Сабақтың тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы

104

Сабақтың тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағында XIІІ ғасырда моңғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, қазақ жерлерін басып алу кезеңдері, зардаптары туралы білімдерін тереңдету
  • Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  • Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта , суреттер, сызба, т.б.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Оқушыларды белгілеу
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

«Тарих рецеппен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін  түсінуге бастайтын кілт сол»  деп  тарихшы Е.Бекмаханов  айтқандай  сіздер тарих сабағына келдіңіздер!

 

Балалар «тарих» дегенде не айтқыларың келеді?

  • Тарихтың қай кезеңіндеміз?
  • Өткен тақырыптарға шолу жасасақ.

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

 

  • Үй тапсырмасын сұрау үшін тақтаға мемлекеттің атаулары жазылған плакаттар ілінеді. Оқушыларға кеспе қағаздарын тарату. Кеспе қағазында жазылған сұрақтардың тақтадағы мемлекеттердің қайсысына тиесілі екенін тауып, сол жөнінде әңгімелейді. Тақтаға ілінетін мемлекеттер атауы: Оғыздар,қимақтар, қарахандар. Берілетін сұрақтар:
  • Ханның ұрпақтары – тегіндер,ілік хандар, бектер, нөкерлер…… (қарахандар)
  • Комендациялық қанаудың түрі қай елге тиесілі? (қарахандар,әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді, ол әлсіз адамға қорғауға тиіс)
  • Вақфтық жерлер дегеніміз не? (қарахандар, дінбасыыларға, діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар қалдырған жерлер)
  • Музари не барзигар дегеніміз не? (үлеске алынған жерлерінен байлардың жинап отыратын салықтары)
  • Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаған мемлекет? (қарахан)
  • «ихтадар» деп кімдерді айтамыз? (қарахан жер иеленушілерін айтамыз)
  • М.Қашғаридың дерегі бойынша 24 тайпа, Әл-Марвазидің дерегі бойынша 12 тайпадан турады деп қай тайпа туралы айтқан? (оғызда)
  • 1041 ж Шахмәлік Хорезмді жаулап алды…… (оғыз жабғуы)
  • Әл-Идриси «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп қай тайпаны айтты? (оғыздар)
  • «бой», «оба», «көк» деп аталатын тайпалық және рулық бөлімшелер болған…… (оғыздар)
  • Имек, қыпшақ, ланиказ, байандүр тайпалары қай мемлекетке кірді? (қимақ)
  • М.Қашғаридың жазуына қарағанда «жатақтар» деп атаған….. (көшіп-қонуға мүмкіндігі жоқ, бір орында отырған қарапайым халық.)
  • Жанақ қай елдің қағаны? (қимақтар)
  • Карантия қай елдің екінші астанасы?

Үй тапсырмасын қорытындылай келе «Ойлан тап» ойынын ұйымдастыру.

 

Ойлан тап ойыны

Атудл

Анбал

Арпышташы

Айыжрал

Анықышылы

Ашқыто

 

  • Жаңа сабақтың жоспары:

1.Моңғол империясының құрылуы

  1. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы

3.Моңғолдардың қазақ жерін басып алуы

  1. Жаулап алудың зардаптары
  2. Ұлыстардың құрылуы.

 

-1206 жылы- Темүжінді хан сайлады

-Империяны  95 түмен әкімшілік билікке  бөлді

  • Әрбір тұменде 10 мыңдай адам болды
  • үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді: оң, сол, орталық
  • -мемлекеттің басты заңы “Жасақ” (яса)
  • Мемлекеттік жоғарғы орган “құрылтай” болды: жылына бір рет шақырылды.

 

1217ж  Жетісуға Жебе ноянды жіберді.                   1218ж Жетісуды алды

  • 1218ж Шыңғыс хан жіберген 450 адамы бар 500 түйелік    сауда  керуені Отырар қаласына келіп жеттіы
  • 1219 ж 150 мың әскермен Шағатай мен Үгедей Отырарды қоршауға ал
  • 1219-1224жж
  • 121 9-1221 жж Шыңғыс хан Орта Азияны басып алды
  • 1219-1224 жж Орта Азия мен Қазақстанды толығымен басып алды 
  • Жошы ұлысына – Шығыс Ертіс өзенінен батыс Еуропа жерлері
  • Шағатай ұлысы – Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан
  • Үгедей ұлысына – Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы
  • Төле ұлысы – Моңғолияның өз жері

 

Сабақты бекіту:

 

 

  • Блиц-тест
  • (Дәрістің «Моңғол шапқыншылығы» деген тақырыбы бойынша)
 

 

                    Сұрақтар

Кілті
Жауап Дұрыс жауабы
1   Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол империясының астанасы
2  Шыңғыс хан Жетісудағы түркі халқын өзіне тарту үшін
3 Шыңғыс ханның басты заңы «Жасақ» неше бөлімнен тұрды
4 Монғолдарда әскери істер, соғыс жоспары, империяның басқа да ішкі мәселелері қаралды
5 Жетісудағы 200-ден астам елдімекеннің ХІІІ-ХІVғ.ғ. монғол шапқыншылығынан аман қалғаны
6 Шағатай ұлысына тиісті жерлер

 

 

 

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: Моңғол шапқыншылығының тарихтағы орны