Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихын пайдалану

Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихын пайдалану

Жоспар

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

а) Қызылқоға ауданының құрылу тарихы.

ә) Қызылқоғаның қазығы болған – Қарабау.

б) Жергілікті жер-су аттарының тарихынан.

в) Қызылқоғаның көне қалалары.

г) Аудандағы шешімін таппаған экологиялық мәселелер туралы.

д) Қазақстан тарихын оқытуда оқушы шығармашылығын дамыту.

 

Қорытынды

 

Туған елді туы қылып жүректің,

Ғұмыр бойы келе берер жыр еткім.

Туған елге, туған жерге арналған

Барлығы да мендегі аппақ тілектің.

Н.Әжіғалиев

. Қазақ елі өзінің сан ғасырлар бойы аңсаған арманына қолы жетіп, өз Тәуелсіздігін жеңіп алып, егемендігімізді алғаннан кейін есімізді жиып, өз еліміздің тарихына сын көзбен қарай бастадық. Кім-кімге болса-дағы кіндік қаны тамып, шыр етіп дүниеге келген жері әрқашанда ыстық сезілетіні бесенеден белгілі ғой.

Жасыратыны жоқ, осы кезге дейін елеусіз шалғайда малын бағып, тып-тыныш өмір сүріп жатырған Қызылқоға аймағын, оның құрылу тарихын,өлкесіндегі сан түрлі оқиғаларын,сегіз қырлы бір сырлы ұлдарының есімдерін білмейтін адам көп дер едім. Өйткені осы уақытқа дейін билігін жүргізіп келген «орыстандыру саясаты» халқымыздың аяулы ұлдарының есімдерін, олардың еңбектерін жоққа шығарып, еліміздің дамуына, соның ішінде мәдениетімізге кедергі болып келгені ащы да болса шындық.

Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихының деректерін жинақтап,күнделікті сабақта, тәрбиелік шараларда пайдаланудағы мақсат-тәуелсіз еліміздің болашағы кейінгі жас жеткіншектердің туған елге, жерге деген перзенттік сезімдерін қалыптастыру, ел тарихындағы ұмытылмас тарихи оқиғаларды терең біліп  өткені мен бүгінгісін байланыстыра отырып, өзінің саналы көзқарасын, үлесін қоса білуіне дағдыландыру , осы өлкеден түлеп ұшып қазірде республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген ағаларымыздың өмір жолдарын, әдебиет пен мәдениетке қосқан үлестерін және ел шежіресін насихаттау.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігінің қазақ жұртына оралуы ел тарихына  біршама өзгерістер әкелді.  Осы мүмкіндіктер арқасында туған өлкеміздегі бізге беймәлім деректермен таныса бастадық Жас ұрпаққа осы беймәлім деректерді айтып-үйрету, оқиғалармен хабардар ету-тарихшы мұғалімнің міндеті деп білемін.Көптеген қазіргі атақты ғалым-жазушылар, ақындар, мұғалім-педагогтар, малшылар т.б шаруашылықтың әртүрлі қызметінде абыройлы адал еңбек еткен азаматтарды тәрбиелеп ұшырған, жетілдірген қасиетті өлке- Қызылқоға аймағы екенін білу-әрбір мектеп партасында отырып білім алушы Қызылқоғалық жас буынды  қуантатыны анық.

. Білім нәрін сеуіп, тәрбиелеп, өсіріп-өндірген киелі  Қызылқоға ауданы мен Қаракөл ауылының тарихы мені балалық шағымнан бастап қызықтыратын. Сол себепті шығармашылық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихын пайдалану» деп алуымның  себебі -көптеген ірілі-ұсақты тарихи оқиғаларды басынан өткізген ауданның тарихын, өлкедегі болып өткен тарихи оқиғалармен,тарихи-мәдени ескерткіштерімен ,өлкедегі жер-су аттарының аталу тарихымен шәкірттерді таныстыруда қолымнан келгенше табылған тарихи мәліметтерге, деректерге сүйене отырып,осы ауданда  өсіп — өніп, білім алған, көптеген көпті көрген көнекөз қариялардың естелік-әңгімелерін жинақтап, жергілікті ауыл,аудан  азаматтарының мақалаларын шығармашылық жұмысыма арқау еттім.

Шығармашылық жұмысымның барысы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімі «Қызылқоға –ежелден ерлік пен елдік мекені» деп аталады. Бұл бөлімде әрбір жеке тұлғаға өзінің туған өлке тарихын білудің қаншалықты маңыздылығын насихаттау.

Негізгі бөлімде «елу жылда-ел жаңа» дегендей, Қызылқоға ауданының 1944 жылғы 11 мамырда аудан болып құрылған уақытынан бастап Қызылқоғаның орталығы болған Қарабау өңірі тарихының өзіндік ерекшелігін, өлкедегі жер-су аттарының тарихын, Қызылқоғаның көне қалалары, Қызылқоға ауданының 750 мың гектар жерін алып жатырған әлі де болса шешімін таппаған Тайсойған деп аталатын полигонның зардабы туралы газет бетінде жарық көрген деректерді пайдалана отырып ,Қазақстан тарихын оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту  барысындағы өз сабақтарымның жоспарларына тоқталдым.Қорытынды бөлімінде өлкетану тарихын оқытудағы күтілетін нәтиже туралы мәселелер қаралды.

Қазақстан тарихын оқытуда бағдарламаға сәйкес  тақырыпты оқыта отырып, сабақ барысында тақырыпқа сәйкес келетін өлке тарихына  шолу жасау, үйрету,хабардар ету, өлкедегі бұған дейін болып өткен оқиғалар туралы тың деректерді пайдалану жеке тұлғаның дүниетанымын, өзіндік көзқарасын, пәнге деген қызығушылығын, оқулықтағы құжат деректеріне өзіндік талдау жасауына ықпал етеді.

Жалпы Қазақстан тарихын оқытуды өлке тарихымен  сабақтастыру әрбір жеке тұлғаның өлке тарихындағы қызықты оқиғаларды білуіне, құрметтеуіне, жеке шығармашылық шабытын ұштауына  мүмкіндік беретіні барша ұстазға белгілі.         Сондықтанда әр жеке тұлғаны тарих сабағында өлкедегі тарихи оқиғалардың шындығымен таныстырып отыру-әрбір тарихшы ұстаздың міндеті деп білемін.

Қызылқоға- ежелден ерлік пен елдік мекені. Асан қайғы, Қазтуған, Жиембет жырау, Сырым батыр, Алдар, Есет, Машақ, Бөкен билер, Мұхит бабаларымыз ат ізін салған, өмір сүрген, қазақтың қамын жеген біртуар батырлар Исатай-Махамбет жүрген өңір.

Шындыққа жүгінетін болсақ, ауданның бастап құрылу, оның ұйымдасуын білетін адамдар қазіргі уақытта кемде-кем. Сол себепті ауданның тарихы нақты бір жүйеге келтіріліп жазылмаған. Аудандық баспасөз бетінде жарияланған мына бір естелік мақалаларға  назар аударып көрейікші.

Дербес зейнеткер Жақұт Қалиеваның «Өткенді білмей, келешек жоқ» айдарымен берілген мақаласында (28 мамыр 1994 жыл) былай деп жазады: «1920 жылдардағы Орал губерниясының Гурьев уезі 1928 жылы 3 қыркүйекте Гурьев округі болып қайта құрылды. Оның құрамына енген алты ауданның бірі – біздің Қызылқоға ауданы еді»1. Ауданның қай айда құрылғаны туралы да қайсысы дұрыс екенін анықтаңқырап жазатын екі түрлі пікір бар. Бірі – кезінде Қазақстан  КП  Гурьев облыстық партия архивінің меңгерушісі  болған М.Мұқышеваның «Қызылқоға ауданы жиырмасыншы жылдарда» деген мақаласында былай деп жазады:  «Қазақстан  Орталық

Кеңес атқару комитетінің 6 мамыр 1928 жылғы қаулысына сай бұрынғы бірнеше болыстардың орнына енді жаңадан аудандар құрылды. Соның бірі

Қызылқоға ауданы еді. Аудан құрылғанда оған бұрынғы Гурьев уезінен Сарыкөл, Қызылқоға болыстары, Орал губерниясының Жымпиты уезінен Қаракөл болысы берілді»1

Екіншісі соңғы он жылдықтарда аудандық Кеңес Атқару комитетінің төрағасы болған дербес зейнеткер Аташ Досалиевтің «Қызылқоға қалай құрылды?» деген мақаласында «Қызылқоға ауданын құру туралы шешім 1928 жылы 17 наурызда қабылданды»2 Байлардан тәркіленген малдардың 60-70% -і кедейлер мен батырақтарға үлестіріліп, қалғаны колхоздар мен малшылар  одағына берілді.

1929 жылы 12 маусымда Атырау (Гурьев) қаласында төменгі кооперациялардан және балықшылар кооперациясынан  уәкілдер съезі болып, округтік малшылар одағы құрылды. Малшылар одағының съезі округ  территориясын халқының тұрмыс бейнесіне қарай көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарға бөлді. Қызылқоға жартылай көшпелі ауданға жатқызылып, онда маманданған мал шаруашылығы серіктестігін құру белгіленді. 1930 жылы аудандағы барлық жанұяның 54%-і мал шаруашылық серіктестігімен топтастырылды.

Кешікпей ұсақ серіктестер ауылшаруашылық артеліне орын берді. Бірыңғай малшаруашылықты аудан болып есептелінген Қызылқоға ауданында  округ бойынша ең алғаш колхоз ұйымдасты. 1930 жылы Қаракөл селосында ұйымдасқан «Тегісшілдік таңы» колхозы болатын. Колхоз орталығы Тоқмырза ағашы тұрған орыннан салынатын болды.

«Тегісшілдік таңы» колхозының төрағасы болып Ерімбетов Смағұл сайланды.

Партия ұйымының хатшысы Таутекин Жолдығали, Қаракөл ауылдық Кеңесінің төрағасы Сарбөпин Қойшы болды. Колхозға 53 үй мүше болды. Олардың колхозға берген малын есептегенде шамамен 100-ден астам ірі қара, жылқы және түйе болған. Орталық белгіленген жерге кеңсе, тұрғын үй құрылыстары басталып кетті. Кейін бұл тұрғындар қалашығы (Жилгородок), соңынан аудандық қалашық (Райгородок) деп аталады.

Бірінші  бесжылдық жылдарында ауданда 16 аудандық кеңес, 33 шағын колхоз құрылды. Қарабауда «Елтай атындағы колхоз», Қараменде «Жаңашаруа», Көздіқарада «Өрнек», Тайсойғанда  «Теңдік» т.б. Бірақ  Ф.И. Голощекиннің Қазақстандағы  сойқанды саясатының әсерінен 1931 жылдың аяғында Қызылқоға ауданы таратылып, оның жерін  Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданына қосты.  Осы жылдары орын алған аштық пен босқыншылықтан жергілікті халықтың біраз бөлігі өздерінің ата қонысын тастап, Мақат мұнай кәсіпшілігіне  жұмысшы болып кетсе, енді бірқатары Гурьевке – Жайық бойына кетті.  Ал бірсыпырасы өз қоныстарында қалып, Тайпақ ауданының қарамағында еңбек етті. Осы арада ауданның таратылу  мерзімімен оның қай ауданға қосылғаны туралы екі түрлі пікір бар.

  1. Ж.Қалиева «Өткенді білмей келешек жоқ» Қызылқоға газеті 28 мамыр 1994 жыл
  2. М.Мұқышева «Қызылқоға ауданы жиырмасыншы жылдарда» Қызылқоға газеті 1994 жыл 3 маусым.
  3. Аташ Досалиев «Қызылқоға қалай құрылды?» Қызылқоға газеті 1994 жыл 10 маусым.

 

Бірі Аташ Досалиевтің жоғарыда  көрсетілген мақаласында «1930 жылы 22 қыркүйекте Қызылқоға ауданы Доссор ауданына қосылды» -делінген.1

Ауданның алғаш құрылуы мен таратылуының басы-қасында бірге араласып жүрген Есеев Жұмасейіттің «Ежелгі Қызылқоға» деген мақаласында: «1930 жылы Қызылқоға ауданының орталығы – Доссорға көшірілді, 1931 жылдың күзінде Қызылқоға ауданының орталығы қайтадан Қызылқоға селосына көшірілді, бірақ, екі-үш айдан кейін-ақ ауданның қайта ажыратылатыны белгілі болды. Жоғарыда келген жеделхатта: «Қызылқоға ауданы ажыратылсын да территориясы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданына берілсін-деген жарлық берілді. Көп ұзамай-ақ, ауданды қабылдап алуға Тайпақ аудандық партия комитетінің өкілі Шурин бастаған комиссия келді», -деп жазылды.2

Ауданнық құрылуының  50 жылдығына арналған салтанатты жиналыста аудан әкімі Есенгелді Нұршаев баяндама жасады. Баяндамашы Е.Нұршаев былай деді: «1944 жылдың 11 мамырында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Қызылқоға ауданын құру туралы шешімі шықты. Аудан аймағына Тайпақ ауданынан-11, Ойыл ауданынан-8, Мақат ауданынан-11 колхоз, 1 кеңшар берілді. 1944 жылдың 1 қыркүйегінде аудан шаруашылықтарында 13 016 бас ірі мүйізді, 66 011 бас ешкі, қой, 20 93 бас жылқы болды.  Ауданның алғашқы партия комитетінің бірінші хатшысы Мұхтаров Мұхит, атқару комитетінің төрағасы болып Меңдіғазы Айтмұқанов белгіленді.

Бұдан басқа сол кезде ауданның тұңғыш ұйымдастырушылары қатарында Өтеш Өмірбаев, Ғабдулла Нығыметуллин, Әбу Досжанов, Жұмаш Есболов, Ығылман Жұбаев сияқты азаматтар болды.

Ауданнық жаңа құрылғанына қарамастан, Ұлы Отан соғысы кезінде  Ұлы жеңісті жақындатуға ерекше үлес қосты. Осы ауданнан Ұлы Отан соғысына 4500 азамат қатынасып, оның тең жартысы оралмай қалды. Біз бүгін майдан даласында ерекше ерлікпен батырлықтың тамаша үлгілерін көрсеткен Даңқ Орденінің  толық иегері Шүкір Еркіновты, офицерлер Дүйсенғали Ерғалиев, Шәмел Өтегенов, Қауынбай Сұлтанов, Ығылман Бейсенбаев, Захар Төреқұловты ерекше мақтан тұтамыз.»3

Соғыстан кейінгі жылдары еңбекте ерекше көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ауданымызда Досымбай Кеңесов, Көлбай Сисенбаев, Әби Ерғалиев, Қанаш Қожахметова  Еңбек Ері атағына ие болды. 1959 жылы аудан орталығының Миялыға көшуіне Уәли Жайықовтың өзі тікелей себепші болды.

Қарабау ауылының ақсақалы Қосшиев Тауманның айтуы бойынша, Қызылқоға 1862 жылдан кейін Кермеқас болысы атанған. Сол кезде осы өңірде Барлыбай, Қоңдыбай, Нақбай, Кермеқас деген Шеркештің Қойыс Сақау бөлімінің 4 ағайынды жігіті өмір сүрген. Олардың ең кішісі Кермеқас осы өңірдің болысы болыпты. Бұл болысқа  Ойтаң, Тайсойған, Сарыкөл елді- мекендері кірген.1

 

  1. А.Досалиев «Қызылқоға қалай құрылды?» Қызылқоға газеті 1994 жыл 10 маусым.
  2. Ж.Есеев «Ежелгі Қызылқоға» Қызылқоға газеті 28 қыркүйек 1994 жыл.
  3. Е.Нұршаев «Қызылқоғаға 50 жыл» Қызылқоға газеті 4 маусым 1994 жыл.

ХІХ ғасырдың аяғында патша үкіметі Ыбырай Алтынсариннің бастамасын қуаттап, осы өңірлерде 7 төрт жылдық орыс мектептерін ашқан. Олар Кермеқаста, Қаракөлде, Қарабауда, Махамбет ауданының «Қызыл үй » деген жерінде, Оралдың Тайпақ ауданының «Қызыл жарында» және Қаратөбенің «Қарамыс», Ақтөбенің Ойыл ауданының «Жыланды» деген жерлерінде тұрғызылды. Қарабау, Кермеқас мектептерін  қамыс өртеп, кірпіш күйдіріп қарашекпендер (украиндер) салған. Кірпіштің түсіне қарап  «Қызыл үй» деп атап кеткен. Бұл мектептер осы өңірдегі қазақ балаларын орысша оқытқан алғашқы мектептер болатын.

Марқұм Атшыбаев Қабдолланың айтуы бойынша «Қарабау» деген жердің аталу тарихы да қызық. Осы өңірде қамыс шығатын көлдер көп болған. Осы қамысты баулап Қызылқоға базарына апарып сатады екен. Кейде көп дайындалған қамыс бауланған күйінде қалып қойып, қарайып кететін болған. Сөйтіп «Қарабау» деген атау осыдан шыққан деген сөз бар.2

Бұл маңда Князь, Ойыл, Қызылқоға деген атақты үш жәрмеңке болған. Соның ішінде мал жөніндегі ең мықтысы Қызылқоға жәрмеңкесі саналған.

1933 жылы Қарабауда ТОЗ-дар құрылады. Олар: Ынтымақ, Қарабау, Ащысай, Тұщыкөл, Қызылқоға деп аталыпты, кейіннен колхозға айналған.

«Кермеқас» орыс мектебінің революцияға дейінгі алғашқы мұғалімдерінің бірі-Байгелдинов Қаржау деген кісі болған. Қызылқоға басында арасы 1-1,5 шақырымда  орналасқан екі мешіт болыпты.  Бірі-татар, екіншісі-Хасан мешіті. Бұл мешіттердің мұнаралары болмағанмен дұрыс жұмыс жасаған.

Қарабауда 1951 жылға дейін 7 жылдық мектеп болған, 1931-1933 жылдары Қарабаудағы 4 жылдық мектептер болған.

1930 жылдары бірінші бесжылдық жарияланып, оған дейін серіктестік болып келген шаруашылық жүйесі 1928 жылы «Живсоюз» және «колхозсоюз» болып біріктіріледі.

«Живсоюз» конфискация жасалған байлардың малын жинақтады. «Колхозсоюз» халықтың ортақ малын жинақтап біріктірді. 1932 жылы наурыз айында Совнарком Исаев Ораздың нұсқауымен, Қызылқоға Оралдың Тайпақ ауданындағы Есенсай деген жерге көшірілді, оның басты себебі, Қызылқоғаның алашордашылардың  туын тіккен орталығы болуында болса керек. Бұл көшуге Саркөлді жайлаған  шеркештер, Мән қонысын мекендеген қаратоқайлар да ұшырады. Конфискацияға Қызылқоғадан 4 ірі бай ілікті. Олар Игілік баласы Әлжар, Жұмабайұлы Дүзелбай, Бектемісұлы Демеу және Байтілеу, Қарес деген ағайынды байлар.

Қызылқоға ауданының орталығы 1944 жылдан 1959 жылға дейін Қарабауда болды. 1961 жылы Энгельс  атандағы кеңшар құрылды. Алғашқы директор Федор Федорович Канцев осы жылдың 24 сәуірі күні №1 бұйрығымен  кеңшардың  бас мамандарын,   қатардағы   қызметкерлері  мен

 

  1. Ш.Қонысбаев «Тауман қарттың әңгімесінен» Қызылқоға газеті 23 қазан 2004 жыл.
  2. Қ.Атшыбаев. «Қарабаудың шығу тарихы»Қызылқоға газеті.

 

 

 

жұмысшыларын тағайындағын. Энгельс атындағы кеңшардың  экономикалық өрлеу кезеңі 1970 жылдан басталады. Сол жылдарда аудан, облыс, республика көлеміндегі алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың сапынан көрінеді. Кеңшар алғаш 1961 жылы 4 фирма негізінде құрылды, оның 3-уі таза қой шаруашылығымен айналысты да, біреуіне ірі-қара шоғырландырылды. Энгельс атындағы кеңшарда «Жалын», «Жауқазын», «Жайдарман», «Қазақстанның 60 жылдығы» атындағы комсомол-жастар бригадалары жұмыс жасады.

Энгельс атындағы кеңшар 10-11 бесжылдықтар кезінде Республикалық, Бүкілодақтық Социалистік жарыстың жеңімпаздары деп танылып, ауыспалы Қызыл Туларды жеңіп алды.  11 бесжылдықтың қорытындысымен СОКП ОК, ВЦСПС, БЛКЖО-ның ескерткіш белгісімен марапатталды.

Қарабау селосында 1959-1967 жылдар аралығында СПТУ-143 училищесі жұмыс жасаған, оның директоры Қожақов Келіс болған. Училище малшы-механизаторлар мен құрылысшылар дайындаған.

«Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары»-демекші шыр етіп жерге түскен киелі құндағымыз-Қызылқоға өңірі осында дүниеге келген әрбір адамға  қымбат. Өйткені осы киелі мекенде ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың өткен жолы, тындырған ісі, бастан кешкен бақыты мен соры, көрген азабы мен рахаты жатыр.

Қазақ халқының атам заманнан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қандай көлемді де кең екені баршаға белгілі. Осы атамекеніміздегі өзен, көл, жер бедеріне меншіктелген атаулардың да көптеп саналатыны мәлім.

Жеке тұлғаларға жергілікті жер-су аттарының тарихын насихаттау кезінде  не алдымен жас ерекшелігін ескеру арқылы қосымша деректер қолдану қажет. Бұл жеке тұлғалардың өлке тарихын білсем деген қызығушылығын туғызады. Енді осы жерде 5-сыныпқа өткізген «Топонимика деген не?» тақырыбындағы сабағыма тоқталсам.

 

«Топонимика» деген не?

Сабақтың мақсаты.

Білімділігі:

а) Оқушыларға әр адамның туған жерге, елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігі «ұлттық сезім» деп аталатынын, осы ұлттық сезім арқылы жер-су аттарының аталу тарихының мағынасын түсіндіру.

ә) Ұлан-ғайыр созылған Қазақ елінің тарихи-географиялық картасындағы өзен, көл, тау, қырат секілді жер бедеріне берілген атаулардың тарихына үңіле отырып, оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

б) Адамның, елдің, жердің аттары мен атаулары жай әншейін қойылмайтындығын әрбір аттың, атаудың өзіндік мағынасы болатындығын, қазақхалқында «фамилия» болмағанын, басқа аттас адамдардан ажырату үшін шыққан тегін, руын, тайпасын, туған жерінің, қаласының аттарын қосып атағанын айтып түсіндіру.

в) Әр оқушыға өзінің өлкесіндегі жер-су аттарының аталу тарихын түсіндіре  отырып, қазіргі таңда өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлеміне, адам өміріне кері әсерін тигізіп отырған, полигонның зияндылығын туған жер табиғатын аялауға, өзіндік үлестерін қосуға оқыта отырып тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқылатын өлкетану деректерінің заңдылығын нақты мысалдармен ашу арқылы оқушының білімге құштарлығын оятып, оның шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол салу.

Тәрбиелілігі: Тарих сабақтарында оқушылардың өлкетануға қатысты шынайы фактілерді пайдалану арқылы туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Жұлдызды сәт ойыны», «Суретпен жұмыс», «Топтастыру стратегиясы», «Ойтолғау», «Тарихи басқатырғыш», «Сәйкестендіру», «Толықтыру» тестілері «Тарихи ұғымдар», жұппен жұмыс «Бетпе-бет» оқушы шығармашылығы.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы тірек-схемалар, «Қазақстан-2030» бағдарламасы, «Қызылқоға» газеті, Қаракөл ауылының карта-сызба нұсқасы, Қызыл үйдің макеті.

Пәнаралық байланыс: халықтық педагогика, өлке тарихы, әдебиет, музыка, биология.

Сабақтың барысы: үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардың  дайындығын білу, әрі қызықтыру үшін «Жұлдызды сәт» ойыны өткізілді.

 

«Жұлдызды сәт» ойыны арқылы тест жұмыстары орындалды

 

Қызығушылықты ояту.

  1. «Жер-судың аты — тарихтың хаты» деген ұғымды қалай түсінесің?
  2. Сені өлкеңнің тарихы қызықтыра ма?
  3. Туған жер, Отан тақырыбында қандай мақал-мәтелдер білесің?
  4. Кез-келген жер-су атауына қарап ата-бабамыздың қанына сіңген қандай қасиетін аңғаруға болады?

Осыдан  кейін оқушылар өздері туып-өскен Қаракөл өңіріндегі жер-су атауларын еске түсіріп, дәптерге жазады. Оқушы дәптерін тексерген кездегі  сәтке көңіл бөлсек:

Топтастыру стратегиясы:

 

Тіленші                     Байшуақ                      Қаракөл

 

 

Телжан                                                                     Бегей

 

Мектепкөл                                                      Қойсары

 

 

 

Тоқмырза       Ахмет ағашы        Қайып       Кемпіркеткен

Сынып оқушыларының жауаптарымен танысып болғаннан кейін жаңа сабақтың жоспарымен таныстырып тақтаға жаздым.

 

 

 

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Атаулар қалай пайда болды?»
  2. «Топонимика» деген не?
  3. «Туған жерімнің тарихы»
  4. Тайсойған полигоны туралы не білесіз?

 

Кісі есіміне                         Мекендейтін халықтар мен

қалаларға байланысты

 

Табиғат                                                          Жер бедеріне

байлықтарына                                                    (өзен, көл,

қырат)

 

Тарихи белгілі бір                           Жануарлар, құстар,

оқиғаға байланысты                        жәндіктердің

мекендеуіне

байланысты

Ұйымдастыру: Ономастика салалары.

  1. Этнонимика -ру, тайпа, халық атауын зерттеу.
  2. Антропонимика -кісі есімі.
  3. Космонимика -аспан әлеміндегі ғаламшарды зерттеу
  4. Фитонимика — өсімдік атауын зерттеу.
  5. Зоонимия — хайуанаттар атауын зерттеу.

«Жүректен жүрекке»

Өзін-өзін тану бағдарламасына сай оқушыларға үнтаспадан «Елім-ай» өлеңін тыңдатып сұрақтар қоямын.

-Оқушылар сіздер тыңдаған әуен қалай аталады? («Елім-ай»).

-Осы зарлы әуенді тыңдай отырып халқымыздың қандай жағдайды басынан кешіргенін көреміз?

Оқушылар: «Қазақ халқы басынан қилы-қилы оқиғаларды өткізген, жаугершілік заманда өзінің туып-өскен жерінен, мекенінен безіп, аштықтан күйзелген» халық басы ауған жаққа кетіп басын сауғалаған. Манағы зарлы әуенді тыңдау арқылы біздің көз алдымызға тізбектеліп көш жасап бара жатқан адамдар, жылаған бала, күрсініп-күңіренген қариялар елестеді –деп жауап берді.

«Топонимика»-грек сөзі. Қазақша  «мекен» немесе «жер-су атаулары» деген мағынаны білдіреді.

Қазақ халқының ерте заманнан өмір сүріп келе жатқан жерінің аумағы кең, көлемді соған қарамастан ата-бабаларымыз олардың әрқайсысына ат қойып, сыртқы жаудан қорғап, ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Түрлі тарихи кезеңдерде тайпалар мен халықтар белгілі бір аймақта өмір сүрді. Олар тарихтан ізсіз жоғалып кеткен жоқ. Олардың тілдік белгілері өздері мекендеген жердегі топонимикалық атаулар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

Көшпелілер жер-су аттарын жер жағдайын анықтайтын белгі ретінде пайдаланады. Осындай қойылған жер-су аттарынан сол маңның климат ерекшелігін, табиғат байлықтарын аңғаруға болады.

Жер-су атаулары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлкетану – ғылыми ізденімпаздыққа бастайтын нақты жол. Сабақта өлке тарихының деректерін қолдану-оқушының өз өлкесінің тарихы туралы білімін толықтырып, мақтаныш сезімін туғызады.

 

Қаракөл өңірі

Тарихи-мәдени ескерткіш                                 Қызылқоға ауданының қасиетті

жерлерінің бірі                                                                                                                                 

                                                                                                                                                                                                                      

         Қызыл үй             Көлге байланыс-              1930«Ынтымақ»тоз-ы

         мектебі               ты атау                          

   1938 ж. Молотов  атындағы колхоз.

                                                         1950 ж. Ленин жолы

                                                             1960 Абай атындағы совхоз.

Ақ патша-      Ресми атауы             1996 ж. Қаракөл жауапкершілігі шектеулі

ның кезінде     Жамбыл ауылдық.    серіктестігі.                                                                               

салынған        округі                          2001 ж. ЖСШ таратылды.

                                                                                                          

                                                                                                                                                                                   

Қызыл үйдің макетін көрсетіп тұрып сұрақ қойдым.

  • Оқушылар сендер не көріп отырсыңдар?
  • Қызыл үй мектебін.

Осыдан соң Қызыл үй мектебінің аталу тарихы туралы айтып өттім.

 

                    Білім ордасы

 

Қызыл кірпіш тастан                        Алғашқы ірге тасы1891 ж. қаланды

салынған                                              

 

 

 Салғандар: орыс халқының              1896ж. құрылыс жұмысы аяқталады

қара шекпендері

                                      1898-1998 жыл 100 жыл

 

Құрылысы: екі корпустан, сарай, қойма, сынып бөлмелері, мәжіліс залынан тұрады. Енді өлкеміздегі жер-су аттарының тарихына тоқталу мақсатында «Қаракөл» ауылының карта-сызба нұсқасы ілініп, оқушыларға түсінік бердім.

Тоқмырза жерінің аталуы. Жақсыбай руынан шыққан Тоқмырза есімді адам осы жерде ағаш отырғызып құдық қазған. Осы құдықтың суын көп уақыт ауыл тұрғындары ауыз су ретінде пайдаланған. Қазірде ол құдықтың суы мол.

Қисықбас ағашы атауы кісі атымен аталған. Баймұрат руынан шыққан. Сол жерде қоныс теуіп, мал баққан.

Айбас – Батырдың аты, руы Жақсыбай.

Мектепкөл Қызыл үй мектебінің қасында көл болғандықтан, Мектепкөл деп аталған.

Сазанбай осы жерде ауқатты бай қоныс тепкен.

Бесқала атауы ең алғаш бес үй салынып, соған байланысты ауыл тұрғындары осылай атаған. Негізгі аты-Мәдениет.

Айбике-көл аты. Мәдениет елді мекенінде орналасқан

Қызыл ой-Жақсыбай руының қонысындағы жері. Осы жерден балық аулап күн көрген.

Шошақ шағыл-негізгі аты Айдын. Осы жерде биік шағылды төбелердің көп болуына байланысты осылай атаған.

Байшуақ-кісі есімімен аталған. Байшуақ есімді дәулетті адам осы жерде қоныстанған.

Қоға-бұл жерде қоға шөбі көп өскендіктен осылай атаған.

Кемпір кеткен-көл аты. Ертеректе бір кемпір өгіз арбамен Сырымға /жер аты/ сүт тасып жүргенде суға кеткен.

Қоғалы көл — көл аты. Жергілікті тұрғындар ертеректе осы көлден балық аулап күнелткен.

Осыдан кейін жергілікті өлкедегі орналасқан әлі де болса экологиялық апат аймағына айналып  отырған Тайсойған полигоны жөнінде мына схема бойынша түсінік бердім.

-Оқушылар «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімдік басымдықтың төртінші бөлімі қалай аталады?

-Қазақстан азаматтарының білімін, әл-ауқатын, денсаулығын жақсарту.

 

Елді мекеннің өзі полигон жеріне                       «Қақпақты қара қазан құтты    

         қоныстанған                                             мекен»атанған өлке

                                          

1949 жылдан бастап әскери                                Ядролық сынақ 1952 жылдан

полигонға  айналған                                               басталады

 

«Радиациялық зардабы ауыр»                            Ашық хат 2005 жыл 20 тамыз

                                                           

Қарулы күш                             Мектеп  оқушысы   Ақтажиева Салтанаттың

                                                 мақаласы «Халық қаласа, хан түйесін сойғызар»

                                               

Совет Одағы 1960-1977 жж. -24 ядролық жарылыс жасаған

 

 

Жарылыстың жердегі тереңдігі 500 метр

 

Оқушыларға тақырып бойынша білімін жинақтау үшін бір минут уақыт беріледі.

 

Сәйкестендіру тестісі:

Ономастика                  ру, тайпа халықтарын зерттеу.

Этнонимика                 тіл ғылымы.

Антропонимика           аспан әлеміндегі ғаламшарларды зерттеу.

Космонимика               кісі есімдерін зерттеу.

Финонимика                хайуанаттар аттарын зерттеу.

Зоонимия                     өсімдік атауларын зерттеу.

Топонимика                 жер-су, елді мекен атауларын зерттеу.

Толықтыру тестісі:

1.Көшпелілер жер-су аттарын жер жағдайын анықтайтын __________ ретінде пайдаланды.

  1. «Топонимика» ___________ қазақша немесе ____________ деген мағынаны білдіреді.
  2. _________________ атаулары ол жердің қандай жануар, құс, жәндіктерге мекен болғанын аңғартады.
  3. Өсімдіктер әлеміне байланысты мына атаулар _________________ мол дерек береді.

5.Тарихи оқиғаға байланысты__________  aталған

6.Өзен, мұхитқа байланысты ____________аталған

7.Атаулардың туу тарихы жайлы ел арасында тараған аңыз-әңгімелер ғылыми тілде __________деп аталады.

  1. Белгілі бір жердің тау-тасы мен кен байлығының сырын ашатын ________________________ атаулары қалыптасты.
  2. Қызыл үй мектебі __________________аталған.

10.Еліміздің ата-баба қонысынан айырылып, босып көшетін оқиғасы тарихта ___________________ деп аталды.

Тарихи басқатырғыш:

БЫАЙЛА                     РАҢАҚЫАЙ

ОРНТБЕАЙӨ              ҚАМАЛҚҚРҒАЫН

БАЛАЙЫ АУСЫ                  ХНА ОДРАЫС

НБЛААҒАСҰ              МҚЫЫЛЗҚҰ-

ЯСРДАИЫР                 УААТЛА

Жұппен жұмыс «Бетпе-бет» деп аталады. Бұл ойынның шарты: бұрын-соңды отырмаған екі оқушы бір партаға жайғасып сурет салады және өзі салған суреттің мағынасын  ашып әңгімелейді.

Тарихи ұғымдармен жұмыс: (Кім жылдам ойыны арқылы іске асырылды).

  1. Тарих
  2. Карта
  3. Жылнамашы
  4. Глобус
  5. Отырықшылар
  6. Көшпелілер
  7. Археология
  8. Антропология
  9. Тарихи деректер
  10. Этнография

Ой толғау: «Табиғатты аялай білейік» тақырыбында сынып оқушылары өз пікірлерін ортаға салды. Үздік шыққан Жәнібекова Әйкеннің мақаласы Республикалық «Алтын орда» газетіне жіберіліп, 2006 жылы 16 ақпандағы санында жарияланды.

Мақал-мәтелдер сайысы: Отан, туған жер, табиғат осы орайда оқушылар мақал-мәтелдер айтып және де Тайсойған полигонындағы экологиялық жағдайды тудыратын адамдардың іс-әрекетін қолдамайтындықтарын жеткізе білді.

Оқушы шығармашылығы:

 

 

 

Мұра болған ежелгі ата-бабамнан,

Ірге тасы қызыл тастан қаланған.

Сол себептен биік білім ордасы,

Қаракөлдің «Қызыл үйі» атанған.

Жәнібекова Әйкен.

 

Қорған болған еліне, жеріне де,

Билетпеген өзгеге бір көлінде.

Батыр баба Айбастың мазары бар,

Шұрайлы Қаракөлдің кең жерінде.

 

Төлегенов Алпамыс.

Ен даласы қазақтың нулы еді,

Кездесетін шөлі де, сулы жері.

Қаракөл – атына сай көл деседі,

Ежелгі ата-баба шежіресі.                  Елубаева Дария.

Сабағымызды қорыту мақсатында «Қызыл үйге» (макет) саяхат жасап сұрақтарға жауап алынды.

 

  1. Топонимика ұғымы нені білдіреді?
  2. Өлкедегі жер-су аттарын ата?
  3. Қызылқоға өңірінде дүниеге келген атақты адамдарды ата?
  4. Жергілікті жерде қандай рулар мекендеген?
  5. «Қаракөл» деп не себепті аталған?
  6. «Қызыл үй» деп аталу себебін түсіндір?
  7. «Қаракөл» өңірінің қазіргі ресми әкімшілік атауын айтып бер.
  8. Халықтық этимология ұғымын қалай түсінесің?
  9. Атамекенге ат қалай қойылады екен?
  10. «Ойран» төбе деп аталатын жердің тарихи оқиғасын әңгімеле. Қай батырдың ерлігіне байланысты аталған топоним?

Сабақ: әні Б.Тілеухановтың, сөзі Н.Назарбаевтың «Елім менің»  әнімен қорытылды. Оқушылар бағаланып, сабаққа жақсы қатысқан оқушылар марапатталды.

Үйге тапсырма: §9. «Топонимика» деген не?

«Туған өлке-тұнған шежіре» тақырыбында тарихи эссе-шығарма жазу.

Осы сабағым Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық басылым Қазақстан тарихы әдістемелік журналының 2006ж №5 санында жарық көрді. Осы журналдың Құрмет грамотасымен марапатталды.

І. Сабақтың тақырыбы: Біздің өлке

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі:

Әрбір адамға ең жақын, ең қасиетті мекен-туған жері, туған жерінің тарихы, тарихи-мәдени ескерткіштері, табиғаты екенін ұғындыра отырып қойнауы археологиялық қазбаларға бай, тарих пен шежіреге толы Қызылқоға ауданының тарихы, Қарабау селосынан шамамен 30-35, Қаракөл ауылының солтүстік шығысында 15 шақырым қашықтықта, Жаңақора елді мекенінен 4 км шығыста орналасқан «төрткүл» пішіндес қаланың «Қорғанша» деп аталуы, Жерұйықты іздеуші Асан Қайғы бабаның 10 жыл қоныстанған өлкесі екендігін және осы қалаға аралығы 20 шақырым жерден б.э.д. VII-II ғасырларында  өмір сүрген ежелгі Сарматтықтардың көмбесінің табылуы, Қаракөл өңірінің аталу тарихы, кезінде, «Қақпақты қара қазан құтты мекен» атанған Тайсойған өңірінің экологиялық жағдайының әлі дұрыс шешімін таппауы, полигон зардаптары туралы түсінік беру.

ә) тәрбиелігі:

Өз елінің тарихын терең білумен қатар өлкедегі тарих қойнауындағы өздеріне әлі де болса беймәлім тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, перзенттік үлестерін қоса білетін білімпаз, саналы, адамгершілік қасиеті мол ұрпақ ретінде оқыта отырып қалыптастыру.

б) дамытушылығы:

Оқушылырдың тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беруіне, ізденуіне жол ашу, жеке шығармашылық қабілетін шыңдау.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі:

  1. Қызыл үйдің сыртқы көрінісі.
  2. ҚР-ның саяси — әкімшілік картасы.
  3. «Қазақтар» УІІІ том А. 1998 ж.
  4. «Қазақстан тарихы» Шың баспасы 2006 ж.
  5. «Тайсойған полигоны» Қызылқоға газеті.
  6. «Қызылқоғадан ежелгі «Алтын әйел» табылды» Атырау газеті 15 шілде 2006 ж. №84 саны.
  7. «Қорғанша қаласы қазылып жатыр» Атырау газеті 22.УІІ.06ж. №87 саны
  8. Қызылқоға энциклопедиясы.
  9. Оқушы шығармашылығы.
  10. «Халқымыз бұл өңірді Қаракөл дейді» тарихи деректер.
  11. Б.Момышұлы «Қанмен жазылған кітап».
  12. Жергілікті ақын-жазушылардың өлеңдер жинағы.
  13. Сынақ жаттығуларын өз көзімен көрген қарттың әңгімесі /бейнетаспа/

Әдісі: Аралас, Ізденіс сабағы.

Пәнаралық байланыс: 1. Халықтық педагогика

  1. Музыка
  2. Өлке тарихы
  3. Экология

Сабақ ҚР-ның мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды.

Қызығушылықты ояту:

— Оқушылар біз өзіміздің оқып отырған Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығын қандай дәуірді оқумен бастадық. Осы тарихты оқу барысында сендерде қандай сезімдер қалыптасты деп ойлайсыңдар?

—  Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан.

— Ежелгі Қазақстан тарихын оқу барысында бізде тарих пәніне деген қызығушылық, өз бетімен шығармашылық жұмыстармен жұмыс жасауға ден қоюшылық пайда болды. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген тайпалық одақтардың тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсіптері, қоғамдық құрылыстары, Қазақ халқының негізін қалауға өз үлестерін қосқанын, өз өлкемізден тарихи қызықты археологиялық ескерткіштердің табылуы бізді қатты таңқалдырды, өлке тарихын білуге деген қызығушылық, сүйіспеншілік қасиеттері арта түсті.

— Олай болса, сабағымызды ерте темір дәуіріндегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы сұрақтарға жауап беріп, қаншалықты білім дәрежеміз жоғары екендігін байқатайық.

Сұрақтарға жауап алу мақсатында «Кім жылдам» ойыны өткізілді.

 

  1. «Антропология» дегеніміз не?
  2. Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды ата.
  3. Адамзат баласы сыртқы биологиялық қасиеттеріне орай қандай нәсілдік топқа жатады?
  4. «Тарихи антропология» деген не?
  5. «Аңдық стиль» қандай жағдаймен сипатталады?
  6. Қазақстанды мекендеген тайпалар үшін темірді ашу, оны кеңінен қолдану дәуірі қай ғасырлар аралығында болды? (б.з.б. 8-7 ғғ)
  7. Ерте темір дәуірі дегеніміз не? Сипаттама бер.
  8. Біздің еліміздің тарихында темір дәуірі неше кезеңге бөлінеді? Ата. Ерекшеліктері бар ма?
  9. Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам» туралы қосымша қандай деректер білесің?
  10. Ерте темір дәуіріндегі тайпалар тіршілігі туралы бізге қандай ескерткіштер мәлімет береді?
  11. Темір дәуірінің басты ерекшеліктерін ата.
  12. Сақтардың айналадағы қоршаған дүние туралы түсінігі қандай болды?
  13. Сақтардың патшайымы Томиристің тарихтағы алатын орны қандай деп ойлайсың? Оның бойынан қандай қасиеттерді байқай алдың?
  14. Сақ жауынгері Шырақтың ерлігі туралы не білесің?
  15. Көшпелі Сақ тайпаларының әлеуметтік-экономикалық өмірі мен мәдениетінің даму дәрежесін көрсететін шошақ төбелі тымақ киген сақтың қоладан құйылған мүсіні қай өлкеден табылды?
  16. Не себепті қазақтар өздерін «Шошақ төбелі қазақпыз» деп атайды?
  17. Үлкен Есік обасынан табылған жас шамасы 17-18 -дегі Сақ ханзадасының бас киімінде қанша (түрлі) жануарлар мен құстардың бейнесі бейнеленген?

«Анықтап орналастыр» (топтық жұмыс)

Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі  мал шаруашылығының 3 түрін  үйлестірді.

  1. Көшпелі мал шаруашылығы. ______________________________________
  2. Жартылай мал шаруашылығы _____________________________________
  3. Отырықшы мал шаруашылығы _____________________________________

«Кестені толтыр»  

Сарматтардың ескерткіштері

 

Ерте Сармат

дәуірі

Орта Сармат

дәуірі

Соңғы Сармат

дәуірі

Прохоров кезеңі

Б.з.б  ІV-ІІ ғғ

Володарка обасы

(Батыс Қаз-н облысы)

Ерекшелігі:

Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып жерлеу

 

Суслов кезеңі

Б.з.б.  ІІғ-б.з. І ғ

 

Ерекшелігі: мәйітті қабірде қиғаштап жерлеу

Б.з.  ІІ-ІV ғғ.

Лебедевка қорымы Аралтөбе қорымы

Ерекшелігі: мәйіттің басы солтүстікке қаратылып шалқасынан қойып жерлеу

 

Топтастыру стратегиясы

«Сарматтар»

 

Көшпелі мал шаруашылығы                 Асқан өнерлі халық                      Зергерлік кәсіп

 

 

алтын        күміс       мыс          темір

 

Қой         Жылқы                                                                  Атауы б.з.б ІІІ ғасырдан белгілі

 

 

Савроматтардың кейініректегі                                                      Нәсіл                    Еуропалық

ұрпағы                                                                          Тіл                        Ирандық

 

 

Ескерткіштері                                                                                   Жауынгер тайпа

 

Батыс Қазақстан аймағынан                                                         Аналық рудың үрдісі күшті

кездеседі                                                                                   сақталған

 

Қаракөл өңірінде табылды

 

Сармат обалары әртүрлі                     Ежелгі «Алтын әйел»                Грек-Сармат мәдениеті

заттарға өте бай

 

 

алтын       күміс                                                                         Грек құдайы Дионистің

бейнелері салынған ыдыстар

көп табылған

 

«Өз ойыңды қорыт»    /сынып оқушылары өздері оқыған тайпалар жөнінде өз пікірін қорытады/

 

І топ. «Сақтар»

Сақтар өте жауынгер халық болған. Әлемдегі ең шыншыл, ең әділ халық. Сақтар Кир және І Дарий сияқты парсы патшаларын жеңе білген, Александр  Македонскийдің Шығысқа бет алған жорығының жолын бөгеген. Сол кездің өзінде-ақ Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен қолөнер жоғары дәрежеде дамыды. Сақ байнелеу өнерінің іздері тау  қойнауындағы  жартас бетіне салынған байырғы суреттерден де көрінеді. Есік қорғанынан табылған бүкіл әлемге «Алтын киімді адам» деп аталып кеткен ғажайып ескерткіш Сақ мәдениетінің үлгісі екені баршаға мәлім. Есік қорғаны Алматы қаласының шығысында, Іле Алатауы баурайында орналасқан 40-тан астам обадан тұрады, 1969-1970 жылдары қазылған. Үлкен Есік обасының диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Қабірден 17-18 жас шамасындағы Сақ ханзадасының сүйек қаңқасы және 4000-нан астам заттар табылды. Ол заттардың ішіндегі – 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған, «аңдық стильде» өрнектелген ақинақ /қанжар/. Күміс тостағандағы жазуды түрколог ғалым А.Аманжолов оқыды. Ханзаданың бас киімінде 150 түрлі жануарлар мен құстардың бейнесі өрнектелген. Археолог Қ.Ақышев бұл ханзаданы тиграхауда сақтарына жатқызды. Есік қорымы б.з.б  V-ІV ғасырларда салынған.

Пайдаланылған әдебиет: «Қазақстан тарихы» Шың баспасы А.2006ж.

ІІ топ.  «Ғұндар»

Жалпы, ғұндар-түркі халықтарының арғы тегінің басты бір тармағы. Ғұндар қазақ жеріне Орталық Азиядан келді. Қазақ ғалымдарынан Аттила (Еділ) туралы алғаш рет жазып, ғылымға енгізген – Шоқан Уәлиханов. Сонымен қоса өзінің «Пайғамбар» деген өлеңінде:

Ерте күнде отты Күннен ғұн туған,

Отты ғұннан от  боп ойнап мен туғам.

Жүзімді де, қысық қара көзімді.

Туа сала жалынменен мен жуғам.

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.

Мен келемін, мен келемін, мен келем,

Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар! – деп өзін ғұндардың ұрпағы деп есептей отырып, «Ғұн-түркілердің арғы атасы» деп тұжырым жасаушы – Мағжан Жұмабаев Тарихта ғұндар өздерінің көреген, қаһарман жауынгер, әккі саясаткер, айлакер дипломат Аттила (410-453 жж) басшылығымен  еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктіріп аттары аңызға айналған. Ғұндардың әскери қуаты қытайлықтарға Ұлы Қытай қорғанын салдыртты.

Оқушылардың қазақ тілі пәнінен сауаттылығын байқау мақсатында «Бес жол өлең» әдісін қолдандым.

  1. Зат есім: Аттила (Еділ)
  2. Сын есім: Батыр, көсем.
  3. Етістік: талаптандырады, үйретеді, тәрбиелейді.
  4. Сезімді білдіретін сөз: «Аттила – ғұндардың құдіретті билеушісі»
  5. Синоним: Патша.

ІІІ топ – «Сарматтар»

Сармат тайпалары біздің жеріміздің батыс өңірінде мекендеген. Сарматтар асқан өнерлі, батыл жауынгер тайпа болған. Олардың обаларынан табылған алтыннан жасалған әшекей заттары сол заман өңірінің әдемі үлгісі болып табылады. Сарматтардың қоғамдық өмірінде әйелдердің орны ерекше болған. Сарматтар өте бай тайпа болған. Өйткені археологтар қазба жұмыстарын жүргізген кезде көбіне алтын, күмістен жасалған әйелдердің сәндік, әсемдік заттарын (алқа, білезік, сырға, алтын жүзік, шекеліктер) тапқан. Сармат тайпаларының ескерткіші біздің өлкемізден 2006 жылы табылды.

. Тақтаға жаңа сабақтың жоспары жазылды.

Жоспар:

  1. Қаракөл өңірінің тарихы.
  2. Өлкеден табылған тарихи – мәдени ескерткіштер
    1. Сарматтықтардың көмбесі

б.Қорғанша қаласы

  1. Жарылыстан көз ашпаған – Тайсойған өлкесі, полигон зардаптары.

Жаңа сабақты ұйымдастыру.

Өлке ұғымы – ел, облыс, жер. Тар мағынада белгілі бір географиялық объектіге (қалаға, өзенге т.б) қатысы бар, тіпті жер көлемі аз кішігірім жерлер.

Оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау мақсатында сұрақтар қойдым.

  • «Елді мекен» деген не? Оның қандай түрлерін білесің?
  • Туған өлкеге қандай жерлер жатады?
  • Өз өлкеңнің тарихын білесің бе?
  • «Отан» ұғымын қалай түсінесің?
  • Қазақстан кімдердің отаны?
  • Қандай облыстар бар?
  • «Топонимика» деген не?

Осыдан соң «атамекен», «өлке», «туған жер» туралы түсінік беріп, өздерін былтырғы оқу жылында өткізілген «Топонимика» тақырыбында айтылған «Қаракөл» өңірінің аталу тарихы туралы сұрақтар берілді. Картаға төмендегідей сызба ілініп сабақ түсіндірілді.

 

мешіттер                медресселер

 

мектеп үйлері                       Тарихи – мәдени ескерткіштер

 

хан сарайлары              ескерткіш ғимараттар              кітапханалар              қонақ үйлер

 

 

жеке қайраткерлерге                              халқына еңбегі сіңген адамдарға

 

 

салынды

 

 

 

 

 

 

              Тарихи ескерткіш                                                 Мәдени ескерткіш

 

Астана қаласы

 

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

 

Орталық                       Жошы

Қазақстанда                 хан күнбезі

Орталық мешіт                 1999ж.  Алматы

 

Өлкедегі тарихи – мәдени ескерткіштер

 

 

 

Қызыл үй мектебі                                                    Қарабаудағы Қызыл үй

«Кермеқас» мектебі

 

Қорғанша қаласы                                              Соңғы жаңалық

«Сарматтардың көмбесі»

 

Ауданның Ақтөбемен шекаралас аймағынан шамамен б.э.д. VІІ-ІІ ғғ-да өмір сүрген Сарматтықтардың көмбесі, онда жерленген ақсүйек  әйел адамның сүйегі, оның алтын әшекейлері, темір бұйымдар, грек ыдыстары табылды. Табылған әйел сүйегінен оның өте бай әулеттен екендігі байқалады. Бір ғажабы әшекей дүниелер: екі гриф құсы түрінде жасалған тұмарлы алқа, алтын сырға, әдемі салпыншақ  еш бұзылмастан сақталған. Сондай-ақ Сарматтықтардың дәстүріне сәйкес, көмбеден қанжар, үлкен әрі толығымен дерлік сақталған, жиегінде иленіп жасалған бейнемен әшекейленген амфора, әр түрлі ыдыстар, құтылар, қоладан жасалған айна сынықтары, тастан қашалған зергерлік бұйымдар, тіпті темір қасық та табылып отыр. Көмбеден табылған құтыны гректердікі деп сеніммен айтуға болады. Бұл зат Каспий өңірінде ежелгі Сарматтардың Грекиямен сауда-саттық байланыста болғанын дәлелдейді.

Сынып оқушыларының «Қорғанша» қаласына барған саяхаты түсірілген бейнетаспа көрсетілді. Қаланың орны, зерттеу жұмыстары туралы айтылды.

Халық аңызы  бойынша ХV ғасырларда өмір сүрген Асан Қайғы бабамыз халқына жайлы жер іздеп, талай жерді шарлаған екен. Сол сапарларының бірінде өзі «қақпақты қара қазан» деп атаған, бүгінде құрамы әлемдік стандартқа сай келетін «Мұздыбұлақ» минералды суы шығып жатқан Тайсойған өңірінің  экологиялық зардабы, адам өміріне зияндылығы бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Бұл тақырып, бізге жақсы таныс тақырып, себебі біз «Атамекен» бағдарламасының «Заман-ай» бағыты бойынша жыл бойына жұмыс жасап келеміз. Олай болса, оқушылар өз ойымызды ортаға салайық. /Сынып оқушылары өздерінің білетін деректері бойынша  өз ойларын айтты/

  1. Тарихшы (оқушы)
  2. Эколог (оқушы)
  3. Дәрігер (оқушы)

Мұғалім сөзі: Оқушылар бұл экологиялық апат яғни сынақ жаттығулары жөнінде оқиғаны өз көзімен көрген ауылымыздың ақсақалы Бағыт атаның әңгімесін тыңдасақ. /Бейнетаспа көрсетілді/

Соңғы жаңалықтар бойынша,2008 жылдың 1 қаңтарында жоспарланған жалға беру мәселесін тоқтату жұмысы шешімін тапқан жоқ. 55 жыл бойы осы өңірге әбден бауыр басып, меншіктеп алғандай болып көрінетін Қызылқоға ауданының үштен бір жерін пайдалануға бермей, алып жатқан Ресей Федерациясының әскери сынақ алаңында 1988 жылға дейін ракеталары ойнақ салып келді. Осындай жағдайлардың кесірінен  жергілікті халық ұлан-ғайыр алқапта шаруа қожалықтарын да құра алмай отыр. Осының салдарынан Миялы мен Мақат поселкелерінің арасындағы алып аймақта жерасты қойнаулары,  мұнай мен газ кен орындары да әлі күнге дейін шыры шықпастан  игерілместен жатыр. Сондықтан да Үкімет пен Парламент осы жайды дұрыс таразыдан өткізіп, тек біздің облысымыздың ғана емес, бүкіл Республикамыздың да экономикасының дамуына зиянын тигізіп отырған бұл сынақ алаңын жеделдетіп жаптыруы керек қой деп есептейміз.

Қызылқоға ауданы бойынша полигон айналасына орналасқан елді мекендер туралы төмендегі кестеге назар аударсақ.

Темірбай

 

 

Ойтаң                                                                                       Кенбай Сағыз

 

 

 

 

 

Тайсойған                                                                                           Жантерек

 

 

 

  • Ауру көбейді

Жамансор                                • Мал басының шығыны

 

Осыдан соң сыныптағы шығармашылықпен айналысып жүрген оқушының өлеңі тыңдалды.

 

О, Полигон

Жаралаған адамзаттың жан-тәнін,

О, Полигон  неге бізді таңдадың.

Зардабыңды тигіздің сен еліме,

Талайлардың өмірін сен сорладың.

 

Ана тұрды ет жүрегі елжіреп,

Бала тұрды таза ауасыз тентіреп.

О, Полигон пәк күлкіні бұздың сен,

Қалай ғана бұл заманға келді дөп.

Бүгінде оны жойып тастап, тазартпақ

Болар ісі болғаннан соң азаптап.

Неге керек сөз бен босқа алданып,

Іс жүзінде жатпаса егер толастап.

Жәнібекова Әйкен

Венн диаграмасы

 

Тарихи ескерткіштер              мәдени ескерткіштер

 

 

 

 

 

 

 

Бауыржан Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» еңбегіндегі ерлік, батырлық, патриоттық тәрбие туралы айтқан даналық сөздерінің мағынасын ашу.

Оқушыларды  марапаттау.

Үйге тапсырма: «Мен өлкеммен мақтанамын» тақырыбында  ой талқы әзірлеу.

Қызылқоғаның көне қалалары Қорғанша мен Ақтөбеге жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары тарихымыздың тың бетін ашты. Қаланың қазіргі орны Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылының солтүстік шығысында 15 шақырым қашықтықта, Жаңақора мекенінен 4 шақырым шығыста, Ақтөбе мекенінен 8 шақырым оңтүстік-батыста, Ақши мекенінен 6 шақырым солтүстік-батыста орналасқан. Қаланың маңынан Ойыл өзенінің бір саласы Құройыл өтеді. Қала маңына қалың шалғын шөп өскен. Қала ішінің оңтүстік батысында да биіктігі 1 метр болатыны байқалады. Қала құрылыстары мен қорғаны шикі кірпіштен қаланған. Қазір құрылыс үстін шөп басқан. Қаланың көлемі мен қорған жалының биіктігіне қарап, ол орта ғасырда үлкен қала болған деп есептеуге болады.

Қазақтар Қорғанша үстіне қорған тұрғызып, жау келгенде хабарлау үшін қарауыл мұнарасын орнатқан деген аңыз бар. Аңыз бойынша Асан Қайғы Еділден бері көшкенде 100 адаммен сол жерге үй салып 10 жыл отырған.

Бұл туралы жыршы Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» деген жыр толғауында кездестіреміз.

Сөйтіп бүгінде аңызға айналған Ақтөбе мен Қорғанша қаласының орны анықталып, археологиялық жұмысы жүргізілуде. Олардың алғашқы ғылыми деректері нәтижесінде бұл қалалар ХV-XVIII ғасырларда салынғаны анықталды. Археологиялық, этнологиялық және тарихи деректерді қолданып, қаланың салыну уақыты, мәдениеті, саяси әлеуметтік орыны анықталмақ.

Батыс Қазақстан аймағында ХV-XVIII ғасырларда мекендер мен қалалар салынған. Ноғай қазақтар Жем, Ойыл, Жайық, Сағыз, Қобда бойындағы шұрайлы жерлерге қоныстанды. Қалмақ шапқыншылығына қарсы күрес жүргізді. Жаугершілік жаңа қоныс, кент, қорған салынуына себеп болды. Көшпенді халықтың өз ставкалары, ордалары болды. Ол орталық, бекініс қызметін атқарды. Хан ордалары маңында «Қорғаныс» қалалары салынды Қорғанша, Қызылқорған, Қарабау, Ақтөбеде осылай салынған қала-бекіністері болған.

Қорғанша қаласы жаудан қорғану мақсатында салынған, хан ордасы болған. Қазіргі кезеңде оның жобасына қарап ол «қорғаныс қамал қала» болғанын айтуға болады. Мұндай қалаларға жаугершілік кезеңде қала маңындағы адамдар келіп тығылып, жауға қарсы соғыс жүргізген. Ортасындағы ашық алаңға мал қамалған. Қаланы биік қамалы мен сыртындағы су толтырылған оры жауға алғызбайтын жойқын қамал бекініске айналдырған. Қамал үстіне шыққан садақшылар жауды қамалға жеткізбей қырып отырған. Ол ұзақ уақыт шабуылға төтеп берген. Академик Ә.Марғұлан мұндай қалаларды «жан қорғайтын қамал» деп атаған.

ХV-XVIII ғасырларда хандар көшпенді өмір сүрді деген пікір қалыптасқан. Дұрысында Кіші жүздің Әбілқайыр, Нұралы т.б хандары мен билеушілерінің «қала-мекендері» болған. Олар осы ордаларында тұрып билік жүргізген. Батыс Қазақстан аумағындағы ондаған қалалар мен елді-мекендер осы кезеңде салынған.

Өзім сабақ беретін 7-сыныптарға Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы пәнінен «Архитектура және өнер» тақырыбын өткен кезде өлке тарихынан осы Ақтөбе мен Қорғанша қалалары туралы қосымша деректерді қолдандым. Бұл тарихи деректерді сабақта қолдану оқушылардың шығармашылық ізденістерін, жеке тұлғаның жүрек жарды өлең шумақтарының шығуына мүмкіндік туғызды.

Оқу мен тәрбие егіз ұғым. Өлкеге қатысты қосымша тарихи деректерді тек қана сабақтарда қолданбай, сынып сағаттарында да пайдаланамын. Аудандағы шешімін таппаған экологиялық мәселе-Тайсойған өңірінің экологиялық жағдайы туралы 7-сыныпқа өткізген тәрбие сағатымда оқушыларға қосымша тапсырма беру, нәтижесінде оқушылардың өз бетінше қызығушылықпен ізденгенін байқадым.

Тарихшы (Оқушы ізденісі) Полигон әуе қорғанысы құралдарын соғыс жағдайында қолданудың міндеттері бағытындағы жұмыстар жүргізу мақсатымен ұйымдастырылды. Мұнда 40-тан астам елдердің 1 миллионнан астам адамдары үйренуден өтті. Аумақта 1 мың тоннадан астам соғыс техникасының қалдықтары жиналмай қалды. «Тайсойған» деп аталатын полигон Қызылқоға ауданының 750 мың гектар жерін алып жатыр. Бұл жер 1952 жылдың сәуір айындағы Одақтық Министрлер Кеңесінің қаулысымен  әскери қызмет мақсатында берілген болатын. Полигонды стратегиялық мақсаттағы ракета әскері (РВСН) мен әуе соғыс күштері (ВВС) пайдаланды. Тайсойған полигоны әр түрлі бағыттағы үш учаскеден тұрады. Біріншісі-баллистикалық зымырандардың бірінші бөлігі түсетін «Мақат» деп аталатын алаң. Полигонның екінші учаскесінде «Әуе», «Жер» текті, үшіншісінде «Жер-жер» текті зымырандар сынақтан өткізілді. Аймаққа шамамен 2 мың тоннадан астам соғыс техникасының қалдықтары шашылып жатыр. Адам өмірі үшін аса қауіпті гептил отыны бар 300-ден аса ракета жарылды.

Дәрігер (оқушы ізденісі) Ядролық сынақ – халық денсаулығы үшін апат. Тайсойғандағы экологияның тауқыметін өзгелердің басына бере көрмесін! Тайсойған халқының арасында дерт көбейді. Бүйрек, жүрек, қан қысымы, лейкомия секілді індетке шалдығып, қыршынынан қиылғандар саны көп. Бұларға кейінгі мезгілде тамақ, қарын, тері, ауыз қуысы аурулары  қосылды. Жас балаларда нерв жүйесінің зақымдануы мазалайды, рак ауруынан қайтыс болған адамдар саны өте көп. Әйелдердің бедеулігі, кемтар баланың дүниеге көп келуі, өлі туған балалар саны қаншама! Ауылда 60 жастан артық өмір сүре алмайтын болды. 2004 жылы лейкоз ауруына шалдыққан екі бала дүниеден озды. Жас шамалары – 8 -16 жас. Тайсойғанда 20 мүгедек бар. Қазіргі балалардың есте сақтау қабілеті төмендеді. Психологиялық ауытқу байқалады.

Эколог (оқушы ізденісі) Иә, Тайсойған сынақ аймағы. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалы келген өледі» дейміз өзімізді-өзіміз жұбатып. Мезгілсіз ажалға душар ететін қауіптің бірі әскери полигон сынақтары екенін басқалардан гөрі Тайсойғандықтар жақсы біледі. Тайсойған полигоны қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, жер бетінің топырағын, ауаны, суды, адамдардың денсаулығын кейбір зерттеулерден алынған деректер сынақтан белгілі бір дәрежеде қолайсыз әрекет жасалғанын дәлелдейді. Сынақ жарылысы болған аумаққа жақын орналасқан елдімекендердің тұрғын үйлері, мектептері, клубтары, мал қоралары едәуір зақымдалып, ауыз су құдықтары мен мал суаттарының істен шығуы жарылыс болған жердің маңайындағы өсімдіктердің өзгеріске ұшырауы бұл күндері мәлім болып отыр. Малдың әсіресе жылқылардың сәуле әсерінен болған ауруына (лучевая болезнь) шалдыққаны Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға аудандарында тіркеліп отыр.

Сабақта оқушылар өз ойларын осылайша қорытып, өздерінің зиянды әрекетті, полигонды сынақтардың болуын қолдамайтындықтарын білдіріп үндеу жариялады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім жүйесінің стратегиялық мақсаты – жүйелі дайындалып, берген білімді, дағдыларды меңгеретін, бәсекелестік қабілеті мол шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Олай болса тарих сабағында өлкеге қатысты тарихи деректерді үнемі қолданып отырудың нәтижесі-оқушылардың шығармашылық жұмыстарының төмендегідей қалыптасуына септігін тигізді.

Оқушы шығармашылығы.

Туған жер

Туған жерім, Қаракөлім, байтағым

Сенде жатыр ылғи менің аңсарым.

Сенің ғана жырға қосып атыңды,

Сен туралы өмір бойы айтамын.

Туған жердің қымбат маған тасы да

Қымбат маған кәрісі де, жасы да

Айта берсең таусылмайтын әңгіме

Туған жерсіз адам келмес сәніне.

Осында өтті балғын шағым балалық,

Балалықта болады ғой әрқашанда шалалық.

Ересек боп, ер жетіп әртарапқа кеткенде,

Балалықты бәріміз де есте сақтап қаламыз.

Қаракөлден талай шықты көп ақын,

Ақындардың Отанға жаны жақын.

Өскен елін сағынып жырға қосар,

Өнерлілер, әншілер, бәрі-дарын.

Бұл жерден алыс жүрсем сағынамын

Ата-анамды, достарды іздеп қамығамын.

Не бір орман, мұхиты, таулары жоқ

Кіп-кішкентай ауылым маған жақын.

Сөйтсем, туған жерім-анам екен

Құлатүз, құлан дала-панам екен

Осы жердің ауасы жанға шипа

Іздесем таптырмайтын самал екен.

Жәнібекова Әйкен.

 

 

 

Туған жер дегенді қалай түсінеміз?

  • Менің түсінігім бойынша туған жер-әр адамның ата мекені, туып-өскен

жері. мен Қаракөл ауылында туғанмын. Біздің ауылдың табиғаты әсем, ауасы таза, жері құнарлы. Ауыл халқы ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауылда әкімшілік, пошта, мәдениет үйі, балабақша, ауыл атымен аталатын Қаракөл орта мектебі бар. Біздің мектеп-ауданымыздағы маңдай алды үздік мектептердің бірі. Мектеп шәкірттері аудандық, облыстық білім, спорт, өнер додаларында жүлделі орындарға ие болып жүр. Қазақта: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақал бар. Мен осы мақалды дұрыс бағалаймын. Себебі, өз жұртыңнан, өз жеріңнен, өз еліңнен артық жер жоқ.

Ауылымнан жырақ шыққанда үйімді, достарымды, ауылымды қатты сағынамын. Менің ауылымнан көптеген педагогтар, академиктер шыққан.

Сонымен қатар ауыл шетіндегі құмды шағылдан ертеде ата-бабаларымыз пайдаланған құмыра, қылыш, т.б. заттардың сынықтарын табуға болады.

Елубаева Дария.Алтын орда газетінде жарық көрді.

 

 

 

 

 

Табиғатты аялай білейік…

Табиғат-біздің екінші анамыз. Кейде … дос, сырласымыз да. Біз оны барша зұлымдық атаулыдан қорғауымыз керек. Адам баласының досын ешқашан сатпайтыны сияқты. Табиғат атты досымызды аяламау біздің ақылымыздың аздығын, өзімізді өзіміз құрметтемейтіндігімізді білдіреді. Адам табиғаттың бір бөлшегі ғана. Сондықтан ауасымен тыныстап, саясында серуендеп жүрген табиғатымызды әлпештеуіміз керек.

Жәнібекова Әйкен. Алтын орда газеті. 2006 жылы 16 ақпан

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

Жеке тұлға білімді, саналы, толыққанды азамат болып қалыптасуы үшін ең алдымен мектептегі берілетін білім мен ілімнің, тәлім-тәрбиенің оның болашағына тікелей қатыстылығын әрбір ұстаз есте сақтауы қажет.

«Әр ұрпақтың арқалар ауыр жүгі бар» дегендей, әрбір Қызылқоға ауданының азаматы өз өлкесінің құрылу тарихы, географиялық  жағдайын, табиғат ерекшелігін, шаруашылығын, әрбір кезеңнің дәлме-дәл уақыттарын білуге тиісті. Шығармашылық жұмыс әрбір ұрпақтың туған өлкеге деген құрметін, адамгершілік асыл қасиетін, саналылығын толықтырады. Жас ұрпақтың ұлттық дәстүрге құштарлығын арттыруда үнемі есте сақтайтын мәселе-туған өлкенің тарихын насихаттайтын тың деректер жинақтау, хабардар етіп баланың қызығушылығын туғызу арқылы жеке шығармашылық  жұмысқа баулу.

 

Өлкетану тарихын оқытудағы күтілетін нәтиже:

  1. Оқушының өлке тарихын зерттеуге  құлшынысы артады, туған жерге деген құрмет сезімі оянады.
  2. Өзіндік ой-толғанысын еркін білдіре алады, нәтижесінде шығармашылық жұмыстармен айналыса алады.
  3. Өзінің шығармашыл тұлға екендігін  өзге оқушыларға дәлелдей      алады( мерзімді аудандық, республикалық басылымдарға шығармашылық жұмыстары жарық көрді)
  4. 2007 жылы оқушым Маденова Райлан Нұржанқызы Республикалық Хабар Агенттігі ұйымдастырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында «Апталық ойын жеңімпазы»атанып, «Үздік ойыншы» атағын жеңіп алды.
  5. Өзіндік ұстанымы, қағидасы қалыптасады.
  6. Тарихи әдебиеттермен, құжаттармен таныса отырып,өзінің қорытынды пікірін еркін айта алатын ой-өрісі биік, өзінің  теориялық білімін практикамен ұштастыратын сауатты ұрпақ ретінде қалыптасады.
  7. Тарихи оқиғаны тарихи-шешендік тілмен еркін жеткізу дағдысы жетіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С.Сүйінов. « Асқаралы асулар». Алматы 1982жыл.

 

  1. Ж.Қалиева. «Өткенді білмей, келешек жоқ» Қызылқоға газеті 28.05.1994ж.

 

  1. Ж.Есеев. «Ежелгі Қызылқоға» Қызылқоға газеті 28.09.1994ж.

 

  1. Е.Нұршаев. «Қызылқоғаға 50 жыл» Қызылқоға газеті. 25.09.1994ж.

 

  1. Қызылқоға энциклопедиясы. Алматы 2002 жыл.
  2. М.Қасенов. «Қызылқоғаның көне қалалары» 29.09.2007ж.
  3. «Қазақстан тарихы» Шың баспасы 2009-2010жж талапкерге арналған оқулық
  4. «Атырау өңірінің экологиясы» кітапшасы. Атырау қаласы

9.А.Досалиев «Қызылқоға қалай құрылды?» мақаласы

  1. Аудан тарихына байланысты баспасөз материалдары.
  2. «Мектептің салыну тарихы» мектептің мұражайынан алынған деректер, ауыл карияларының айтқан естелік әңгімелері.