Соңғы тас дәуірі

167

Қазалы ауданы №91 Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп

І-санатты тарих пәнінің мұғалімі:         Жалимбетова Базар Қаршығақызы

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары:

Сабақ тақырыбы:§ 2. Соңғы тас дәуірі

Сабақ мақсаты:

  • Соңғы тас дәуірінің үш кезеңге бөлінетінін, оның ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістердің адам тіршілігі мен өміріне әкелген жаңалықтарын көрсету.
  • Шаруашылық түрлерінің дамуын, алғашқы металл- мысты пайдаланудың зор маңызын түсіндіру. Үш кезеңнің мәдени ескерткіштеріне тоқталып өту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында» картасы
  2. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
  3. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
  2. Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
  3. Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?
  1. Соңғы палеолит кезеңін ғалымдар адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің басталуы деп не себептен айтқан, дәлелдеңдер?
  2. Соңғы палеолит кезеңінде адамдар өмірінде еңбек, аңшылық құралдардың қандай жаңа түрлері мен тәсілдері пайда болды?
  3. Осы кезеңде адамдар тұрағын көбінесе қай жерлерге салған, оның себебі қандай?
  4. Соңғы палеолит кезеңінің ескерткіштерін археолог ғалымдар Қазақстанның қай аймақтарынан зерттеп әлемге әйгілі етіп отыр?

Сабақтың жоспары:

  1. Мезолит
  2. Неолит
  3. Неолит кезеңінің ескерткіштері
  4. Энеолит

Жоспардағы бірінші мәселені түсіндіруде дидактикалық материалдардағы «Соңғы тас  дәуірі»- тірек-сызбасын пайдаланамын. Бұл кезеңнің ерекшелігін, мұздың еріп, еңбек құралдырын дайындаудағы жаңалықты, садақ пен жебенің , сынаның кең түрде қолданылғанын атап өтіп, оқушылардың терең ұғынып, түсініп білуін қадағалау мақсатында  сұрақтар қойып, оқушы білімін бекітіп отырамын.

Екінші мәселені талдауда оқушыларға өзіндік жұмысын жасатамын. Ол үшін төмендегі сұрақтар беріледі, оқушылар өздігінен дайындалып жауап береді. (5-6 минутқа ықшамдау).

  1. Неолит кезеңінде адамдардың тас құрал жасауда ең жоғары сатыға жеткенін немен дәлелдей аласыңдар?
  2. Неолит кезеңінде адамдардың шаруашылығы мен кәсібінде қандай жаңалықтар болды?
  3. Адамдардың қоғамдыры рөлінің арта түскенін  дәлелдеңдер.

Үшінші мәселедегі неолит кезеңінің ескерткіштерін   картаны, кестені , сызбаны пайдалана отырып, түсіндіремын.  Негізгі мазмұнды оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады.

Негізгі мазмұн

Қай жерден табылды Тұрақтар Зерттеудегі жаңалықтар
1 Оңтүстік Қазақстан обылысы Қараүңгір (б.з.б. 6-5 мыңжылдық) Үңгір-екі бөлмелі.

Тастан жасалған құрылыстар, сүйектен ине, біз. Қыш ыдыстар

2 Маңғыстау облысы Ойықты, Төлес Тұрмыста теріні, сүйек, ағаш өңдеу кеңінен қолданылды. Қыш ыдыстар,  сыртына геометриялық өрнектер салынған.
3 Қосқұдық (б.з.б. 5-4 мыңжылдық) Шақпақ шәне жай тастардан жасалған көптеген бұйымдар. Тарақ тәрізді өрнекпен өрнектелген қыш ыдыстар
4 Ақмола облысы Атбасар мәдениеті- Қарлыға, Жабай 200-ге жуық тұрақ табылған. Жартылай көшпелі шаруашылық
5 Торғай облысы Маханжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Сор Ыдыстар ерекшелігі-жіңішке қылта мойын, конус тәрізді. Өрнектері-тарақша

Жоғарыдағы төртінші мәселе энеолит кезеңі.  Оқушыларға: Адам баласы құрал  жасау үшін алғаш қандай металл пайладанған?-деген сұрақ қоя отырып, оқушы назарын аударып, пікір алысамын. Сонымен қоса мыстан жасалған құралдырдың тастан жасалған құралдарды толық ысыстырып шығара алмағанын атап көрсетемін.

Бұл кезеңнің  мәдени ескерткіші Ботай мәдениетіне жан-жақты тоқталып кетемін.

Археологиялық зерттеулер энеолит  кезеңі мәдениетінің Қазақстанның басқа да аймақтарынан кездесетінін картаны пайдалана отырып түсіндіріп, сабақты қорытындылаймын.

Бекіту:

  • Соңғы тас дәуірінің кезеңдерінің хронологиясын анықтап, қысқаша айтып беріңдер.
  • Мезолит кезеңі адам өміріне қандай жаңалықтар алып келді?
  • Мезолит кезеңінің тұрақтары қай жерден табылды, олардың өздеріне тән ерекшеліктері қандай?
  • Неолит кезеңі адам өміріне қандай өзгерістер алып келді?
  • Ботай мәдениеті туралы не білесіңдер?

Бағалау:

Үйге тапсырма:

  1. 2 соңындағы сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
  2. Соңғы тас дәуірі кезеңінің ерекшеліктері деген кестені толтыруға беру. (дидактикалық материалдардан алып беру).