Сен өз республикаңды білесің бе?

Рахымбаева Меруерт Мухаметбековна

Сыныптан тыс жұмыс: «Тарихи шеру»

Тақырыбы: «Сен өз республикаңды білесің бе?»

9 «б» сынып

Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымын қалыптастыру.

 

Жоспары:   1- бекет. Көріністер көрсету

2- бекет. Салт – дәстүр сұрақтары

3- бекет. Тарихи сұрақтар.

Мұғалім:    Ау, халайық, халайық,

Бүгін әнге салайық.

Мерейлі той келгенде,

Осы болар лайық.

Ал ағайын бүгінгі

Құтты болсын мерекең,

Шаттық ойнап әр үйде,

Кіре берсін мерекең.

Күн – күн сайын өркендеп,

Ат шаптырым арасы.

Тәуелсіз Қазақстан еліне,

16 жыл толды міне.(тақпақ Отан туралы)

(екі жақтан екі топ келеді.)

Сәлемдесу:  «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама»

Ау, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық.

Сәлем жолдап баршаңызға

«Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама»

Келіп тұр ортаңызға.

Хормен Армысыздар «Заман ағысы»

«Заман ағысы»

Заманның лебіменен жел есетін,

Келді ғой міне кездесетін.

«Заман ағысы» деп аталатын

Заманның сырын шертіп тілдесетін.

Хормен армысыздар «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама»

Екі топ сәлемдесіп болып бекет бойынша тапсырмалар орындайды.

1 бекет

Топтарға Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік туралы декларациясын қабылдады. (1990 ж. 25 қазан)
  2. Қ.Р –ның мемлекеттік рәміздері ту мен елтаңба қашан қабылданды.(1992ж. 4маусым)
  3. Қ.Р- ның мемелекеттік әнұраны қашан қабылданды.(2006 ж.7қаңтар)
  4. қазақтың тұнғыш ғарышкері кім, қашан ғарышқа ұшты.(Т.Әбубакиров 1992ж. қазан)
  5. Қашан ұлттық валюта тенге айналымға түсті.(1993 ж. 15 қараша)
  6. Қ.Р-сы қашан БҰҰ- ға мүше болды? (1992ж. наурыз)
  7. Қ.Р. Конституциясы қашан қабылданды? (1995ж. 30 тамыз)
  8. Қ.Р. тұнғыш Президенті кім?
  9. Қ.Р.- сы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы қашан қабылданды?
  10. Қ.Р.-сының астанасы қашан Ақмолаға көшірілді? (1997ж.)
  11. Қ.Р.-ның астанасы Ақмола қашан Астана деп аталды? (1998ж.)
  12. Қазақстанның үшінші астанасын ата? ( Алматы)

2 –бекет.

(Оқушылар дорбадан сұрақтар алып жауап береді)

1 Жұмбақтардың шешуін табу. (Оқу – білім, өнер туралы жұмбақтар)

  1. Қабат – қабат қаттама,

Қаттамадан аттама.                                           (Кітап)

  1. Жалжатады алға бізді,

Жылжымайды бірақ өзі.                                   (Сынып)

  1. Өзі аласа болсада,

Құшағын кең асады.

Құшағына берген сайын,

Көңілің сенің тасады.                                        (Кітап)

  1. Қалтамда өмір сүреді,

Қанға толы жүрегі.

Аяғанан тұрмайды,

Төбесімен жүреді.                                             (Автоқалам)

  1. Білімімнің куәсі,

Білмесімнің куәсі

Іші толған қолтаңба,

Алып шығам әр таңда.                                               (Күнделік)

  1. Үйрегім бар еді үйде үш жүз алпыс,

Мұнша үйректі сатып алу – елдің салты.

Күніне бір үйрегім жоғалады,

Айтшы сен ол үйректі кім алады?                    (Күнтізбе)

  1. Сан ойлантады,

Сан мұңайтады.

Үндемей –ақ әңгіме айтады.                             (Кітап)

  1. Өзі арық, басы жарық,

Жүрген ізі көп әріп.                                          (Қаламұш)

  1. Жер көрдім, қала көрдім,

Халқы жоқ мекендеген.

Өзен көрдім, көл көрдім,

Суы жоқ тереңдеген.                                         ( Географиялық карта)

  1. Ақ далаға қара дәнді,

Қолыммен себем, көзіммен көрем.                            (жазу мен оқу)

2 Мақал айту.( Отан туралы)

3 –бекет.

Көрініс көрсету.

 

«Заман ағысы»

  1. 1723 жылғы жонғар шапқыншылығы.

Мұғалім     Қаратаудың қойнынан,

Шықты жосып бір сарын,

Күңіренті даланы

Шықты қырдан бір сарын.

Сыр мен шудан шықты шаң

Екі өзенді шапты жау.

1 көрініс

Төле би отырады, оған 4-5 жасар бала жетектектеген кемпір келеді.

Кемпір: Уа би мен сұлтан, датым бар. Мына шикі өкпені алдарыңа әкеп тұрмын.

Төле би: Жөніңді айт кейуана.

Кемпір: Орта жүзде Найман ішінде Садыр деген ел едік. Кеше кешқұрын ауылды жау шауып, Жомарт деген батырымызды тоғыз баласымен өлтіріп кетті. Ауылды түгел қырды, мына баланы қазан астына жасырып алып қалдым. Рулы елдің артында қалған жалғыз тұяққа сәлеміңді, батаңды бер.

Төле би: Уа жалғыз тұяқ, ғұмырың ұзын болсын, қызыр бабаң қолдасын, бердім батамды.Аумин!

2 көрініс.  1731 жыл Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

(Сахынада Әбілқайыр хан екі жағында екі уәзірі бар. Орыс елшісі Тевкелев келеді)

Тевкелев: ( Тағзым етіп, сәлемдеседі, қолында грамотасы бар) Уа, Кіші жүз падишасы Әбілқайыр. Мені сізге Ресей патшасы Анна Иоанқызы жіберді, сіздің Кіші жүзді Ресейге қосылуына ниет етіп  мына грамотаны рахым қылды. (Хан грамотаны алып, сүйіп,өз ризашылығын білдіреді)

Мұғалім: Орыс елі осылайша ақырындап отарлау саясатын жүргізіп, қазақ елін өз отарына айналдырды.

 

3 көрініс.  1836-1838 жылдар Бөкей Ордасындағы Исатай мен Махамбет көтерілісі.

(Сахынада Жәнгір хан отырады. Бөкей ордасы 1836-1838 жылдар)

Жәңгір хан: Уа Махамбет ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің ғой мені мақтап өлең айтшы.

Махамбет:

Айтсам айтайын!

Хан емессің қасқырсың!

Қас албасты басқырсың,

Дұшпаның сені табалап,

Достарың сені басқа ұрсын.

Хан емессің аярсың,

Айыр құйрық шаянсың

Дейді. (Осы кезде Жәңгір хан уәзірлеріне ұстаңдар деп бұйрық береді)

 

«Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама»

1 көрініс. 1932 жылғы — ашаршылық.

Мұғалім:    Кім жіберді аштық деген пәлені,

Кім жауапты? Білгім келет соны мен.

Түйе мініп, атпен шапқан жан еді,

Малын айдап, көшіп жүрген жөнімен.

Сахнада: Сталин мен Рысқұлов кездесуі.

Сталин: Байқаймын жүдеп кеткен сияқтысың?

Рысқұлов: Иә, қазақ халқы аштықта жатыр, тез арада көмектесуіміз керек. Голощекинді кері қайтару керек.

Сталин: Иә Голощекинді кері қайтарғанмен, орнына лайықты кім бар? өйтіп қазақты аштықтан құтқара аламыз ба?

Рысқұлов: Лайықты адамдар бар. О. Исаев, С.Сейфуллин, О.Жандосов – бәрі де елім деп еңіреген азаматтар.

Сталин: Жарайды көрерміз, боссың.

2 көрініс 1937 жылғы – нәубет құрбандары.

Оқушы: 1937 жыл. Еліміздің өз ішінде сол зұлыматтың құрбаны болған азаматтарымыз қаншама. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған асыл, аяулы ұлдарымызды өз ортамыздан осылайша аластаттық. Ол күн енді қайталанбасын.

3 көрініс. 1941 – 1945 жылдар.

(Қазақ ауылынан көрініс)

Ауыл жақсылары жиылып отырады. Бозбала келіп соғыс басталыпты, соғыс! Бәрі есенгіреп қалады.

Сахна ортасында бесікке бала салу болады.

—  Бала аты кім?

— Жеңіс күні туылған соң Жеңіс қойдық.

— Жеңіс әкелген Жеңіс бол. Енді елімізді жау шаппасын, еліміз тыныш болсын, әлем тыныш болсын. Тілегімізді алла тағала қабыл алып, бейбітшілік болсын!

Қорытынды:

Оқушы:  Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. өйткені ол соңғы үш жүз жылбойы тәуелсіздіктен айырылған еді. Екі жүз жылға жуық патшалық Ресейдің отары болды. Ал Кеңес үкіметінің құрамында болған соңғы 75 жылда дербестік пен тәуелсіздіктен мүлде айырылды. Бұл күнде Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Елдің өз еркіндігі өзінде. Бәрін халық өзі шешеді. Республикамыздың өз мемлекеттік нышандарыбар. БҰҰ-ға мұше. Дүние жүзінің көптеген елдерімен жан – жақты қарым қатынас жасай алады. Бірнеше ондаған мемлекетте Қ.Р.-ның елшілігі бар.