Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

 

Сабақтың мақсаты :  1783-1797 жылдардағы көтерілістің алғышарттары, себептері, мақсаты, көтеріліс барысы және жеңілу себептері туралы айта отырып,осы кезеңдегі  саяси оқиғалардың дамуына Сырым Датұлының тигізген ықпалын ашып көрсету.

Сабақтың нәтижесі: Сырым Датұлы бастаған  ұлт-азаттық қозғалыс туралы толық  мәлімет алады. Сын тұрғысынан ойлау дағдылары мен біліктіліктерін шыңдайды.Тарихи оқиғаларды,фактілерді салыстырып — талдауға және өз көзқарасын дәлелдеуге үйренеді.

Сабақтың әдісі: Жеке, топтық жұмыс. СТО технологиясының әдістері

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекетіРесурстар
 

 

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу.

 

Сыныпты жылдар арқылы топқа бөлу.

Топ жетекшісін тағайындау.

Бағалау парағын тарату.

Оқушылар жылдармен  топқа бөлінеді.Әр топ өз топ басшысын тағайындайды.

Әр топ топ  ережесін ұстанады.

 

 

 

 

ТұсаукесерМұғалім оқушылармен бірге  сабақтың  мақсатын айқындайды.

«Ой түрткі салу» сәті

1. «Ұлт – азаттық қозғалыс» ұғымын қалай түсінесіңдер?

2.Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты қандай?

3. Академик Манаш Қозыбаев Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды неше кезеңге бөледі?

 

Сондай ұлт-азаттық қозғалыстардың бірі- Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Сабақ төмендегідей жоспар негізінде жүргізілетінін айтып өту.

1.Көтерілістің шығу себептері,қозғаушы күштері.

2.Ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы және Кіші жүздің ішкі жағдайы және оның көтеріліске әсері.

3.1790 жылдардағы көтерілістің жаңа кезеңі.

4. Көтерілістің жеңілу себептері, нәтижесі, тарихи маңызы.

Сабақтың мақсатын анықтайды.

 

 

Оқушылар сұрақтарға ойлана жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, карта,инте-рактивті тақта
Негізгі бөлімСұрақ: Сырым Датұлын кім ретінде танимыз? «Топтастыру» әдісін пайдаланады.

 

 

Топтық жұмыс:

1-топ: 1783-1797 жылдардағы көтерілістің алғышарты мен себептері

2-топ: Көтерілістің қозғаушы күші және көтеріліске қатысқан Кіші жүз рулары

3-топ: Көтерілістің мақсаты және сипаттамасы

 

Семантикалық картаны пайдалану арқылы көтеріліс барысына тоқталу.

 

 

Картамен жұмыс.

 

Тапсырмалар:

1-топ: «Тарихи сынақ хат» (негізгі оқиғалар бойынша)

2-топ: Көтерілістің жеңілу себептерін атап көрсетіңдер.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи маңызы неде деп ойлайсыңдар?

3-топ: «Ел жеңілмес ері бар» РАФТ әдісін пайдалану

Топтастыру әдісі бойынша

Сырым Датұлына  сипаттама береді.

 

 

Берілген тапсырмаға топ оқушылары ойлана отырып жауап береді.

 

 

 

 

 

Жұптық және топтық жұмыс

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, семантикалық карта арқылы негізгі оқиғаларды жылдам белгілеп, айтады.

 

Картадан Сырым Датұлы көтерілісінің қамтыған аумағын көрсетеді.

 

 

Топтық жұмыс

Оқушылар берілген тапсырманы орындап, ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, карта, постер, маркер, интерактивті тақта

Қорытынды 

Венн диаграммасы бойынша Сырым Датұлы мен Е.Пугачев бастаған көтерілісті салыстыру, ортақ белгілерін табу.

 

 

 

 

 

 

Сабақ соңында  тақырып бойынша тест тапсырмасын беру.

 

Бағалау кезеңі.

Сабақ барысында өзінің  білімін жақсы көрсете білген оқушыларды бағалау.

 

 

 

Үйге тапсырма беру.

1.Сырым Датұлы бастағын  қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісінің қамтыған аумағын кескін картаға түсіріп келу.

2.Қосымша материалдарды пайдалана отырып, қазақ фольклорынан Сырым Датұлының шешендік таланты туралы деректерді іздеп табу.

Венн диаграммасы бойынша:

1-топ: Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісінің ерекшелігін жазу.

2-топ:Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің ерекшелігін жазу

3-топ:Екі көтерілістің ортақ белгілерін табу.

Тапсырманы постерге түсіріп, сыныпта қорғайды.

 

 

Жеке жұмыс

Тест тапсырмаларына жауап береді.

 

 

 

Топ жетекшілері дескрипторлар арқылы қорытынды ұпайды шығарып,  топ жұмысына баға береді.

 

Оқушылар кері байланыс жасайды.