1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».

146

Шегірбаева Сара

№ 64. Ж.Аймауытов атындағы

көп салалы мектеп-гимназиясы

тарих пәнінің мұғалімі

 

Сабақ тақырыбы: «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».

Сабақ мақсаты:

Білімдік: Бөкей Ордасының құрылуы, Ішкі Ордадағы 1836-1839 жылдардағы шаруалар көтерілісінің бастал себептері, басты мақсаты, көтерілістің негізгі қозғаушы күші және көтерілістің болашақ басшылары Исатай мен Махамбеттер қызметінің тарихи ықпалы.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәбиелеу.

Дамытушылық:Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Тірек ұғым: Қазақстан тарихындағы Исатай мен Махамбеттің тарихи орны.

Сабақ көрнекілігі: ҚР картасы, саяси карта;

а) И. Тайманұлы бастаған көтеріліс ( 1836-1838 ж.ж )- карта,

б) Ішкі Орданың аумағы – карта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.

Тарихи оқиғалар: Желтоқсан оқиғасымен  сабақты  байланыстыру.

Сабақтың тақырыбы: § 11 «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».

 Жоспар:

  1. Бөкей Ордасының құрылуы. Шаруалар көтерілісінің басталу себептері және оның барысы.
  2. 2. Патшаның көтеріліске қарсы шаралары. Көтерілістің жеңілуі.
  3. Көтерілістің салдары және тарихи маңызы.

Жаңа сабақтың тақырыбы: «Көтерілістің салдары және тарихи маңызы»

  1. Көтеріліс жеңілген соң , ішкі Ордадағы халықтың жағдайы, салдары.
  2. Көтерілістің тарихи маңызы.
  3. Қорытынды.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)  Сәлемдесу;

ә)  ҚР гимні;

б)  Оқушыларды түгендеу;

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ.

  1. Жаңа сабақты бекіту.

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:

  1. Бөкей Ордасының құрылуы ( картамен жұмыс ).
  2. Кесте толтыру.
  3. Ішкі Ордадағы көтеріліс ( 3 кезеңге бөлінеді, плакат )
  4. Патшаның көтеріліске қарсы шаралары.
  5. Исатай Тайманұлы басшылығымен болған шаруа көтерілісі.
  6. «Ойлан тап» ойыны
  7. Хронологиялық кесте.
  8. Тест сұрақтары таратылады.
  9. Карточкалық сұрақтар.
  10. 2 топқа бөлінеді.

I топ: Исатай Тайманұлы

II топ: Махамбет Өтемісұлы

 

  1. Пәнаралық байланыс.
  2. Желтоқсан оқиғасы.

Кесте № 2

 

Ішкі Ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінеді

 

I кезең 1836 жылдар- көтерілістің басты алғышарттарының қалыптасуы
II кезең 1837 жылдың басынан осы жылдың аяғына дейін-көтерілістің етек алған кезеңі, патша жазалаушы әскерімен, хан итаршыларымен қақтығыстар
III кезең 1837 жылдың желтоқсан айынан 1838 жылдың шілде айына дейін- көтерілісшілер күшінің әлсіреп, жеңілу кезеңі