Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.О, қорқайын мен неге?

№34 сабақСабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.О, қорқайын мен неге?

Сабақтың мақсаты:  а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін

пысықтау,нағашы ата туралы түсініктерін қалыптастыру  ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік  қорын дамыту, логикалық ойлауын дамытуб) Үлкен кісіні сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге  тапсырманы еске түсіріп пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау

  1. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды талдаймыз
  2. Жаңа сабақ:Оқулығымыздың 62 бетіне қарайық.Өлеңді жаттап алыңдар

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.                     С.Мәуленов

52-жаттығу Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Өркен ерте тұрды.Ол т… сегін жинады.Апасы қ…ра сыпырып жүр екен.Өркен күрек алды.Ол апасына к… мектесті.

  1. О, ө дыбыстар бар сөздердің астын сызыңдар.

53-жаттығу 1.Көп нүктенің орнына берілген жуан дауыстылардың жіңішке сыңарларын тауып жазу.

Жуан дауыстылар:а,о, ы, ұ

Жіңішке дауыстылар: …, …., …., …..,

2.Жуан  және жіңішке дауыстыларға қатысты сөздар тауып айту.

54-жаттығу Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу.

  1. Жаңа материалды пысықтау:Өлеңді оқу

О, қорқайын мен неге?

Нағашы атасы:

-Шам жақпаған үйде сен

Қалмайды дейді.

Қараңғы бөлмеге кір десе,

Бармайды дейді.

Осы рас па?

Жиені:

-О, қорқайын мен неге?

Нанбасаңыз,

Сол қараңғы  бөлмеге

Менімен бірге жүріңіз

Менімен бірге кіріңіз

Нағашы атасы:

-Мен жаңылып айтып жатыр екем ғой.

Менің жиенім батыр екен ғой…                  М. Әлімбаев

VII. Бекіту  кезеңі:1.Өлеңді оқу барысында әрбір сөйлемнің, сондай-ақ екі кісі сөзінің-диалогтің дауыс ырғағын сақтаңдар.2. Өлеңді талдап қосымша сұрақтар қою.

VIII. Үйге тапсырма, бағалауӨлеңді мәнерлеп оқып келу. 3. «Нағашы ата»туралы әңгіме жазыңда