Қазақ хандығының мемлекеттік -әкімшілік құрылымы

Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының мемлекеттік -әкімшілік құрылымы

Сабақтың мақсаты: XV-XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысын тереңдете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығының  басқару жүйесі, ханның сайлану дәстүрі мен қазақ халқының әлеуметтік құрамын меңгерту.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту, теориялық білімді игеру және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға, елінің тарихи даму кезеңіне құрмет етіп, саяси-тарихи көзқарасын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі; Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: ауызша баяндау, сызбамен жұмыс,

Көрнекілік: Интерактивтік тақта, кесте, сызбалар, карта

Сабақ жоспары:                                                                                                                                                    І. Оқушыларды ұйымдастыру                                                                                                          ІІ.Үй тапсырмасы бойынша жұмыс.                                                                                                   ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

1.Қазақ хандығының басқару жүйесі                                                                                         2.Хан сайлау                                                                                                                                    3.Ханның құқықтары мен міндеттері                                                                                              4.Әлеуметтік құрамы.                                                                                                                     5.Сабақты бекітіп, қорытындылау.

ІІ.Үй тапсырмасы бойынша жұмыс.                                                                                            1.Оқушы Қазақ хандығының құрылуы жайында баяндайды.                                                               2.Қазақ хандары жайында қысқаша мәлімет.

 

 

 

3.Кестемен жұмыс

Қазақ хандығының тарихы бойынша оқиғаларды анықта

ЖылдарыБолған оқиғалар
1465-1466Қазақ хандығы құрылды.
1470Керей хан бастаған қол Түркістанға ,Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады
1511Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан хандық билікті қолына алды.
1582Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының тұбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандады.
1627Есім хан Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанды
1643Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне баса көктеп кірді.
1680Тәуке хан тағына отырды
1710Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты.

 

4.Мәтін-тарихи қақпан.Бұл мәтінде тарихи қателер жіберілген. Соларды табу керек.  

                                                                                                                                                     Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидың хабары бойынша Ордабасы мен Түркістан /Қозыбасы мен Шу/ аумағы еді. Бұл аумақ Жетісудың шығысы /батысы/ , оған Жайық /Талас/ өзенінің төменгі ағысы мен ортағасырлық Отырар /Аспара/ қаласы енеді, ал оңтүстік-батысында Алатаудың /Қаратаудың/ солтүстік-шығыс бөктерлері жатты.  ХV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жері солтүстігінде Зайсан /Балқаш/ көлінің Қаратал өзені құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген. Батысында Ертістің /Сырдарияның/оң жағындағы Түркістан, Сауран, Созақ, Сығанақ қалаларын қамтыған.

 

  1. «Қазақ хандығы» деп аталатын мәтін құраңдар.

Тек 5-6 сөйлемнен кем болмасын. /Төменде көрсетілген атауларды, аттарды, жылдарды, қолдан/

Қозыбасы, 1511жыл, 300 мың,Хақназар хан, 1569-1573жылдар.

 

 

6.Кестемен жұмыс

7.Тарихи құжаттағы қалып кеткен сөздерді тауып жазу.                                                                      Тарихшы М.Х.Дулати Қасым ханның бүкіл _________________/Дешті Қыпшақ/ даласына билік жүргізгенін, оның халқы санының __________________________ /миллионнан/ астам болғандығын айтады. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың _______________________/ғұлама ғалымы/ Қадырғали Жалайыри: «____________/Жәнібек/ ханның ұлдарының арасында аса беделді болғаны Қасым хан еді.Ұзақ уақыт бойы атасының __________   /ұлысына/ билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты.Ол туралы_________ /аңыздар/ әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған»,  деп жазады.

8.Контурлық картамен жұмыс.

1.Қазақ хандығының және онымен көршілес  хандықтарының территориясын  контур картада көрсет.

ІІІ.Жаңа сабақ

1.Қазақ хандығының басқару жүйесі    XV-XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесі

СатыларыБасқарудың ұлттық жүйесіБірігудің түрлеріБас-шысыБасшының міндеттеріБасшы-ның негізгі қасиеттері
1АуылТуыстас, қандасАуыл

басы

Ауылдастарының шаруашылығын басқару,маусымдық көші-қон уақытын белгілеу,адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында дұрыс төленуін қадағалауБілгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты.
2Ата аймақЖеті атадан қосылатын бірнеше ауылданАқсақалШаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай екі орындап отыруыЖоғары мәртебеге ие , жасы келген
3Ру10 немесе 15 аймақтанРубасыРудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланыстыКөпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір
4АрысБірнеше руданБиБүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болуы керекӘділ,шешен, ақыл-кеңес бере алатын
5ҰлысБірнеше арыстанСұлтанҰлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты.Халықтың жағдайы сұлтанның қабілетті басқаруына байланыстыАқсүйектер әулетінен
6ЖүзБірнеше ұлыстанХанЖер мәселесі, әскер,ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды.Тек қана хандар әулетінен
7ХандықҮш жүзденҚаған /ұлы хан/

2.Хан сайлау/Оқушы баяндайды/                                                                                                                                    3.Ханның құқықтары мен міндеттері

1.Хан өзінің жерінде билік жұргізуге құқылы.Ол өз елін, жерін сыртқы жаудан қорғауға міндетті.                                                                                                                                        2.Соғыс жариялау,не бітім жасауға құқылы болумен қатар, әскери қолбасшылық етуге міндетті болды.                                                                                                                             3. Хан өзге мемлекеттермен жоғары дәрежеде келіссөздер жүргізді, сыртқы саясатта ешкімге тәуелсіз дербес бағыт ұстанды.                                                                                           4. «Жеті Жарғы»құқықтық заңында көрсетілгендей ханның қылмыскерді өлтіруге немесе тірі қалдыруға құқы болды.Елдің бірлігін сақтау, қылмыстың алдын алуға міндетті болды.                                                                                                                                      5. Заң мен бұйрықтар шығаруға құқылы болды, қоғамдық  құрылыс пен тәртіпті сақтауға міндетті болды.

4.Әлеуметтік құрамы.                                                                                                                                Қазақ халқы әлеуметтік құрамы жағынан екі топқа бөлінді.

Қазақ халқы
Феодал
Қарашалар
Ақсүйектер
Тайпа ақсүйектері
Қарапайым адамдар

 

 

 

 

 

 

Шыңғыс ұрпақтары, қожалар, сұлтандар
Малшылар, егіншілер, бас еркі бар
Құлдар,күңдер, бас еркі жоқ адамдар
Жергілікті ру-тайпа билері, бай-шонжарлар

 

 

 

 

 

Ханның құқықтары мен міндеттері
Салық төледі
Салықтан босатылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтастыру:

Хан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәйкестендіру тесті.

5.Сабақты бекітіп, қорытындылау   6.Оқушыларды бағалау