Ежелгі Қазақстанның мәдениеті

148

Сабақтың тақырыбы: § 30.  Ежелгі Қазақстанның мәдениеті

Сабақтың мақсаты:   Ертедегі Қазақстан тұрғындары туралы  жазба

мәліметтерге сүйеніп және олардың баспаналары ,

археологиялық  қазба деректері туралы айтып баяндау.

Дамытушылық:      сабақты дамыта отырып, оқушылырдың ойлау  қабілетін

көтеру.

Тәрбиелік:                  Қазақстанда орналасқан ескерткіштерді танып, біліп,

оларды  қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тест, слайд, ағаш үй суреті, ойын элементтері.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың жүрісі:      1.Ұйымдастыру;

2.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Өз еңбегінде сақтар туралы айтқан тарихшы

а) Геродот     ә) Мұхаммед Хайдар Дулати    б) Мұхаммед Қашқари    в) Ибн — Фадлан

  1. Сақ өнері стилінің атауы.

а) құс стилі          ә) аң стилі         б) соғды стилі      в) жануарлар стилі

  1. Үйсіндер қоныстанған аумақ.

а) Жетісу      ә) Орталық Қазақстан     б) Солтүстік Қазақстан            в) Маңғыстау

  1. Қаңлылар мекендеген аумақ.

а) Сырдария бойы    ә) Оңтүстік Қазақстан  б) Маңғыстау    в) Орталық Қазақстан

  1. Үйсін билеушісі қалай аталады?

а) хан        ә) патша        б) шаньюи           в) гуньмо

  1. Қаңлылардың астанасын ата.

а) Битянь         ә) Суяб        б) Жаңақала         в) Ч  Чигу

  1. Есік қорғаны қай ғасырға жатады?

а)  б.з.б. VII ғасыр   ә)  б.з.б. ІІ ғасыр      б) б.з.б.  V ғасыр      в) б.з.б.  V – IV ғасыр

  1. “Зерлеу” әдісі дегеніміз не?

а) алтын түйіршіктерді дәнекерлеу          ә) түрлі тастардан тас қондыру

б) қалыпқа құю                в) сымды шиыршықтап орау.

  1. Сарматтар шаруашылығының негізгі саласы

а) жартылай көшпелі                ә) көшпелі мал шаруашылығы

б) көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік        в) үй маңы бақташылық.

  1. Тарихта заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым.

а) топономика         ә) тарих        б) археология        в) антропология

  1. Еділ – Жайық бойын мекендеген сарматтардың кәсібі.

а) бақташылық              ә) аңшылық         б) балық аулау      в) егіншілік.

  1. Савромат ескерткіштерінің ең жақсы зерттелгені.

а) Бөріқазған тұрағы    ә)  Ботай қонысы    б) Сынтас қорымы    в) Есік қорғаны

  1. Соңғы сармат кезеңінің жарқын ескерткіші

а) Қостөбе         ә) Алты – асар           б) Аралтөбе     в) Бесшатыр қорымы.

  1. Батыс Қазақстан аумағындағы б.з.б VIIIғ мен б.з.б Vғ мекендеген тайпа

А) ғұндар            ә) қаңлылар           Б) сарматтар            в) үйсіндер.

  1. Мына тарихшылардың қайсысы сарматтар туралы жазбаған

а) Диодор         ә) Үлкен Плиний      б) Полибий          в) Геродот

  1. Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздіктер болғанын дәлелдейді.

а) жазба деректер                 ә) археологиялық ескерткіштер

б) тастағы таңбалар               в) халық аңыздары

  1. Жаңа сабақ: Жоспар:
  2. Ертедегі Қазақстан тұрғұндары туралы жазба мәліметтер.
  3. Ежелгі тұрғындардың баспалары
  4. Археологиялық қазба деректер
  5. Ұлы Жібек жолы

 

 

Қазақстан- үлкен мемлекет. Соған қарай оның климаты мен табиғат жағдайы біркелкі емес. Климат жағдайларына байланысты шаруашылық жүргізу формалары, көшу жүйесінің ұзақтығы, қозғалу жылдамдығы, мал құрамы өзгеріп отырған. Мысалы: Қазақстанның оңтүстігінде қой басым болса, батысында түйе мен жылқы көп. Қазақстанның солтүстік шығыс бөлігі ірі қараның көптігімен ерекшеленеді. Ертедегі тұрғындар туралы жазба мәліметтер аз. Ғалымдар негізінен білімді археологиялық ескерткіштің қазбалары мен көршілердің аздаған жазба деректерінен алады. Грек парсы қытай жазбалары бойынша қазақ даласында сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, сармат тайпалары тұрған. Археологтар ғұндардың баспаналарын суреттеп жазған. Олардың үйлерінде жылыту жүйесі болған. Қазіргі заманның ерлердің күн делікті киіп жүретін шалбарын көшпелілер өте ерте кезден-ақ ойлап тапқан. Үзенгіні де алғаш рет көшпелілер қолданған. Көшпелелердің баспанасы киіз үй өте қолайлы әрі әбден жетілген құрылыс үлгісі болып саналады. Ертедегі тұрғындардан қалған обалар, бекіністі қалалар мен қоныстар мал шаруашылығымен және егіншілікпен шұғылданған. Сақтардың өнерінде «аң стилі» деген өзіндік дәстүрлі бейнелеу өнерінің түрі болған. Бұл стиль б.з.б. VIII-VII ғасырда шыққан. Б.з.б. VIII-V ғасырда «аң  стилімен» қатар «полихром стилі» де дамыған. Көшпелілер заттарды безендіруді, яғни бұйымға түрлі түсті тастарды жапсыруды жақсы білген. Олар заттарды түйіршіктермен әшекейлеген. Б.з.б. III-V ғасырларында «полихром стилі» барынша гүлденді.

«Аң стилі» бейнелерімен құрал-жабдық, қару-жарақтар, киім мен ат әбзелдері әшекейленді.

Қазақстан арқылы Ұлы  Жібек жолы өткен. Ол Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Геродот Ұлы Жібек жолының бір бағытын сипаттаған. Ол сипаттаған жол Қара  теңіз жағалауынан Донға дейін, одан әрі сарматтар жеріне, Орал маңына, одан шығып Ертіс пен Алтайға дейін созылған. Геродот мұнда тұратын халықтарды атап өтеді, олар- сарматтар, исседондар, аргиппейлер, аримаспылар.

Б.з.б.II  ғасырда Ұлы Жібек жолы Үйсіндер мен Қаңлылардың жері арқылы өткен . Негізгі тауар жібек еді. Сөйтіп Рим шынсы мен теңгелері, Қытайдың ыдыстары, айналары мен жібегі, Еуропа ілгектері, Иранның өрнекті асыл жүзіктері бізге де жеткен.

Оқушыларды сергіту:    Ғажайып жетілік

  1. Тарихи терминдер
  2. Антропология 2. Аңдық стиль 3. Археология         4. Бифас
  3. Гуньмо 6. Дромос 7. Микролит           8. Кроманьон
  4. Шаньюи 10. Синантроп
  5. Жұмбақтар.
1. Құрғак жерде сақтайсын,

Онсыз тамақ татпайсын.

2. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

3. Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,

Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

4. “Айт” десе, жүгірмес,

Су тисе, сілкінбес./шөп/

 

5. Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады

Қыста жақсаң – жаның рахат табады .

6. Жер көрдім қаласы бар

Үйлері жоқ мекендейтін,

Көл көрдім, өзең көрдім,

Сулары жоқ тереңдейтін.

7.  Үлкен – улкен түйені

Тастапты адам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп.

8. Әдемі түнде мен жүрсем жүреді

бірге.

 

  1. Тарихи диктант
  2. Шошақ бөрікті сақтар — ………………………………
  3. Сусын дайындайтын сақтар — ……………………..
  4. Теңіздің арғы жағындағы сақтар — ………………….
  5. Ғұндар – көшпелі ел. Оларды …………….. басқарды. Елді ………….. биледі.
  6. Қазақстан сары даласын шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі …………………….
  7. Мұртты обалардың …….. түрі бар, олардың мұртшалары ……………. …… білдіреді.
  8. Цинь патшалығы ………………………. қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.
  9. Сақ қоғамы ……………., ……………….. ..,  …………………… деп  аталатын үш топтан тұрды.

4.Тарихи домино: Әртүрлі түсті әріптерді орындарына жинақтап қою арқылы сөйлемді табу.

  1. Тарихтың атасы Геродот ;
  2. Көзе – саздан жасалған қыш ыдыс
  3. Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” деп атады.
  4. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл – мыс.
  5. Малды туысқандар арасында бөлісу рудың шығуына әкелді.

5.Тест

  1. Адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі.

а) Қола дәуірі     ә) Тас дәуірі      б) Андронов кезеңі     в) Рулық кезең

  1. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі.

а) рулық   ә) тайпалық   б) қауымдастық   в) тобыр

  1. Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай

а) терімшіліктің дамуы    ә) аңшылықтың тууы    б) темірді пайдалану    в) егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі

  1. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы

а) Кроманьон     ә) синантроп     б) неандерталь     в) епті адам

  1. Ежелгі адамдардың еңбек құралдары

а) садақ    ә) булиранг     б) найза          в) үшкір тас

  1. Жер беті күрт суи бастады.

а) 500 мың жыл бұрын     ә) 1 млн жыл бұрын

б) 100 мың жыл бұрын    в) 300 мың жыл бұрын

  1. 1938ж Өзбекстанда неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір.

а) Шақпақ ата    ә) Арыстанды    б) Бөріқазған   в) Тесіктас

  1. Эпеолиттік ескерткіштер табылған Маңғыстау жеріндегі елді мекен.

а) Ботай      ә) Шабақты      б) Қарасу      в) Шебір

  1. Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал

а) сиыр      ә) түйе, ешкі     б) жылқы         в) жылқы, қой.

  1. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым.

а) Массон      ә) Ақышев       б) Гулилев       в) Марғұлан.

  1. Мақал – мәтелдер

Отан, еңбек, достық, жанұя, салт – дәстүр тақырыптарында

7.Сұрақ – жауап

  1. Қазақстан Республикасы егемендігіне неше жыл толды?
  2. Астана қаласы қай уақыттан бері астана атағын алды?
  3. Қазақстан Республикасында қанша облыс бар? Біз қай облыста тұрамыз?
  4. Бекет ата мешіті қай қалаларда орналасқан?
  5. Қазақстан Республикасы қандай елдермен шектеседі?
  6. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
  7. Адамдар қанша нәсілге бөлінеді? Біз қай нәсілге жатамыз?

4.Бекіту сұрақтары:

  1. Көшпенділердің қандай заттарды ойлап тапқанын айтыңдар.
  2. Ұлы Жібек жолы қандай қызметтер атқарды? Қазақстан арқылы қандай тауар тасымалдады?
  3. “Аңдық стиль” туралы не білесіңдер?
  4. “Полихром стилі” дегеніміз қандай стиль?
  5. Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қарым – қатынас қай ғасырларда басталды?
  6. Ертеде Қазақстан аумағында қандай тайпалар мекендеген?
  7. Көшпелі мал шаруашылығымен Қазақстанның қай аймағы айналысты?

    5.Қорытындылау, бағалау.

  1. Үйге тапсырма беру: §30 мазмұндап келу.