Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Көрші атам. Сәлем бере білейік. Мақалдар

№35 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Көрші атам. Сәлем бере білейік. Мақалдар                                       

Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін  пысықта   ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту  б) Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс  амандасуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге  тапсырманы еске түсіріп пысықтау.балалар, өткен сабақта қандай тақырып өткен едік кім маған айтады?Дұрыс, дайын болсақ , сабақ айтамыз.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Балалар, осы нағашы ата деген кім?-Дұрыс  мамамыздың әкесі.-Кім өз нағашы атасы туралы айтып береді?

  1. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз үлкен аталармен амандасқан кезде ұлдар не деп амандасамыз?.- Балалар, осы Сөз атасы –сәлем деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?-Үлкен апалармен амандасқанда қалай амандасамыз?- Көрші аталарыңмен, апаларыңмен қалай амандасасыңдар?
  2. Жаңа сабақ:Бүгінгі өтетін жаңа тақырыпта «Көрші атам»деп аталады.

Күнде үйінің қасынан

Көрші атамды көремін

Жүгіріп кеп асыға

Оған сәлем беремін

Қолымды ол күліп кеп,

Иіліп тұрып алады

-Міне нағыз жігіт!- деп,

Сүйсініп бір алады

Сәлем бере   білейік (көрініс ретінде)

-Ассалаумағалайкум!-«Алланың нұры жаусын!»

— Уағалайкумассалам!- «Өзіңізге де соны тілеймін!»

Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?

М. Жаманбалиев

V .Жаңа материалды пысықтау:-Ал енді бір-бірімізбен амандасып көрейікші.Сыныптастармен,Мақалдар

  1. Бекіту кезеңі

VII. Үйге тапсырма, бағалау