ҚАЗАҚ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

111

ҚАЗАҚ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Мақсаты:

білімділік: оқушыларға қазақ гобелен өнері және бұл өнерді дамытуға үлес қосқан суретшілер өнері мен өмірі жайында білім беру;

дамытушылық: оқушылардың қазақ өнері жайындағы ойы мен дүниетанымдарын дамыту;

тәрбиелік: қазақ елінің өнер қайраткерлерінің өнері мен өмірі жайлы білім бере отырып, оқушылар бойында Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Эстетикалық тәрбие беру.

 

Көрнекілік: тірек-сызбалар, түрлі суреттер мен суретшілер портреттері, таратпа материалдары және т.б.

 

Оқулық: Болатбаев Қ., т.б. Өнер. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 288 бет, суретті.

 

Сабақтың түрі: аралас.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, сәйкестендіру тесті және т.б.

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

 

А. Сұрақтарға жауап алу тәсілі арқылы:

 

  1. 1960-1970 жылдардағы Қазақстан бейнелеу өнеріне үлес қосқан кескіндемеші суретшілерді атаңдар: (Жанатай Шарденов, Мұхит Қалимов, Тұрсын Әбуов, Әбдірашид Сыдыханов, Тоқболат Тоғысбаев, Салихитдин Айтбаев, Шаймерден Сариев).
  2. Бейнелеу өнерін бедерлеуде жаңа стиль, бағыт ұстанған суретшілер кімдер? (Еркін Мергенов, Төлеген Досмағамбетов, Бақтияр Табиев, Әділ Рахманов, К.Муллашев, Бақытжан Әбішев, Мақұм Қисамединов, Ескен сергебаев, Балтабай Табылдиев, Исатай Исабеков, Темірхан Ордабеков).
  3. 1960-1970 жылдар арасында пайда болған үздік көркем туындыларды атаңдар: (Ж.Шарденовтің «М.Сүртібаев портреті», «Медеу», «Талас өңірі», М. Қалимовтың «Исатай — Махамбет», «Қазақ билері», «Ғани Мұратбаев», Т. Әбуевтің «Домбыра», «Гүлдер», С.Айтбаевтің «Бақыт», «Қонақ келді» және т.б.).
  4. Мүсін өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген мүсіншілеріміздің еңбектері республикамыздың қай жерінде орналасқан?
  5. 1970 жылдары ұлттық мазмұнымен танылған шығармаларды атаңдар: («Домбыра», «Қобыз», «Көшпенділер белгісі», «Біржан сал», «Ахмет Йассауи белгісі» және т.б.).
  6. Графика жанрын қолданған суретшілер кімдер және олардың қандай көркем шығармаларын білесіңдер? (К.Муллашевтің «Жер және замана. Қазақстан»).
  7. 1960-1970 жылдары суретшілердің көпшілігі қандай тақырыптарға арнап көркем туындылар жазды? (Суретшілер тақырыптары сан алуан болды. Отанның тыныс-тіршілігі, табиғаты, адам өмірі мен еліміздің тарихы, халықтың дәстүрі, адам образдары және т.б.).

 

 

Ә. Сәйкестендіру тестін шешу:

 

Жанатай Шарденов 1940-1996 ж.ж.
Мұхит Қалимов 1940 жылы туған
Тұрсын Әбуов 1931-2002 ж.ж.
Әбдірашид Сыдыханов 1938-1988 ж.ж.
Тоқболат Тоғысбаев 1936 жылы туған
Салихитдин Айтбаев 1927-1992 ж.ж.
Шаймардан Сариев 1937 жылы туған
Еркін Мергенов 1838-1994 ж.ж.

 

III. Жаңа сабақ.

 

Тірек сызба арқылы түсіндіріледі.

1-сызба.

 

 

2-сызба

Кестені толтыру (Кестені толтыру барысында суретшілер шығармалары  көрсетіліп сипаттама беріледі).

 

СУРЕТШІ ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ
Құрасбек Тыныбеков 1947-1980 ж.ж. «Шопан» (1970), «Отбасы» (1973), «Көктем» (1974), «Тау мен дала» (1975), «Өмірағашы» (1976), «Байқоңыр ырғақтары» (1977), «Аққу әні» (1980), «Композиция», «Дала әуені» (1972), «Аспан» (1973) және т.б.
Бәтима Зәуірбекова 1946 жылы туған «Керуен» (1973), «Дала аруы» (1979), «Жер-Ана» (1984), «Жіп иіруші қыз» (1972), «Қазақстан», «Көктем» (1974) және т.б.
Ирина Зиновьевна Ярема 1931 жылы туған «Маңғыстау» (1974) және т.б.
Әлібай Бапанова

Сәуле Бапанов

1953 жылы туған

1956 жылы туған

«Ұлы бәйтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттау», «Киелі ағаш», «Мәңгілік», «Жаратылыс», «Көш», «Жайлау» және т.б.
Зейнелхан Мұхамеджанұлы 1959 жылы туған «Қорқыт ата», «Жауынгер», «Балбалдар» және т.б.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту.

 

А. Оқушыларға сұрақтар қою:

 

  1. Қазақстан гобелен өнерін дамыту мен қалыптастыруға үлес қосқан суретшілер кімдер? (Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә. Бапанов, С.Бапанова, Л.А.Анисимова, К.Жұбаниязова, С.Г.Иляева, А.Иханова, Е.П.Николаева, Н.И.Павленко, Б.Өтепов, Ш.Қожаханов және т.б.)
  2. Гобелен өнері мен кесте өнерін ұштастырған суретшінің шығармашылығы жайында айтып бер.
  3. Қазақ гобелен өнерінің басқа халықтар өнерімен сабақтастығы қандай?
  4. Гобелен өнеріндегі жаңа бағыттарды атаңдар.

 

 

Ә. З.Мұхамеджанұлының «Бақыт» шығармасының суретіне қарай отырып талдау жасау.

 

 

Б. Кестені толтыру:

 

ШЫҒАРМА АТАУЫ АВТОРЫ
«Шопан» Құрасбек Тыныбеков
Бәтима Зәуірбекова «Жіп иіруші қыз»
Әлібай Бапанова

Сәуле Бапанов

«Ұлы бәйтерек»
«Саяхаттау» Әлібай Бапанова

Сәуле Бапанов

Құрасбек Тыныбеков «Өмір ағашы»
«Қорқыт ата» Зейнелхан Мұхамеджанұлы
«Мәңгілік» Әлібай Бапанова

Сәуле Бапанов

«Балбалдар» Зейнелхан Мұхамеджанұлы
Бәтима Зәуірбекова «Қазақстан»
«Байқоңыр ырғақтары» Құрасбек Тыныбеков

 

 

В. Сөзжұмбақ: «Гобелен»

 

1 Ж А У Ы Н Г Е Р
        2 О Т Б А С Ы  
3 З Ә У І Р Б Е К О В А  
      4 Г Е Р М А Н И Я
5 З Е Й Н Е Л Х А Н      
      6 К Е Р У Е Н    
7 Ш О П А Н            

 

  1. З.Мұхамеджанұлының шығармасы.
  2. 1973 ж. орындалған Құрасбек Тыныбековтыің еңбегі.
  3. 1946 ж. дүниеге келген суретші.
  4. Гобелен өнері алғаш жақсы дамыған елдердің бірі.
  5. Кесте өнерін жаңғыртушы.
  6. 1973 ж. орындалған Б.Зәуірбекованың еңбегі.
  7. Тыныбековтың алғашқы шығармаларының бірі.

 

  1. Қорытынды; бағалау.

 

  1. Үйге тапсырма: § 16 оқып келу.