Өткен күрестер жеңісі – Тәуелсіздік жемісі

70

Өткен күрестер жеңісі – Тәуелсіздік жемісі

Мақсаты: Тәуелсіздік  ұғымын түсіндіру.   Тәуелсіздік  жолында

құрбан  болған қазақ халқының  ерлігімен таныстыру.

Туған  жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл,

адамгершілігі мол  азамат   етіп  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:          плакаттар, қанатты сөздер,

компьютер, экран /слайд-шоу/

Жоспар:

  1. Жоңғар шапқыншылығы.
  2. Ашаршылық (1928 – 1932 жж)
  3. Репрессия (1937 – 1939 жж)
  4. Ұлы Отан соғысы (1941 – 1945 жж)
  5. Желтоқсан (1986 ж)

Барысы: 

   Әнұран айтылады.

Сараптта тарих беттерін

Парақта тарих беттерін

Оқисын одан не қилы,

Шежірелі сөздерін.

Қанды қырғын Шыңғыс та,

Салды ойран қазаққа.

Өзбекппен,  қалмақта,

Салды ланды қазаққа.

Ер Абылай тұсында

Азаттық алған елім – ай

Талай қырғын азапты

Көтерген менің жерім – ай.

Кенесары Қасымдай,

Саржанменен, Сырымдай,

Исатай мен Махамбет,

Еңіреп туған ерлерім

Айта берсем мың бір рет

Ашаршылық құрбаны,

Болған қайран елім- ай

Репрессия құрбаны,

Болған қайран ерім – ай.

Сәкен, Ілияс, Бейімбет,

Мағжан, Дулат, Ахмет,

Әлихан, Тұрар, Шәкәрім,

Еңіреп өтті – ау елім деп.

Соғыс зарын шеккен ел,

Қорылықты сонша көрген ел,

Желтоқсанға құрбандық,

Өз қолымен шалған ел.

Дүниеге паш болып,

Тәуелсіздік алған ел,

Нарықтың қыспағын

Жаншыла басып көтерген

Қазақ деген елім бұл!!!

1  Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар!  Тәуелсіздігімізге 20 –жыл толуына арналған «Өткен күндер жеңісі – Тәуелсіздік жемісі» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!

2  Жүргізуші: Биыл – қазақ елінің мәртебесін жоғарлатып, шоқтығын биіктетер айтулы мереке. Бабаларымыздың мирас еткен, білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздік алғанымызға – 20 жыл.

1  Жүргізуші: Өз егемендігін жариялап «Қазақ» деген ұлтты бүкіл әлемге таныта отырып, ұлан – байтақ туган жерінің бетітінде осыншама ұлттардың бірлігі мен ынтымақтастығын ұялатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп атап айтқан.

Ән «Қазақ елі» орындайтын:

2 Жүргізуші: Қазақ елі – сонау Алтайдан Пиренейге дейінгі билік еткен Еділ батырдың елі, Қазақ  елі асқан батырлығымен, ақыл – парасаттылығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

1  Жүргізуші: ХҮ – елі ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады,  ұлан – байтақ елімізге тұс – тұстан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.

І бөлім   Сахналық көрініс.

Ауыл қариялары, жас балалар, азаматтарын жоңғар соғысына қарсы аттандырған. Ауылдарын жау шауып, Қаратаудан асып, Сарыарқаға қарай келе жатқан көш. Залда «Елім – ай» музыкасы ойнап тұрады.

2  Жүргізуші: Күтпеген жерден қазақ жеріне жасаған жоңғарлардың шабуылына  қазақтар тоз – тоз болып, мал – мүліктен айырылып қырылды. Қасіретті осы оқиғаға байланысты қазақ халқының «Елім — ай» әні дүниеге келді.

ІІ болім

1 Жүргізуші: Қыстан әрең шығып,  бір уыс тары табалмай, Кеңес өкіметі әдейі уйымдастырған алапат ашаршылыққа ұшыраған қалың қазақ жартысының кобісінен айырылып шыбынша қырылды.

(Ашаршылық Қиналған үсті басы тозған, бірін – бірі сүйеген топ көрінеді.

– Апа, нан берші, қарным ашты – деп жылаған балалардың үні. (Мұндада «Елім — ай» музыкасы ойнап тұрады.)

ІІІ болім

2  Жүргізуші: 1937 жыл. Қызыл репрессия.

Сахнада түрмеде отырган Сәкен, Ілияс, Бейімбет т.б. адамдар. (Қол – аяқтары кісендеулі, Екінші бұрышта сұрақ – жауап алып отырған тергеуші. Ұрып – соғып, қинау, өтірік жала)

Сот үкімі: Ату. (Мылтық дауысы естіледі)

1 Жүргізуші: Алаштың арыстарын тоз – тоз еткен зұлмат жылдары алдағы күннен үміт үзбеген Әлихан Бөкейханов «Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні бөлек мемлекет болар» депті. Ұлт көсемінің осы корегендігі жүзеге асты.

«Қазақ биі» орындайтын қыздар тобы

ІҮ болім Ұлы Отан соғысы

2  Жүргізуші: Бастап орыс, тұрды қатар,

Сапқа батыр бауырлары.

Ер грузин, кекшіл татар,

Қайсар қазақ ауылдағы.

(Сахнада азаматтарын жауға атттандырған ата – ана, бала – шаға әйелдер).

Ауыл ақсақалының батасы:

            Жорытқанда жолдарың болсын,

Қыдыр баба жолдасын болсын.

Елге аман – есен абыроймен орал

Жауды жеңіп, жеңіспен орал – әумин!

(Паровоздың үні, жылаған, тілектес ел – жұрт.)

1 Жүргізуші: Қазақ  халқының Төлеген Тоқтардай, Нүркен Әбдіровтей, Мәншүк пен Әлиядай, Қасым Қайсеновтай, Бауыржан Момышұлындай, Мәлік Ғабдуллиндей неше мыңдаған батырлары жауға қарсы шайқасып қаншама қазақ боздақтары жер жастанды, бірақ намысты қолдан бермеді.

Ән «Қазағым»

ҮІ болім

2  Жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде де аз жазылған жоқ. Халқымыздың Тәуелсіздігі, Егемендігі жолында өз өмірін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету – қазақ азаматтарының игі борышы.

1  Жүргізуші: Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды,

Құпия шерттім осы жан сырымды.

Хош енді, жолықпасаң, қайран ана,

Көзімнен ақ жаулығың жасырынды.

(Ескерткішке екі оқушы гүл шоктарын қояды. Ләззат анасы ескерткіш басында қызын жоқтайды. Сахнаға М. Шаханов, журналист, студент шығады.)

«Ананың зары»

Мынау неткен зар заман,

Жүректегі тар заман.

Сені өлтірген дұшпанға

Зауал келсін Алладан.

Асыл едің, Мыс болдың,

Ізің жатыр, өзің жоқ.

Қайдасың,  қайда, қарағым?!

Мұхтар Шаханов:

«Бұл тақта аузынан ана сүті кетпей жатып, шашынан сүйретіліп сабалған, жазықсыз жалаға ұшыраған бүлдіршін қыздың көз жасына қойылған ескерткіш. Бұл тақта – әлемде әлі зорлық бар деп ұғынып үлгермеген қаншама жас жігіттер мен қыздардың әділетсіздікпен бетпе – бет ұшырасқан қайғылы шағының ескерткіші. Бұл тақта – негізсіз күдікке, қудалауға ұшыраған немесеұл – қызын күтіп түрменің тас есігінен сығалаған қаншама аналарымыз бен әкелеріміздің төзіміне қойылған ескерткіш!».

Журналист: Мұхтар аға, Желтоқсан ызғарына ұрынған ұлдарымызды «Ұлт мақтанышы» деп айтудан тартынатын сияқтымыз. Олар шын мәнінде азаттық ұранын алғаш көтерген қарылғаштар емеспе?

  • Олай болса олардың бәрі мақтауға тұратын батырлықтың үлгісі емес пе?
  • Жөн айтасың, қалқам. Өр рухты азаматтар гой!

1  Жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.

Ән «Желтоқсан желі»

2   Жүргізуші: Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді  екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.

1  Жүргізуші: Тәуелсіздік – ұмыт қалған тілімізді, дінімізді, әдет – ғұрпымызды, тарихымызды жаңартты! Тіл мемлекеттік мәртебе алды.

2   Жүргізуші:  Ана тілім –

Шежірем,

Өсиетім!

Аз ба, көп пе, білмеймін, қасіретің.

Ата – баба түгілі кейінгілер

Анасының білмейді қасиетін.

деп енді  әзіл көрініске кезек береміз. «Сырласу»

  • Сабақ қалай, балам?
  • Жаман емес, аға.
  • Жаман болмаса жақсы екен. Қандай сонда бағаң?
  • Бағаның несін сурайсың? Мысалы кеше диктанттан үштік баға алдым, бірақ арықтау.
  • қайтесің шырағым, болса да баға ғой. ол ештеңе емес – ау.
  • Осы менің жазуыма ұстазым, риза болмай – ақ қойды. Талапқа сай жазады – деп өзгелерди мақтайды. Ал мен дегенде жыны бар.
  • Сызықтан асып кеттің дей ме, тасымалды аттап кеттің дей ме, әйтеуір ескертпесі көп – ақ. Шынында, менің шақшадай басыма сол ережелерінің сиюы қиын – ақ!
  • Аға, бізге мұғалім сөйлемнің бақандай 5 мүшесі болады дейді. Әжеме айтсам сөйлемде мүше болатын ба еді, мүше адамда ғана болады – дейді. Ол рас па, аға?
  • Рас болғанда қандай, адамда 7 мүше болады ғой.
  • Иә, өжем де солай дейді. Мұғалім айтып басыңды қатыра берсе, 7 мүшең сау болсын, үйде отыра бер – дейді. Сонда ағамды тыңдаймын ба, әлде әжемді ме, әлде мұғалімді ме? (иығын көтеріп шығып кетеді).

1  Жүргізуші: 1992 жылы 4 – маусымда Қазақстан Республикасының жаңа нышандары бой түзеді. мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!

2   Жүргізуші:  Қуаныштан қалай кеуде кермеспін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

Ән: «Алға  қазақ жігіттері»

1  Жүргізуші: Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа,

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт – санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі

2   Жүргізуші:  Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің күресі.

Құрметті қауым, бүгінгі шарамызды «Өткен күндер жеңісі – Тәуелсіздік жемісі» деп атағанымыз жай емес. ата заманнан күресіп келе жатқан халқымыз бүгін Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестердің жемісі.

Осымен Тәуелсіз еліміздің 20 жылдығына арналған мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті.