Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

110

Қыстаубаева Райса Жаңбырбайқызы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Бейнеу гимназиясының тарих пәні мұғалімі

 

7-сынып         Қазақстан тарихы                                                     

Сабақтың тақырыбы:   §22. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

Сабақтың мақсаты: Монғол империясының тарихымен таныса отырып,                                                                                                                                                                          Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның                                                         ауыр зардаптарын анықтау, басқыншыларға қарсы халық                                                      күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы түсіну.

Сабақтың міндеті:         1. Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығының                                                 зардаптарының әсерінен қазақ халқының қалыптасуының                                                      кешеуілдеп, этникалық құралы бұзылғандығын,                                                              Қазақстанның әлеуметтік — экономикалық дамуына зиян                                                келтіргенін анықтау.

2.Саяси оқиғаларға өз бетінше тұжырым жасау.

3.Соғыстың, шапқыншылықтың шаруашылықты,                                                           мәдениетті дамытуға кері әсері тиетінін ұғыну.

Сабақтың нәтижесі:      Оқушылар жаңа тақырыпты игере отырып сыни тұрғыдан                                                     ойлауы дамиды, тарихи білімді шығармашылықпен қолдана                                        білу дағдысы және оқиғалар мен құбылыстарды талдау                                                 қабілеті дамиды, топта оқушының жұмыс жасай білуі                                                    анықталады.

Сабақтың көрнекілігі:     1. «ХІІІ ғасырдағы Қазақстанға Монғол-татар                                                                       шапқыншылығы» картасы.

  1. «XIII-XIV ғасырлардағы Монғол-татар шапқыншылығы»                                       картасы. Қазақстанның саяси картасы.
  2. Интерактивті тақта. Слайдтар.

Ұйымдастыру кезеңі:    Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.                                                  Топқа бөліп отырғызу. Бағалау парағын тарату.

Үй тапсырмасын тексеру: ІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.

(«Зымыран сұрақ» ойыны арқылы оқушылардың бұған дейінгі сабақтарда алған білімдерін тексеру, бақылау.)

“Зымыран сұрақ” ойыны

  1. Бұрын Оңтүстікте 30 қала белгілі болса, кейінгі зерттеу бойынша олардың саны қаншаға жеткен?
  2. Көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары:
  3. “Ташнау” дегеніміз не?
  4. Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?
  5. Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни-нанымдар болды?
  6. Мешіт дегеніміз не?
  7. Боран мұнарасы қай ғасырларда салынған?
  8. 1210 және 1217-1218 жылдары Хорезм шахы Мұхаммед Текеш теңге соқтырған қала?
  9. Археологиялық қазба жұмыстары барысында шығыс моншалары табылған қалаларды ата:
  10. X ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазған кім?
  11. Х-ХІ ғасырларда Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуына үлес қосқан көрнекті ғалымдарды ата:
  12. Орта ғасырлық ғалымдардың шығармаларын ата:

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру.

Жаңа сабақ:

Жоспар:

  1. Монғол империясының құрылуы
  2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы
  3. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
  4. Жаулап алудың зардаптары
  5. Ұлыстардың құрылуы

Балалар, біздің ата-бабамыз талай соғысты бастан кешкен. Толарсақтан саз кешіп, қоңыраулы найза қолға алып, туған жерін жаудан қорғаған талай батырларымызды тарих бетінен парақтай отырып, ерліктерін әдеби шығармалардан оқып, білеміз. Бүгінгі сабағымыз өздерің теледидардан талай тамашалап көрген Монғол империясының шаңырағын көтерген, дүниежүзіне әйгілі Шыңғысханның Қазақстанға жорықтары туралы болмақ. Интерактивті тақтадан видео көрсетіледі. (Темучиннің таққа отыру рәсімі)

Сабақ топтық жұмыс арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін 4 топқа тақырыптың 4 жоспарын оқып-танысу үшін бөліп беремін. Әр топ оқшылары мәтінді жеке-жеке оқып дайындалады.

«Топтастыру стратегиясы»

  1. Іштей оқиды.Түсінеді. Ойланады.
  2. Оқушы INSERT әдісін пайдаланып оқиды.
  • Білемін

+   Жаңа білім

?   Тереңірек білгім келеді.

Әр топқа карточкалық сұрақтар таратылады. Жауапты сызба арқылы постерге түсіреді. Әр топтан таныстырылым жасауға бір оқушыдан белгіленеді.

  1. Монғол мемлекетінің құрылуы (хронологиялық бағыттағы талдау)
1155 ж.(1162 ж.) Темучиннің дүниеге келуі
1171 ж. әкесі Есугейдің қаза табуы
1184 ж. Темучиннің монғол тайпаларының билеушісі болуы
1189-1206 ж. Көрші тайпаларды бағындыру жорықтары
1206 ж. Монғол мемлекетінің құрылуы. Темучиннің Шыңғысхан атануы

 

  1. Монғол империясының қоғамдық құрылысы

 

 

 

Түмен 10 мың әскер түменбасы 

Мыңдық 1 мың әскер    мыңбасы

Жүздік 100 әскер       жүзбасы

Ондық 10 әскер       онбасы

 

Империя 95 түмен әкімшілікке бөлінді

 

 

 

 

  1. Шыңғысханның Қазақстанға жорықтары (хронологиялық талдау жазу)
1207-1208 жж. Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын  басып алды.
1207-1209 жж. Таңғұттарды, Тұрфан кінәздіктерін, ұйғырларды бағындырады.
1211-1215 жж. Қытайға жорықтары.

 

Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы

1217 ж. Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандырады.
1218 ж. Жетісу жеріне еніп, Отырарға сауда керуенін аттандырады.
1219 ж. 150 мың әскер Ертіс, Сырдарияға  аттанады. Отырарды қоршау.
1220 ж. Отырардың жау қолына көшуі
1219-1220 жж. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
1219-1224 жж. Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алды.
1227 ж. Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қаза табуы

 

Интерактивті тақтадан видео көрсетілімі. ( Отырар қорғанысы)

  1. Қазақстан жері кімдердің ұлысына енді?
Шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жеріне дейінгі аумақ, Қазақ жерінен Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығысы қарады

 

Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері қарады

 

Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы бойындағы жерлер қарады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар:

1-топқа. Тарихи сынақхат.

Шарты: Сөйлемнің ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толықтыру.

  1. ХІІІ ғасырдың басында ………….. хандықтарының шекарасына іргелес жатқан монғол тайпалары бірде тату, бірде араз өмір сүрген.
  2. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы ……………. болды.
  3. 1217 жылы Шыңғыс хан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға …………. аттандырады.
  4. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласқан. ………….. қаласы үш ай бойы, …………. қаласы он бес күндей берілмеген.
  5. Шапқыншылық әсерінен ……….. қаласы жойылып кетті.
  6. Жетісу аймағындағы халықтың монғол шапқыншылығына онша қарсылық көлсетпегенінің өзінде ……….. қаңырап бос қалды.
  7. Шыңғыс ханның кіші баласы …………… Бұхара қаласына бет алады.

2-топқа. РАФТ әдісі

Роль – 7- сынып оқушылары

Аудитория – Отырар халқына

Форма – Хат

Тақырыбы – «Отырар қорғанысы»

3-топқа. «Жылдар сөйлейді»

  1. 1206 жылы –
  2. 1207-1208 жылдары –
  3. 1211-1215 жылдары –
  4. 1218 жылы –
  5. 1219 жылы –
  6. 1219-20 жылдары –
  7. 1219-1224 жылдары –

 

 

 

 

 

 

4-топқа. Шыңғысханнан қалған өсиет сөзді құрастыр.

А Л Ұ Қ А С
С Ғ А Д М А
Ы Ы М А Ы Л
Н Б А Л Л Ұ
Қ А С Ұ О Қ
Ұ Й Ы Қ Қ М
Р Р Н М М Е
А А Ғ Ы І Н
Ғ А Н Е Л Е
Қ Ұ Л А Ш Д

 

«Ой қорыту стратегиясы»

Не білемін? Не үйрендім? Не білгім келеді?

 

Бағалау. Топ жетекшілерінің өз топтарының жұмысына беретін бағасы және өзге топтарға беретін бағасы. Қорытынды бағаны оқушылардың сабаққа қатысына байланысты  мұғалімнің қояды.

Үйге тапсырма: §22. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.