Орта ғасырдағы Түркия

107

«№113 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Бөрібаев Әлібектің 4.03.2013ж. күнгі өткен «Орта ғасырдағы Түркия» тақырыбындағы ашық сабақтың

ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы:       «Орта ғасырдағы Түркия»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:  Орта ғасырдағы Түркия туралы оқушыларға толық түсіндіру.

ә) дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау қабілетін, тіл мәдениетін, шығармашылыққа дамыту.

б) тәрбиелік: Елін-жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:    түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, суреттеу, бекіту, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: саяси карта, сурет, плакат, компютер (слайд).

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу
  • Кезекші мәлімдемесі
  • Үй тапсырмасын сұрау
  • Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгінгі ашық сабағымызды сайыс қылып өткіземіз. Сыныпты екі топқа бөлеміз. Сабақ барысында «Сырлы жол» ойынын ойнаймыз. «Сырлы жолда» түрлі тосықтар шығады. 1. Қарақшылар, 2. Жұлдыздар әлемі, 3. Асық ату, 4. Ауыр тас кедергілері шығады. Егер осы тосықтардан көп ұпай жйнап шыққан топ алтын қазынаға ие болады.

І Үй тапсырмасын сұрау.

Компютер арқылы слайд көрсету.( Үнді мемлекетіндегі орта ғасырда салынған ғимараттар, храмдар, құдай мүсіндері).

ІІ Үй тапсырмасын бекіту.

«Қарақшылар» ойыны:  Бұл ойынның шарты бойынша оқушылар слайдда тұрған қарақшылар дың сұрақтарына жауап беру керек.

 

 

 

 

 

 І-топ:

  1. Тау өңірінде салынған сарай (Аджант)
  2. Орта ғасырлық Үндістанның бір ерекшелігі (Касталарға бөліну)
  3. Үнділердің дүниені жаратушысы құдайы (Брахма )
  4. Үнділер киелі деп санайды (Ганг өзені, сиырды, лотосты. )
  5. 5-7 ғасырдағы иеалистік көзқарас ұстанған философтар (Нагарджун, Джаймини, Васуб андху)
  6. Үндістан сәулетшілер-дің әлемдік деңгейде салынған кесене (Тәж-Махал кесенесі )

ІІ-топ:

  1. 4-7 ғасырда Үндістанда дамыған дін (Будда діні )
  2. Үнділердің күйретуші және қайта құрушы құдайы (Шива құдайы )
  3. Қазіргі заманда Үндістанда қандай діндер дамыған? (Буддизм, христиан, ислам. )
  4. Жердің Күнді айналатынын айтқан алғашқы ғалым. (Арьбхата)
  5. Жердің Күнді айналатынын айтқан алғашқы ғалым. (Калидаса )
  6. Әр кастаның кәсібі қалай көшіріліп отырды? (Әкеден балаға )

ІІІ Жаңа сабақ:

Компютермен слайд көрсетіледі. (Түркияның тарихы, мәдениеті туралы).

Орта ғасырдағы Түркия.

Осман империясының құрылуы. ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азия қуатты мемлекет Түрік-Осман империясы құрыла бастады. ІХ ғасырда Сырдың орта  және төменгі ағысында Оғыз мемлекетті құрылды. ХІ ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еоропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Салжұқ Тоғырыл бек Хорезмді, Иранды, Азербайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып өз билігін орнатты. 1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны жаулап алды.

Оғыздардың қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары. Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды. Монғалдар шапқыншылығынан кейін ыдырапкеркен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынанқоныс аударған. Түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осыман сұлтан 1258-1326 қалаған еді. ХІV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйыдастыра бастады.

1363 жылы сұлтан І Мұрад Андрионополды алды да, өз астанасын сонда көшірді. Андрионопольды жаулап алуы Балқан түбегіндегі славян мемлекеттерін бағындырудың негізгі базасына айналды. Бұл кезде Балқан түбегіндегі Болгар және Серб феодалдық мемлекеттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді.

1389 жылы түріктер Сербияға шабул жасайды. Шешуші ұрыс 15 маусымда Косова даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны І Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич І Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтірілді. Балқан түбегін бағындыру І Мұраддың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдарым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгарлардың Тырнова патшалығын бағындырды.

1453 жылы сәуірдің басында ІІ Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерлерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алды. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин ХІ Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза тапты.

Константинополь Стамбұл атымен Осман империясы болып жарияланды. Осман түріктері ХІV-ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды. Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін санжаққа (облысқа) бөлді. Феодалдық жер иелігі – спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер – вакуф деп аталды.

Балқан түбегіндегі халықтарға мемлекеттік салық салынды. Жер салығы – харадж енгізді. 5-7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиеленіп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Райя» деген сөз «мал» деген мағынаны білдірді.

Үріш салығы – өнімнің түсімінен алынатын салық түріне жатады. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады.

Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіәне тыйым салынды. Ежелгі славян тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балқан түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық күреске шығып отырды.

Осман империясының құрылымы. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. І Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжақтарға бөлінді. Уәлаяттарды билер басқарды. Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды.1) Рухани феодалдар; 2) Әскери феодал; 3) Көпестер мен қала тұрғындары; 4) Шаруалар. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық – харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.

Болгар және серб партизандары өздерін «гайдуктер» деп атады. 1593-1598 жылдары, орыс-түрік соғысы кезінде күрес біршама күшейді. Ресей империясы діні бір ел – болгар, сербтерді қолдапотырды. Алғаш рет ұйымдасқан көтеріліс 1598 жылы Тырнова қаласында болды. 1594 жылы серб халқы Австрия мемлекетіне арқа сүйеп , түріктерге қарсы шықты. Түрік езгісінен қашқан сербтер Воеводин жеріне орналасты. Түрік үстемдігі Балқан түбегінде 1389-1878 жылдарға дейін созылды.

Түрік мәдениеті. Түркияда жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері  ХІІІ ғасырда пайда болды. Тұңғыш шығармалар сопылық сарында жазылды. Көне шығармалардың қатарына Ахмед Факихтің «Тағдыр кітабы» жатады. Түрік тілінде ең алғашқы шығарма – сопы Ашик паша жазған «Қуғындылаушының кітабы» (поэма) болды.

Түрік музыкасы басқа да түрік халықтарының музыкасымен сабақтас. Мысалы, мани,қошма, тюркю әндері Орта Азия, Қазақстан, Азербайжан музыкасымен әуендес болып келеді. Музыка аспаптары: кеманча, ребаб, тамбур, уд, ковар, дюдюк, зурна, дәф, давул т.б.  

 

ІV Жаңа сабақты бекіту:

«Жұлдыздар әлемі» ойыны: Бұл ойында сайдтағы жұлдыздарды таңдап сол жұлдыздың сұрағына жауап береді.

І-топ:

  1. 9 ғасырдың Сырдың орта және төменгі ағысында құрылған мемлекет (Оғыз )
  2. Манғол шапқыншылығынан кейінгі ыдырап кеткен мемлекет (Салжұқ )
  3. 1363 жылы сұлтан 1 Мұрад астананы қай қалаға көшірді? (Андрионопольға )
  4. 1453 жылы 200 мың әскермен Константинополь қаласын кім қоршады? (ІІ Мехмед сұлтан )
  5. Серб сарбазы Милош Обилич кімнің шатырына кіріп ту сыртынан қанжар салып өлтіреді? (І Мұрад )
  6. І Сүлейман кезінде Осман империясы неше уәлаяттан құрылды? (21 уәлаяттан )

ІІ-топ:

  1. Осман империясы неше әлеуметтік топтан тұрды? (4 әлеуметтік топтан )
  2. 11 ғасырдың аяғында Кіші Азияда құрылған мемлекет (Түрік-Осман империясы )
  3. Салжұқтың немересі (Тоғрыл-бек )
  4. 1389 жылы түріктер қайда шабул жасайды? (Сербияға )
  5. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Баязитке қандай атақ берілді? (Иылдарым (Найзағай) )
  6. “Райя” деген сөз қандай мағананы білдіреді? (“Мал” )

 

«Асық ату» ойыны: Бұл шартымызда оқушылар асық атып тигізсе 1 ұпай қосылады. Ал асыққа тигізіп сұрағына да жауап берсе 2 ұпайға иеленеді.

 

І-топ:

  1. Кәпірлерге салынған салықтың түрі (Харадж )
  2. Қай жердегі христиан шіркеуіне тыйым салды? (Болгар, Серб )
  3. Салжұқтар Кіші Азияны қай жылдар аралығында жаулап алды? (1071-1781 ж.ж.)
  4. 1453 жылы 29 мамырда түріктер қай қаланы жаулап алды? (Константинополь )
  5. Феодалдық жер иелігі қалай аталды? (Спахи )
  6. Осман түріктері қай ғасырлар аралығында ұлы империя құрды? (14-17 ғасырлар )

ІІ-топ:

  1. Мешіт иелігіндегі жерлер қалай аталды? (Вакуф )
  2. Санжактарды кімдер басқарды? (Билер )
  3. Тырнова патшалығын кім бағындырды? (Баязит )
  4. Қай мемлекеттік халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық күреске шығып отырды? (Болгар, серб )
  5. 5-7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиелеп, қандай құрамдарына алып отырды? (Янычар )
  6. Өнімнің түсімінен алынатын салық. (Үшір салығы )

 

«Аур тас» ойыны: Бұл ойынымыздан соң жеңімпаз анықталады. Алдымыздағы аур тастарды жылжыту  үшін, біз ондағы сұрақтарға жауап беруіміз керек.

 

 

І-топ:

  1. Балқан түбегіне Осман империясы қандай саясат жүргізді? (Мұсылмандыру )
  2. Ресей империясы діні бір елді қолдап отырды. (Болгар, Сербия )
  3. Алғаш рет ұйымдастырылған көтеріліс 1598 жылы қай қалада болды?(Тырнова )
  4. Тұңғыш шығармалар қандай сарнада жазылды? (Сопылық)
  5. Түрік езгісінен қашқан сербтер қай жерге орналасты? (Воеводин)
  6. 1594 жылы серб халқы қай мемлекетке арқа сүйеді? (Австрия )

ІІ-топ:

  1. Көне шығармалардың қатарына Ахмед Факихтің қай шығармасы жатады? (“Тағдыр кітабы” )
  2. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына қандай салық төлеп тұрды? (Харадж, жизия. )
  3. Болгар және серб партизандары өздерін қалай атады? (“Гайдуктер” )
  4. Осман империясының 4 әлеметтік топтарыны ішіндегі 3-шіне кімдер жатады? (Көпестер мен қала тұрғындары)
  5. Уақытша берілген жер қалай аталды? (Лен)
  6. Леннің иелері кімдер болды?(Сипахилер )

Қорытындылау: Жеңімпаз топты марапаттау.

Үйге тапсырма: Орта ғасырдағы Түркия.

Бағалау