Қазақстан тарихы сабағында Ақмола тарихын оқыту туралы

210

Қазақстан тарихы  сабағында Ақмола тарихын  оқыту туралы

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан — 2050» стратегиясының «Жаңа Қазақстандық патриотизм» деп аталатын негізгі бағыттарының бірінде:  «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.

Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек» — деген еді. Қазақстан тарихы пәнінен өткізілетін әрбір тақырыпта оқушыларды осы бағытта тәрбиелеуге  баса назар аударып отырамын.  Оқушыларды өз елінің тарихын білуі мен оған қызықтырудағы  мұғалімнің рөлі туралы айтпаса да түсінікті.  Мен 30 жылдан астам ұстаздық етіп  келемін, бұрынғымен салыстырсақ  бүгінгі күні  мемлекетіміздің, оқушының, ата-ананың бізге-ұстаздарға қоятын талабы жоғары.  2012-2013 оқу жылында мен  ІІІ – деңгейлік курстан өтіп, содан бері  сабақтарымда «Кембридж тәсілін» пайдаланып жүрмін.  21 қараша күні 2013 жылы 8 сыныпта Қазақстан тарихынан бағдарламаға сәйкес өткізген «Ақмола тарихы» тақырыбына тоқталып өтейін. Қиылған суреттер арқылы 4 топқа бөлдім:  «Астана» тобы, «Тәуелсіздік» тобы, «Қазақ» тобы, «Алаш» тобы. Жаңа тақырыптың мақсат, міндеттерімен таныстыра отырып, бүгінгі тақырып  Елордамыз –Астана қаласының  тарихы  екеніне оқушылардың назарын аудардым. Бұл олардың тақырыпқа қызығушылықтарын арттырды.  Енді сабақ барысына тоқталып өтейін.

Жаңа округ құруға әзірлік және бекіністің салынуы туралы түсінік берілді.  1822 жылы патша үкіметі «Сібір қырғыздары туралы жарғыны» негізге ала отырып, басқарудың жаңа жүйесін енгізді. «Жарғы» бойынша Орта және Ұлы жүздің бір бөлігінің аумағы «Сібір қырғыздарының облысы» (Омбы) атауын алды, ол жаңадан құрылған Батыс-Сібір генерал-губернаторствосының құрамына кірді. «Жарғыға» сәйкес, 1822-1844 жылдары жүздер аумағының аясында 8 округ құрылды, атап айтқанда: Көкшетау (1824), Құсмұрын (1824), Ақмола (1832), Атбасар (1846). 1854 жылы Омбы облысы Ақмола облысы және Семей облысы болып екіге бөлінді. 1829 жылы Қоңырқұлджа Құдайменді сұлтан Ресей үкіметіне Жоңғар тарпынан шапқыншылық пен тонаудың жиілеп кеткендігі туралы арызбен Ақмола шатқалында өзі басқаратын болыстарда сыртқы округ құру туралы өтініш білдіреді.
Батыс Сібір генерал-губернаторы Ақмола округінің бекінісін және негізін қалау үшін Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Ф. Шубинді іссапарға жіберу жөнінде өкім шығарды.  Бекініс Есіл өзінінің оң жақ жағалауында жазық даланың ортасында қаланды. Ақмола округтік приказының ресми ашылуы 1832 жылғы 22 тамызда өтті. Дегенмен де, бұл приказға да 1837-1847 жж (Кенесары Қасымовтың көтерілісі) уақиғаларға байланысты өзінің орналасқан орнын ауыстыруына тура келді.  Приказ Қара-Өткел шатқалына ауыстырылды.

Сабақта пайдаланылған слайдтар: бірінші слайд

«Астанамыздың тарихы патша заманынан сонау 1830 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Батыс-Сібір губернаторы  Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін  қасында 200 адамы бар Федор Кузмич Шубин келіп қаланың қазіргі орнына қазық қақты. Оның есімі Ақмола бекінісінің негізін қалаушылардың бірі ретінде тарихта қалды. 1830 жылдың 28 мамыр күні басталған қала құрылысы 2 жылға созылып, 1832 жылғы 22 тамызда аяқталады.  Бекіністі салуда құрылыс материалдарының жетіспеушілігі қиындық туғызды, оны Петропавл және Омбы қалаларынан жеткізді.  Ақмола округінің аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы  сайланды»

Оқушыларға қосымша Ресей патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатына   байланысты бекіністер салып жатқанын (алдыңғы тақырыптардан Семей, Өскемен, Жәміш, Омбы  т.б.   бекіністері туралы біледі) естеріне сала отырып, Ақмола қаласының да бекініс ретінде салынғанын айта кетемін.  

Екінші  слайд – Ақмола бекінісіндегі сол кездегі ірі құрылыстар туралы, суреттерімен көрсетіліп, оларға тоқталып өттім.

Соның бірі қазірге дейін сақталып тұрған  бекініс қалдығын мына суреттен көруге болады.

 

Ақмола бекінісінен қалған бір белгі…

 

 

Константин-Еленинский шіркеуі  1850 жылдары   әскери бекіністің   жанында қазіргі Қажымұқан   стадионының  орнына салынған. (бұрынғы және қазіргі көрінісі)

 

1881 жылы салынған бұл собор Ақмола  бекінісіндегі ең танымал ғимарат болған.

Кезінде архитектуралық кескінділігімен ерекшеленген ғимараттардың бірі – Александр-Невский соборы болыпты.  Бізге 1881 жылғы 12 мамырда тұрғызылған бұл алып нысанның тек суреті ғана жеткен. Ол Александр үшінші мен отбасының құрметіне салынса керек. Большевиктер 1940 жылы қиратып тастаған.

Қала Ақаола атанып тұрған кезде бой көтерген ғимараттың бірі депе қазіргі орыс драма театрын айтуға болады. Шаңырақ көтерген кезі – 1943 жыл. Сол тұстарда театр сахнасында Мұхтар Әуезовтың  «Еңлік — Кебек», Ғабит Мүсіреповтың «Қозы — Көрпеш» пьесалары қойылған. Алайда саяси режим қала басшылары өзін-өзі ақтай алмайды деген желеумен 1948 жылы қазақ тобын жауып тастаған. Ұлттық театр арада 42 жыл өткен соң, яғни 1990 жылы ғана ашылды.

Үшінші слайд — 1862 ж 26 қыркүйекте Ақмолаға  округтық     қала  мәртебесі  берілді. Бұл сұрақ бойынша оқушылар оқулықтан (124-125 бб) және таратпа материалдан алдымен жеке оқып, жұппен, топпен талқылап, қорғайды.

Оқулыққа қосымша мәтін әр оқушыға беріледі:  «КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен Қазақ КСРО құрамында Ақмола қаласы орталығы орналастырылған Ақмола облысы құрылды, оның құрамына Қарағанды облысының құрамынан 4 аудан (Ақмола, Новочеркасск, Еркіншілік, Вишневск) және Солтүстік Қазақстан облысынан 11 аудан (Сталин, Калинин, Макинск, Атбасар, Есіл, Рузаевск, Арықбалық, Молотов, Зеренді, Щучье, Еңбекшілдер), барлығы 15 аудан кірді. 1939 жылғы 16 қазанда облыс аумағында жаңа Шортанды ауданы құрылды.
1961 жылғы 20 наурызда Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді.  1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласының тарихи атауы Ақмола қалпына келтірілді.  1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылғы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылғы 8 сәуірдегі Президенттің Жарлығына сәйкес Ақмола облысының шекарасы өзгертілді, оның құрамына бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кірген Көкшетау қ. аумағы қосылды. Ақмола облысының әкімшілік орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына  көшірілді. Ел астанасының көшірілуі қыстың қақаған аязына дөп келді. Сондықтан Қазақстанның жаңа елордасы — Ас­тананың халықаралық тұсауы 1998 жылдың 10 шілдесі күні кесілді. Біз күні кешеге дейін Астана күнін дәл осы 10 шілде күні атап өтіп келдік. Кейін Астана күні ел астанасын ауыстыру туралы қаулы қабылданған 6 шілдеге ауысты­рылды. Өйткені 1994 жылдың 6 шілдесінде астананы Алматыдан Ақмолаға көші­ру мәселесі дауысқа салынып, аз ғана басымдықпен мақұлданған қаулы — болашақ Астананың тууы туралы куәлігі қабылданған.
  Төртінші слайд

Қазақстанның астанасы болған қалалар және олардың картадағы орны.

  1. Орынбор — 1920 – 1924 жж
  2. Қызылорда — 1924 – 1929 жж
  3. Алматы – 1929 – 1997 жж
  4. Астана – 1997 ж

 Бесінші слайд

Қала халқының саны бірте-бірте өсе түсті. Қалалықтардың саны шаруалардың ағылып келуіне байланысты елеулі түрде өсті. 1882 жылдан бастап Ақмолаға саяси жер аударылғандар да келе бастады. Мәселен, әр жылдары М. Кутневский,П. Румянцев, Б. Ендрушек, Ф. Иваницкий, Александр Александрович Богомолец А , Анатолий Георгиевич УфимцевА. Уфимцев және басқалары, барлығы 50-ден астам саяси жер аударылып келгендер, өз мерзімдерін осы қалада өтеп қайтты. Олардың қай-қайсысы да талантты әрі дарынды жандар болатын. Мәселен, Ақмолада 1902-1906жылдары болған А. Уфимцев белгілі өнертапқыш әрі авиаконструктор еді.

 

Қала халқы санының өсуі:

1890 ж    —    5 640 адам

1914 ж    —   16 500 адам

1997 ж    — 230 000 адам

2009 ж   — 750 000 адам

Оқушыларға берілген келесі тапсырма 1-2 топтар «Астана – біздің мақтанышымыз» тақырыбында топпен шағын эссе жазады, 3-4 топтар осы тақырыпта ментальды карта жасап қорғайды. Бұл тапсырмада Астананың қазіргі келбеті сипатталады. Оқушылар бұл тапсырманы өте қызыға, бәсекелесе және бар ынталарымен, бар білімдерін сала орындады. Сыныптағы Берікжан Астана қаласында болғандағы көргендерін айтып, өз тобына эссе жазуда көп  көмек берген. Ментальды карта  жасаған топтар Астананың ең басты құрылыстарын атап өткен.

 

Оқушыларға Астана туралы қосымша мәліметтер бердім. Мысалы:

1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталған. 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  музейі ашылды. Астанада 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі өткізіледі. Астана қаласының рәміздерімен таныстырдым.

 

Сабақ үстіндегі  топтық жұмыстардан көрініс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Қазақстан Ренспубликасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР Заңы.
  2. 20.05.
  3. «Қазақстан – 2050» стратегиясы. 2012. желтоқсан
  4. Назарбаев Н. Еуразия жүрегінде.-Алматы: Атамұра, 2005.- 192 б.
    3. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.- Алматы: Атамұра,2003.-240б.
    4. Назарбаев Н.Ә. Туған елім – тірегім / Н. Назарбаев : Құрас.: М. Қасымбеков. – Алматы : Рауан , 2001. – 127 б.
    5. Дәуренбеков Ж. Менің Қазақстаным = My Kazakhstan / Ж.Дәуренбеков. – Алматы: Ана тілі, 2001. – 39 б.
    6. Елорда шежіресі. Егемен Қазақстан — 2002-10.12.