Тарихи карталар

126

Сабақтың  тақырыбы . Тарихи  карталар

Сабақтың  мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға карта тарихы , қазақ  жері  жайлы  карталық  мәліметтер  туралы  түсінік

                        беру.

Дамытушылық: Оқушыларға  сұрақтар , тапсырмалар  беру арқылы ойлау, есте  сақтау  қабілетін 

                               дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды бірлікке,  адамгершілікке , елін , жерін  сүйе, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :  Дәстүрлі

Сабақтың  типі : Жаңа  сабақты  меңгерту.

Сабақтың  әдісі :  Ауызша  баяндау, сұрақ –жауап.

Көрнекілік :  Сызбалар , кесте.

Құрал – жабдық :  Карта.

Сабақ  барысы : І. Ұйымдастыру .

                              а) Сынып  оқушыларын түгелдеу.

                              ә) Оқушылар  назарын  сабаққа аудару.

                           ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау , бағалау.

  Тақырыбы:Тарих  және  кеңістік .

  1. Кеңістік ұғымы
  2. қазақ халқының кеңістік  туралы  ұымдары.

                        ІІІ . Өткен  сабақты  бекіту.

  1. Кеңістікті қалай түсінесің ?
  2. кестені толтыр.
Сақтардың  әлемнің  үш  құрылымы  туралы  түсінігі Ежелгі  түріктердің  кеңістік  туралы  ұғымы Қазақтар  кеңістікті  қалай  атаған ?
     

 

3 . Тест  тапсырмалары.

1) Күнге  табынудан  қазақ жерінде  қандай  ескерткіштер  қалған ?

    А) пирамида                     ә) «мұртты  қорған»                     б) обалар                    В) кесенелер

2) Ежелгі  түріктер  неге табынған ?

     А) тәңірге                ә) жаратушыға                 б) күнге                В) тауға

 

ІҮ. Жаңа  сабақ

1 . Карта  тарихы

                             немісше – «түпнұсқа»

Карта

                            грекше – «жазу  папирусы»

Карта  түрлері

 

 

              Тарихи             географиялық                     саяси                                экономикалық

Алғашқы  карталар      —  Қытайда  жасалды

Карта  жасау  ісі  дамыды  — Ежелгі  Грекияда

 

Ежелгі  карталар

 

р\с Ежелгі  карталарды  жасушылар Қамтылған  жері
1 Геродот Жердің  кескін  картасын  алғаш  жобалап  жасады. Оған  Ежелгі  Грекия  жері  енді.
2 Птолемей Б.з.б. ІІ ғ.  «география» кітабын  жазып , оған  қосымша  дүние  жүзінің  картасын  жасайды. 26  мемлекеттің аумағы  қамтылады. Еуразия, Африка  құрлықтарының  бедері  қазіргі  кескініне  біраз  жақындайды.
3 Ұлы  ойшыл , саяхатшылар әл – Идриси,Ибн  Хаукал Дүние  жүзі  және  Орта  Азия  картасының  түпнұсқасын құрастырып , қолжазбаға  енгізген.
4 Махмұд Қашғари ХІ ғ . қазақ  жерінің  саяси – этностық  тарихы  туралы  дерек  береді.

 

ХҮІ – ХҮІІ ғ . – Италия , Голландия елдерінде  карта  жасау  ісі  жолға  қойылды.

 

«Худад әл — Әлемде »  ортағасырлық  құнды  еңбек , қарлұқтар  жайлы  дерек  бар.

Әл-Идриси  «Сурат  әл- ард»( «Жер  беті  суреті») – Қазақ  жеріндегі  ежелгі қалалар , таулар  мен

                                өзендер  жайлы , қимақтың  16  қаласы  аталады.Ертіс  өңірін  мекендеген  тайпалар

Орыс ғалымы  С.Ремезов – ХҮІІ ғ. «Сібірдің  сызба  кітабы» — алғаш  рет  қазақ жерін  өзі  жазған

                       кітабындағы  картаға  түсірген.

И.Г. Ренат – Тұтқындағы  швед офицері – қазақ жерінің  картасын  Жоңғария  ханының

                      тапсырмасымен  жасайды.

Ш. Уалиханов – Ыстықкөлді алғаш  рет топографиялық  картаға  түсірді.

 

Ү. Жаңа  сабақты  бекіту.

  1. Карта не үшін қажет ?
  2. Әлемде алғаш карталар  қалай  жасалды ?
  3. Көне және ортағасырлық  сауда мен  көш  жолдары  туралы  не  білесің ?

 

ҮІ. Қорытындылау.

ҮІІ . Үйге  тапсырма

Тарих  және  карталар

          Өздерің  тұрған елді  мекеннің  картасын  жасап  келу.