Абай мен Шәкәрімнің діни мұралары

123

Сабақтың тақырыбы: Абай мен Шәкәрімнің діни мұралары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абай мен Шәкәрім діни мұралары жайлы түсінік беру.
  2. Дамытушылық: оқушының ұлылар ойының тағылымды бағыттарын танып-біліп, өзіндік пікірін қалыптастыруға жол ашу.
  3. Тәрбиелік: өз заманының кемеңгер ойшылы, ұлы ақындардың діни ұстанымдарына құрмет сезімдерін қалыптастыру, мұраларын қастерлеуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: Кешенді сабақ.

Сабақтың құрылымы:

  1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі;
  2. Үйге берілген тапсырманың орындалу сапасын тексеру;
  3. Оқушылардың жаңадан беретін білімді қабылдауына қажетті бұрынғы меңгерілген білім, біліктерін еске түсіру;
  4. Оқушыларды жаңа оқу материалымен таныстыру;
  5. Оқушыларға берілген жаңа білімді жаңа іс-әрекет тәжірибесін бекіту;
  6. Оқушыларды меңгерген жаңа білімі мен іс-әрикет амалдарын шығармашылық жағдайда пайдалануға баулу;
  7. Оқушылардың білімі мен іс-әрекет тәжірибесін жүйелеу;
  8. Оқушылардың білім сапасын бақылау;
  9. Оқушыларға үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру;
  10. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, эвриетикалық әдіс-тәсілдер, білімді жүйелеу, тапсырмамен жұмыс істеу.

Жұмыс формалары: ұжымдық, топтық, жекелей.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар карта, суреттер, даналар сөзі жазылған плакат, сызба.

Сабақтың ұйымдастыру барысы:

  1. Сабақты ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығы тексеріледі.
  2. Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру.
  3. ХІХ-ХХ ғасырлардағы дін ғұламалары Ы.Алтынсарин, М.Көпейұлы, М.Сұлтанқожаұлы шығармаларындағы дінге қажетті ізгілікті өсиеттеріне қысқаша шолу жасау.
  4. Оқушаларды жаңа оқу материалдарымен таныстыру.

Ұлы ақындар Абай мен Шәкәрімнің мұсылмандық жөніндегі ой-пікір, ұстанымдарымен танысамыз.

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ халқының ойшылы, ақын.

Абай шығармашылығы – мұсылман дінінің көкейкесті, зәру мәселелеріне арналған құнды туынды. Оның Ислам дінінің негіздері, оларды түсіндіру, насихаттау жөніндегі жиған тергендері өзара тығыз байланысқан сан-саласы тақырыптарды қамтиды.

Абай пайғамбарларға, әулиелерге, хакімдерге тән әділеттілік, шапағаттық, ғылымды сүю сияқты ізгі қасиеттер әр адам бойында табылу керек деп біл деді.

Абай – қазақ әдебиеті мен поэзиясын жан-жақты жетілдіріп, жаңа сапаға көтерген, ой-санада зор серпіліс жасаған жасампаз тұлға, ойшыл дана.

Абайдың осы саладағы игі дәстүрін одан әрі жалғастырып, жандандыра түскен шәкірті Шәкәрім болды. 1911 жылы Орынборда Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» еңбегі басылып шықты. Шәкәрім бұл еңбегінде Ислам дінінің басты қағидаларын, иман ғибадаттарын қазақ тілінде қарапайым халыққа түсінікті қылып жазып шығуды мақсат етеді. Онда ол ең әуелі иман шарттарына итоқталған. Алла Тағаланың барлығына, бірлігіне ақылмен ойлап иман келтіруге ерекше мән береді.

Абай мен Шәкәрімнің шығармаларындағы діннің басты қызметі, олар адамның бақытқа жетуі үшін қандай жол ұсынғаны, сезімнің, иманның өресін қалай белгілеген, ғибрат сөздері, жүрек ұғымы туралы айта отырып иақини иман, тақлиди иман, ғақлия, нақлия сөздерінің мағынасын түсіндіре кету.

Мысалы: иақини иман – Құдайдың бар екеніне шын сену, ғақлия – ақылмен не оймен түсіну, нақлия – дәстүрге сүйенген ғылым, дәстүрлі сөздер.

  1. Оқушыларға берілген жаңа білімді, жаңа іс-әрекет тәжірибесін бекіту. Оқушылар Абай мен Шәкәрім ойларына өздері түйгендері мен жеке пікірлерін ортаға салады.
  2. Оқушыларды меңгерген жаңа білімі мен іс-әрекет амалдарын шығармашылық жағдайда пайдалануға баулу. Абай мен Шәкәрімнің қара сөздері мен өлеңдерін ұсынып, ой қозғау.
  3. Оқулық тапсырмаларымен жұмыс жасау:
  1. Абай Алланың барлығын, бірлігін қалай дәлелдейді?
  2. Абай жастар дінінің қай іліміне назар бөлсе деп армандады?
  3. Шәкәрім Алланың сипаттарынан қандай ғибрат береді.
  4. Олар адамның бақытқа жетуі үшін қандай жол ұсынады.
  5. Қос ақынның шығармаларындағы құнды пікірлер деп нені атар едіңдер?

Тақырыпты кестені толтыру арқылы тұжырымдаңдар.

     Ақындар ойы      Өз ортасына әсері    Бүгінгі жастар пікірі

 

  1. Оқушылардың білім сапасын бақылау. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі бағаланады.
  2. Оқушыларғаүй тапсырмасын орындауға нұсқау беру. «Абай, Шәкәрім мұсылмандық ізгілік турасында» атты шағын эссе жазып келу.
  3. Сабақты қорытындылау жұмыстары аралық рефлексия арқылы бүгінгі сабақта оқушы нені біліп, нені меңгергендігі, тұрмыстық және әлеуметтік жағдайлардағы осы білімнің қажеттілігін сезінуге бағыттау.

Бүгінгі Қазақстан жастарына ең алдымен ар-ожданын түзеу, ой еркіндігін қалыптастыру керек. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев:

«…Егер біз мемлекет болғымызх келсе өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», — деп мемлекеттіліктің тұғыры етіп мәдениетті, ал мәдениеттің бастауы ретінде ділді, даналықты көрсетіп отыр.

Яссауи ілімі адамды ішкі еркіндікке жетелейтін, ар түзейтін ілім деп бағаланады.

Өз хикметтері жөнінде:

«Менің хикметтерім Алладан пәрмен, оқып ұққанға бар мағынасы – Құран», — дейді. Адам жанын жақсылыққа құмар ету үшін ол ішкі жан дүниесін үнемі тәрбиелеп отыру керек. Яссауи хикметінде сол тәрбиенің қалай жасалу керектігі баяндалады.

Ал Абай жастарды өзі армандаған армандаған адамгершілік қалыпта көргісі келді. Ол үшін құранның рухани мәнін, адамзат қоғамындағы орнын түсінуге ондағы адам мәселесін зерделеудің маңызы зор деп білді. Алла Тағаланы уағыздауда және оның мұсылман адамына арқау еткен парыздары туралы «Алла деген сөз жеңіл», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері мен қара сөздерінде жан-жақты айшықтайды.

Шәкәрімнің 1911 жылы Орынборда басылып шыққан «Мұсылмандық шарты» еңбегі бүгінгіге қажетті ғылыми мұра саналады.

«Азды ұқсаң, бұл сөзді анықтап ұқ,

Иеңдей болам деме, иеңе ұқса.

Тәңірің – таза, болып бақ, сен де кірсіз,

Әлің келсе, менен қаш, Иең мінсіз.

Бұл құдайдай боламын деген емес,

Сөзімнің түбін ұқпай деме, дінсіз.

Алланың пендесіне рақымы мол,

Сен де өзіңдей адамға мейірімді бол

Ол жаратты, сен дағы жаратып бақ,

Бардан барды шығарсақ болады сол.

Керексізді қылмайды Иең-дағы,

Мен де сүйтем деп қара, сен де тағы»-деп зорлық,алдау, мансапқорлық, мақтанқұмарлық, мейірімсіздік қатыгездік сияқты, т.б. жаман мінезден арылуды ұсынады.

«Кодекс куманикус» қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, 164 беттен құралған қолжазба күйінде бізге жеткен. Ондағы адамгершілік қатынасқа негіз болған заң жолдарында былай делінген:

Тәңірді бәрінен биік сүй!

Тәңірдің атымен ант ішпе!

Ұлық күнді әлпеште!

Атаңды, анаңды құрметте!

Кісіні өлтірме!

Ұры болма!

Ыржақай болма!

Жалған куәлік берме!

Өзге кісіге күндестік жасама!

Сенің өз бауырың – адамды сүй!

(Әдеби жәдігерлер, 6-том).

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап елде дін еркіндігіне жол ашылды. Әркімнің өз ата-бабасынан келе жатқан дәстүрлі дінін ұстануына мүмкіндік берілді. Бұл елдің басты заңы конституцияда белгіленді.

Елде дінге еркіндік берілуіне байланысты әртүрлі діни ағымдардың көбеюіне жол ашылды. Оның ішінде жалпы азаматқа ортақ ізгі құндылықтарды негіз еткендері де, сол секілді дін атын жамылып өз мақсаттарын іске асыруды көздейтін теріс пиғылды ұйымдар да кездеседі. Сондықтан осындай ұйымдардың қазіргі жастардың санасын улап, өз ұйымдарына кіруге әрекет жасады.

Дүниеге көзқарастың бір тармағы – дін. Дінді «апиын» деп түсініп, көп нәрседен мақұрым, жұрдай болғанымыз рас. Меніңше, адам сенімі — өмір тұтқасы болуы керек. Әйтпесе, өмірдің қажеті бар ма?

Сенім негізінде адамның дүниетанымы қалыптасқаннан кейін адамдар одан қажетін сұрады, тіледі, құлшылық етті, дәріптеді, Жаратушыға қарсы келуге қорықты.

Дін ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Дін – адам жанының азығы. Дүниежүзіндегі қай дінді алып қарасақ та, оның бәрі жеке адамға, қоғамға, ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармауға тыйым салады.

Дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуына үлкен әсер етеді. Өйткені, дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайды. Мұндайда қылмыстар мен күнәлі істер азаяды. Діннің әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімділігінің азаюына, адамгершілік пен әділдіктің жоғалуына әкеледі. Қоғамда тәртіп бұзылады, оны жөнге келтіру өте қиын. Тәртіп адамның жүріс-тұрысын, іс-әрекетін реттесе, дін адамның ішкі жан дүниесін реттейді. Осылайша қоғамда тепе-теңдік орнайды.

Қазақ топырағынан шыққан көрнекті ойшылдар мен ағартушылар әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Абай, Шәкәрім, Ы.Алтынсарин діннің адамның ішкі дүниесінің мәнін түсінудегі, қоршаған табиғи және (рухани-адамгершілік) қоғамдық ортамен оның үйлесімді дамуындағы гуманистік және рухани-адамгершілік мағынасын ашып береді. Біздегі діни тәрбиенің жеткіліксіздігі.

Ата-аналар өз балаларын өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге қақылы. Бірақ, балаларды дінге зорлап баулуға жол берілмейді. Балаға діни тәрбие беру оның тәніне, жүйкесіне, жалпы денсеулығына және өнегелі дамуына нұқсан келтірмеуі тиіс.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны»-деп жазады.

Бүгінгі жасөспірім ертеңгі азаматтар дін туралы білім алуға, тануға құқылы. Сондақтан еліміздің тарихы мен мәдениетін және дінін танып, біліп өзге мәдениет өкілдерімен озық дәрежеде өзіндік, қоғамдық пікір қалыптастыра алғанда ғана Отанын сүйгіш, ұлтжанды, қоғамға пайдалы азаматтар тәрбиелей аламыз.