Сәулет өнері және құрылыс

93

                                        Сабақ жоспары

Күні

Сынып:    7   Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:     Сәулет өнері және құрылыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Х-ХІІғасырлардағы сәулет өнерінің ерекшелігі, сәулет өнері құрылысындағы

жаңаша стильдер, архитектуралық ескерткіштермен танысу, олардың

тарихынан мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс жасау және салыстырмалы талдау жасау

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:     Оқушылардың өз елін сүюге , құрметтеуге еліміздің   құнды архитектуралық

ескерткіштерін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, тапсырмалар орындау, сұраққа жауап беру, сұрақ қою ,талдау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, видеоролик

Сабақтың барысы:

І   Ұйымдастыру  (түгелдеу )

3 топқа бөлу

1-топ архитекторлар

2-топ  тарихшылар

3-топ туризм  агенттігі қызметкерлері

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Жазбаша жұмысты тексеру

Айналмалы бекет ойыны

1-топ

 

2-  топ

 

 

 

 

 

 

 

 

3-топ

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту: видеоролик ,

1.Сәулет өнерінің құндылығы неде?

2.Сәулет өнері ескерткіштері тарихтан қандай сыр шертеді деп ойлайсыз?

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам , Отырар, Созақ, Түркістан Алмалық сияқты ірі қалаларда архитетуралық ескерткіштер көптеп салынған.

А.Байтұрсынов адамзат тарихындағы бес өнерді атап көрсеткен.Оның біріншісі-сөз өнері, екіншісі –сәулет өнері, үшіншісі мүсін өнері, төртіншісі сурет, бесіншісі –би, саз өнері деп бөлген екен.

Жаңа сабақ тақырыпты талдауға топтарға тапсырма    (15 минут )

І топқа тапсырма:

Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи, Бабаджа Қатын ескерткіштерінің архитектуралық ерекшеліктерін сипаттау

 

ІІ топқа тапсырма:

Архитектура және архитектуралық ескерткіштердің шығу тарихы,  аңызын талдау ( жоба құрастыру)

 

ІІІ топқа тапсырма:

Архитектуралық ескерткіштерді насихаттау үшін жарнама жасау

 

Талдауға 3 минуттан

Бекіту: Деңгейлік сұрақтар ұяшықтардан сұрақтар таңдайды

І деңгей

1.Қазақ жеріндегі архитектуралық ескерткіштерді атаңыз?

  1. Архитектура деген ұғымды қалай түсінесіз?
  2. Сәулет өнерінің Қазақстан жеріндегі түрлерін атаңыз?

ІІ деңгей

1.Сәулет өнерінің құрамдас бөліктерін атаңыз?

2.Орта ғасырлық сәулет өнерінің ерекшелігі неде?

  1. Сәулет өнерінің кезеңдерін атаңыз?

ІІІ деңгей

1.Қазақстанда іргелі ғимаратық құрылыстар қай жерлерде бой көтере бастады және оған қандай жағдай әсер етті?

  1. Архитектуралық ескерткіштердің тарихи маңызы қандай ?
  2. Әмір Темір Ахмет Йасуаи кесенесін салдырғанда қандай мақсатты көздеген?

 

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, қосымша мәлімет әкелу

Қорытынды: Қазақстан жерінде 10-14ғасырларға жататын ескерткіштер көпшілігі Оңтүстік Қазақстанда орналасқан олар-Асан ата кесенесі, 10 ғасырға жататын  Қызылорда қаласындағы үш қабатты Сараманқос мұнарасы , Тараз қаласынан 13ғ Шамансұр күмбезі , 13-14 ғасырларға жататын Оңт. Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы  Қожа Ахмет Йасауидің анасы Қарашаш ана кесенесі  тағы басқа кесенелер тарихтың өлшеусіз құнды мұрасы болып қала береді.

5 муниттық эссе

 «Архитектуралық ескерткіштер  тарих қойнауынан сыр шертеді »

Бағалау: Бағалау парағына топтарды бағалау