Оқушыларға Қазақстанның қалай көп ұлтты мемлекетке айналғаны жайлы түсінік беру
Тақырыбы: Қазақстан халқы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның қалай көп ұлтты мемлекетке айналғаны жайлы түсінік беру
Міндеттері:
1.Білімдік – Қазақ халқының басынан өткен түрлі тарихи оқиғалар жайлы түсіндіре отырып, көп этнос ұғымына терең тоқталу
2.Дамытушылық – Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық әрекеттерін арттыру.
3.Тәрбиелік – Қазақстандық патриотизмге, өз елін, жерін сүюге, ұлттық татулыққа тәрбиелеу
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: ауызша сұрау, ой қозғау, ойын технологиясының әдістері, интерактивті тақтамен жұмыс, топтастыру, тест жұмысы, үлестірме карточкамен жұмыс, вен диаграммасы, суретпен жұмыс, кестемен жұмыс
Қолданылатын көрнекі құрал – жабдықтар: Оқулық, тірек сызба, интерактивті тақта, карточкалар, суреттер, хрестоматия
Сабақтың тірек ұғымдары: Этнос, Диаспора
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2.Үй жұмысын тексеру:
- Суреттеу – Қазақстанның табиғаты қандай? (суретпен жұмыс)
- Аймақтық компонент — 37 беттегі 5 тапсырма — Өздерің өмір сүретін өлкеде қандай кен орындары бар?
- Қатармен жұмыс: Кесте бойынша әңгімелеу
1 қатар – Қазақстанның таулары
2 қатар — Өзен, көлдер
3 қатар – Жануарлары, құстары
- Картамен жұмыс – картаны пайдалана отырып, ірі тау, өзен, көлдерді көрсету
- Қорытындылау.
Бақылау жұмысына даярлық (Қайталау)
1.Сәйкестіру тесті — кітаптың авторларын тап?
Птолемей — География
Ремезов — Сібірдің сызба кітабы
Әл – Идриси – Жер беті туралы суреті
Әл – Хорезми – Жер жайындағы кітабы
Аяқталмаған термин?
- Топонимика дегеніміз – жер – су аттарын зерттейтін ғылым
- Карта немісше – түпнұсқа дегенді білдіреді
- Археология дегеніміз — адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттеу
- Тарих дегеніміз – оқиғалар жайлы әңгіме
- Ономастика дегеніміз – атаулар тарихын зерттейді
3.Жаңа сабаққа әзірлік
Ой қозғау:
1.Балалар Қазақстан көп ұлтты мемлкет дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Қазақстанның басынан қандай қиын – қыстау, зобалаң кездер өткенін бастауыш сыныптардан білесіңдер
3.Жаңа сабақ
Топтастыру
Ұжымдастыру, Индустрияландыру, Аштық, Репрессия, Қоныс аудару, Тың игеру,
Терминдерді түсіндіру:
Этнос – белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ
Диаспора — өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ
Жер бетінде 3000 – дай этнос бар, Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері бар
Оқулықпен жұмыс:
Қазақстанға көшіріліп әкелінген ұлт өкілдері:қашан,қанша, қай жерден, кімдер?
1937 жылы – Қиыр Шығыстан, 96 мың, кәріс
1940 – 1941 жж – Батыс шекарадан, 105 мың поляк
1943-1944 жж – қалмақтар, қарашай, қырым татарлары, балкарлар, чешендер, ингуштар
1954 -1965 жж — Тың игеру кезінде 2 млн орыс, украин
Жетелеу сұрақтары:
1.Балалар қалай ойлайсындар неге бұл ұлт өкілдерін Қазақстанға жер аударды?
2.Қазақ халқы бұл ұлт өкілдерін қалай қарсы алды?
Конституциядан үзінді оқу:
Дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан Қазақстанда мекен ететін ұлт өкілдері тең.
Мемлекет басқа ұл өкілдеріне қандай көмек көрсетуде?
1.Жастарға жоғары оқу орындарына түсуге
2.Ересектерге жұмыс істеуге
3.Қысымшылық көрсетпеу
- Бекіту кезеңі
Қатармен жұмыс
1.Сипаттау- қазақ халқын сипаттау
2.Қазақ халқының салт – дәстүрлері жайлы айту
- Қазақтардың басқа халықтардан ерекшелігі неде?
Т – кестесі: Мемлекет басқа ұл өкілдеріне қандай көмек көрсетеді, қандай талап қояды? Мемлекет
Қолдау көрсетеді Талап етеді
5.Үйге тапсырма беру
1.Ұлттық татулықты бейнелейтін сурет салу
2.Вен диаграммасы – қазақ халқы — орыс халқын салыстыру
- Шетелдегі Қазақтар жайлы қосымша мәлімет әкелу
4.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет (шығарма, эссе, өлең шумақтары)
- сұрақ тест құру
6.Бақылауға даярлық