Қозы. Өрісте. Жіңішке дауысты дыбыстар.

№21 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қозы. Өрісте. Жіңішке дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың мәтіндер мен өлеңдерден жіңішке дауысты дыбыстарды табу арқылы тапсырмаларды орындау.ә)  Оқушыларды малдың төлдерімен танысу арқылы  алған білімдерін дамыту.б)  Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды  ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу

Үй тапсырмасын тексеру:–Үйге қандай тапсырам берілді?-Үйге берілген тапсырманы кім оқып , талдап береді?

III. Мақсат қою кезеңі: -балалар біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске түсірейікші-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Жіңішке дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?

-Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?

-Кім атап береді?

  1. Жаңа сабақ:-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қозы», «Өрісте» әңгімесі мен өлеңді оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарды табамыз.37-жаттығу. Сөздерді дауыстап оқып, көшіріп жазу.Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу
  2. Жаңа материалды пысықтау:Ойын ретінде «Төлдердің енесін тап».

–Малдар қайда жайылады?

-Өрісте.

— Дұрыс .Ендеше келесі мәтін «Өрісте»Мәтінді түсініп оқып, оқушыларға тізбектей оқыту.

  1. Құрамында жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді атау.

VI.Жаңа сабақты қорыту:1.Малды күту үшін не істеу керек?2.Малдарды бұрыннан ата-бабаларымыз қалай қастерлеген3. Оқушылар: «малды бастан теппе» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

VII. Бекіту  Төрт түлік иелерін ата.

VIIIҮйге тапсырма, бағалау Төрт түлік мал туралы әңгіме құрап, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызып жазу