Ақ бұзау. Жуан дауыстылар

№18сабақ Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар

Сабақтың мақсаты: а) жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып,төрт түлік туралы мәлімет беру және оны меңгерту. ..  ә)  Оқушылардың сөздік қорын, танымдық қабілетін, сөйлеу мәнерін жетілдіру , дамыту. б) Ұйымшылдыққа, білімділікке үйрете отырып   тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.Тәлім сәті Әрбір ісім Оқу, ұғу,үйрену, Әрбір сөзімАдалдық, бірлік, ынтымақ.Ондай болса сабағымызды ынтымақпен бастайық.

II.Үй тапсырмасын тексеруӨтілген тақырыптарды пысықтау.

IІІ. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, бәрәмәз тақтаға қарайықшы, қандай дыбыстарды көріп тұрмыз?А,О,Ы,Ұ әріптері — Балалар атаған дыбыстарың дауысты ма, дауыссыз ба?Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?Келесі тапсырмамыз буыннан сөз құрастыру, сөздерден сөйлем құрату, жуан дауысты дыбыстарды табу.Сергіту сәті

ІV.Жаңа сабақ28-жаттығу  1. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар2. Сөздерден жуан дауысты дыбстарды тапМыс: ұзын, алма, ыдыс, ытқып.29-жаттығу 1.Сөздерді оқыңдар.

Сүт, айран, қаймақ, кілегей,май,құрт, ірімшікМыс: айран, құрт, ірімшікОқулықпен жұмыс

Ж.Смақовтың «Ақ бұзау» өлеңі

Ақ бұзауым ұнайды

«Мө-мө» деп сүт сұрайды

Ақ бұзау жақсы фермада

Апарамын көрмеге

Келеді өсіп күн санап,

Қоямын ба тұмшалап.

Тұмсығын созып қарайды,

Тілімен мұрнын жалайды.

  1. Жаңа материалды пысықтауБұзау сүтті қалай сұрайды?Тілімен нені жалайды.Бұзаудың енесі?

Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту

VII. Бекіту Біз бүгін қандай дыбыстарды өттік№жуан дауысты дыбыстар Ж.Смақовтың өлеңі не жайлы айтылған?

VIII.Үйге тапсырма, бағалау  «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу, жауаптарына қарай оқушыларды бағалау.