Қазақстандағы халық ағарту ісі.

64
2-апта 8 сынып 1 сабақ
Сабақтың тақырыбы   Қазақстандағы  халық ағарту ісі.
Мақсаты        ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың  бас кезіндегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы және негізгі бағыттарымен танысу, патша  әкімшілігі халық ағарту саласында қандай мақсаттар көздегенін, өлкедегі оқу-білім ісінің маңызын  анықтау,тарихи оқиғаларға шығармашылық тұрғыда талдау жасай білу және білімнің маңызы жайлы логикалық-танымдық ой қорыту.
Оқу нәтижесі     Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы және негізгі бағыттарымен танысады.

Өлкедегі оқу-білім ісінің жүйесін анықтайды.

Тарихи оқиғаларға талдау жасай алады.

Білімнің маңызы туралы ойларын айта алады.

Сілтеме Қазақстан тарихы 8 сынып «Мектеп баспасы»,  2012ж

Қазақстан тарихы хрестоматиясы 8 сынып «Мектеп баспасы»2004ж

Қазақстан  тарихы анықтамасы «Алматы», 2008ж

Қазақстан тарихы  әдістемелік журнал 2010.№7

Тапсырма көздері Жеке тапсырма

1.      Топқа бөлу

2.      Мақал-мәтелдің жалғасын тап

3.      Берілген тақырыпты іздену

8.«Қазіргі кезде білімнің маңызы» ой   толғаныс

9 Рефлексия

Топтық жұмыс

4.      Берілген тақырыпты ортаға салу, қорғау

5.      Салыстыру

6.      Қазіргі жазуға қалай жеттік

7.      Пікірталас

Оқуға арналған тапсырмалар Қазақстан тарихы хрестоматиясы 8 сынып «Мектеп баспасы», 2004ж
Сабақ жүрісі 1 тапсырма:  (2 минут)

Топқа бөлу. Астана ғимараттарының кескін суреттері беріледі.

1- топ Байтерек

2- топ Триумф Астана тұрғын үй кешені

3- топ Цирк

4- топ Ауыл шаруашылық минстрлігі

5 -топ Парламент

2- тапсырма:

Қызығушылықты ояту  (1минут)

Мақал-мәтелдің жалғасын тап:

Ғылым –теңіз, ……….(Білім-қайық).

Ақыл азбайды,…..(Білім тозбайды).

Оқу-білім азығы,……..(Білім).

Тіліңмен жүгірме,……..(Біліммен жүгір).

Білім арзан,……(білу қиын).

3- тапсырма: (15 минут)

ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың  бас кезіндегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы қалай іске асты?

Дерек оқу:  «Мұсылман мектептерінде сабақ жыл бойында жұмадан басқа әр күні өткізіліп тұрады. Рамазан және құрбан айт кездерінде  оқушылар екі аптаға үйлеріне таратылады.

Күнделікті сабақ ерте, күн шыға салысымен басталады. Оқушылардың біразы ерте келеді, молда келгенше түрлі ойындар ойнайды, олардың көбі төбелеспен бітеді.Сонымен молда да келеді, оған барлығы жамырап сәлем береді.

Бірнеше рет айқайлап, біреуді шапалақтап, қолындағы ұзын таяқтың көмегімен молда шәкірттердің айқай-шуын басып, орындарына отырғызады. Балаларды оқуға ерте -6-8 жасынан береді ».

Сендер  қалай ойлайсыңдар осындай мектептерге патша   әкімшілігі халық ағарту саласында қандай өзгерістер енгізді?

Тірек сызба көрсетіледі, оқушылар мағынасын ашады.

Жеке ізденеді. Топта талқылайды,қорғайды 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
4 тапсырма: (3 минут)

Салыстыру

«Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің құрылымы»

Қазақстандағы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту жүйесі (білім беру сатылары) Қазақстан Республикасындағы оқу-ағарту жүйесі (білім беру сатылары)

 

5 тапсырма:

Қазіргі жазуға қалай жеттік, әр топ 1 кезеңді таңдайды, АКТ-ны пайдаланып материалдар ұсынады(5 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
6- тапсырма:

Болашақта латын әліпбиі керек, керек емес (7 минут)

1,3,5 топ керек,

2,4, тап керек емес тақырыбында пікірталас  

7 -тапсырма: (7 минут)

«Қазіргі кезде білімнің маңызы» ой   толғаныс

Қорытындылау  (1 минут )

8- тапсырма:

Рефлексия

Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша  бағалау

(1 минут)

Үйге тапсырма: 32 тақырып, Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы деректерді оқу

 

 

(1 минут)

Үйге тапсырма: 32 тақырып, Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы деректерді оқу