Жуан және жіңішке дауыстылар. Көкемнің ақылы.

36

№33 Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке дауыстылар. Көкемнің ақылы.

Сабақтың мақсаты:  а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау, мамандықтар туралы түсінік беру. ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік                  қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту  б) Әр мамандықтың пайдасы туралы айта отырып , әр  мамандық иесін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге  тапсырманы еске түсіріп пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау

  1. Мақсат қою кезең:-Балалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты дыбыстар туралы алған білімімізді пысықтаймыз
  2. Жаңа сабақ:50-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.1. Д… рігер ауруға д…рі берді.2….скер күзетте тұр.
  3. Әбішұлы Әріп-т..ртіпті, ұқыпты оқушы.Әріп д..птерлерін таза ұстайды.4. Әсем с…нді киініп жүреді.4. ә жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?Дыбысталу ерекшеліктерін байқаңдар.51-жаттығу Сөздерді салыстырып оқыңдар.От-өтОр-өрОн-өн2. Сөз жұптарындағы о, ө дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау3. сөздерді жуан, жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.Сергіту сәті «Көкемнің ақылы» Өлеңді мәнерлеп оқып әке тілегін теріп оқып, мәнін түсіну
  4. Жаңа материалды пысықтауЖуан-жіңішке жұп дауысты дыбыстарға мысалдар келтіру

VII. Бекіту  кезеңі:Көкемнің ақылы өлеңін оқып талдау.Тізбектей оқыту

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Өлеңді мәнерлеп оқып келу.