспар болмады.

— Көтеріліске қатысқан, бір жағынан қазақтардың, екінші жағынан

қалмақтардың, башқұрттардың, Жайық қазақтарының арасында

бұрыннан келе жатқан ескі кикілжің бар болатын.

— Патша үкіметінің әскерлері жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен

өткен еді.

  1. 3. 1773-1775 жылғы көтерілістің тарихи маңызы:

-Орыс және қазақ шаруаларын біріктірді.

-Сырым Датұлы бастаған көтерілістің шығуын тездетті.

-Көтерілістің барысында Еділ – Жайық аймағындағы орыс, башқұрт, қазақ

және қалмақ сияқты халықтардың патша үкіметінің отаршылдық саясатына

бірлескен күресінің мүмкіндігі айқын көрінді.

-Қазақтардың бұл шаруалар көтерілісіне қатысуы көшпелі халықтың өз

тәуелсіздігін қайтадан қалпына келтіруге, Қазақстанды әскер күшімен

басып алуға жол бермеуге деген ұмтылысының күшті екенін көрсетті.

-Кіші жүзде хан билігінің беделі төмендегенін көрсетті.

 

II-бөлім. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Көтерілістің шығу себептері мен қозғаушы күштері;
  2. Көтерілістің барысы;
  3. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы;

 

Көтерілістің алғышарттары:

-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі.

-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын колдамауы.

-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп,

Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына

бағындырылуы.

-Орыс помещиктері мен Жайық қазақ әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.

-1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын қазақ әскерлері

жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.

Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.

Көтеріліс аумағы:Еділ-Арал теңізі.

Көтерілісшілердің басты мақсаты:

  • Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
  • Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
  • Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек кою.

Көтеріліс басшысы – Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы (1742-1802 ж. ж.). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А. Суворов граф Панинге жазған хатында (1775ж 22 маусым): «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.

    Сырымның мақсаты – хандық билікті жойып, билердің билігін орнату.Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.

1802 жыл – Хиуада қайтыс болды.

 

 

Жеңілу себептері:

  • Қазақ феодалары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық.
  • Руаралық қайшылықтар.
  • Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.
  • Қару-жарақтардың аздығы.
  • Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.

 

Тарихи маңызы:

  • Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.
  • Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.
  • Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.
  • Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды

 

Көтерілістің нәтижесі:

-1801 жылы патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге,

мал жаюға рұксат берді.

 

III-бөлім.  Қорытындылау. Бағалау.

  • Үйге тапсырма беру:  11 оқу, мазмұнын білу;
  • 1 топ “Сырым – батыр тұлға” шығарма жазу;
  • 2 топ Сырымның шешендік сөздерін жинастыру;
  • 3 топ тест сұрақтарын құрастыру

 

Мерзімі Басты оқиғалар
1773-1775 Сырымның Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
1783ж. күзі Қазақтар мен Орал қазақ әскері арасындағы шайқас
1783ж желтоқсан-1784ж. наурыз Сырымның 4 ай Орал түрмесіне қамалуы
1785ж. Кіші жүз қазақтарының Құрылтайында Сырым үш Орданың (Байұлы, Жетіру, Әлімұлы) кенесшісі болып сайланды
1786ж. Сырым халық Кенесін өткізіп, Кіші жүздің төбе биі болып сайланды.
1786ж. Сұлтан Ералы Сырымды тұтқындады.
1787ж. 23 қазан ІІ Екатерина патша тұтқыннан босатуды бұйырды. Сырымды Байұлы руының старшинасы деп сайлады.
1792ж. 29 қыркүйек Сырым орыс үкіметіне соғыс жариялады.
1797ж. 8 тамыз

 

Кобдада өткен хан қенесінде күресті ерікті түрде тоқтататының мәлімдеді.
1802ж.

 

Сырым батыр Хиуада өлтірілді.

 

 

 

 

 

 

 

Тест

  1. 1782-83ж.ж. кіші жүз жерінде қандай ауыр жағдай болды?

а) С.Датұлы балаларының өлтірілуі;

ә) Жұт (малдың қырылуы);

б) С.Датұлының қазақтар тұтқынында азапталуы.

2.1784ж. қарашада Сырым тобындағы қөтерілісшілер саны:

а) 1000-нан асты;        ә) 1500-ге жуық;        б) 2000-дай.

  1. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды тездету және әкімшілік билеуді іске асыру туралы реформаның жобасын дайындаған кім?

а) Императрица ІІ Екатерина;

ә) Князь Потемкин:

б) Барон Игельстром.

  1. 1790ж. басында Сырым көтерілісінің қайта өрлеуіне не түрткі болды?

а) Кіші жүзде екі хандықтың орнауы;

ә) Қазақ отрядының Сырымға тірек болған ауылдарға шабуылы;

б) Патша өкіметінің көтерілісшілерді жазалау туралы жарлығы.

  1. Жайықтың оң жағалауына қазақтардың қөшіп-қонуына рұқсат берген патша жарлығы қашан шықты?

а) 1797ж.           ә) 1800ж.        б) 1801ж.

 

 

Тест

  1. 1782-83ж.ж. кіші жүз жерінде қандай ауыр жағдай болды?

а) С.Датұлы балаларының өлтірілуі;

ә) Жұт (малдың қырылуы);

б) С.Датұлының қазақтар тұтқынында азапталуы.

2.1784ж. қарашада Сырым тобындағы қөтерілісшілер саны:

а) 1000-нан асты;        ә) 1500-ге жуық;        б) 2000-дай.

  1. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды тездету және әкімшілік билеуді іске асыру туралы реформаның жобасын дайындаған кім?

а) Императрица ІІ Екатерина;

ә) Князь Потемкин:

б) Барон Игельстром.

  1. 1790ж. басында Сырым көтерілісінің қайта өрлеуіне не түрткі болды?

а) Кіші жүзде екі хандықтың орнауы;

ә) Қазақ отрядының Сырымға тірек болған ауылдарға шабуылы;

б) Патша өкіметінің көтерілісшілерді жазалау туралы жарлығы.

  1. Жайықтың оң жағалауына қазақтардың қөшіп-қонуына рұқсат берген патша жарлығы қашан шықты?

а) 1797ж.           ә) 1800ж.        б) 1801ж.

 

 

 

Сырым біздің жерлесіміз

Кешегі өткен заманда

Кіші жүздің елінде,

Өзі батыр, өзі би

«Сырым» деген ер болған,

Халқының қамын жер болған.

«Қайнар» газетінен.

Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, халқымыздың біртуар ұлдарының бірі – Сырым Датұлы бабамыз біздің жерлесіміз екендігін Шағырлыой ауылының халқы мақтан тұтамыз. Сырым патша өкіметінің талан-таражына түсіп жатқан атамекенін қорғап, қазақ халқының бостандығы үшін барлық күш- жігерін, ақылы мен өнерін сарп етті. Ол жастайынан шешендік, батылдық қасиетімен көзге түсіп, ел арасындағы дау- жанжалдарды әділ шешіп, даналық көрсетті.

Ал жорықтарда асқан мерген, батырлығымен көзге түсіп, көреген басшы бола білді. Ол1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған кезде-ақ соғыс тактикасын жақсы меңгергенін көрсетті. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында: (1775ж. 22маусым)