Не деу керек? Буын

33

№38 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын

Сабақтың мақсаты:      а) Оқушыларға буын туралы түсініктерін қалыптастыру

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік  қорын дамыту, логикалық ойлауын дамытуб)Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге қандай тапсырма берілді?Біз бір-бірімізбен қалай амандасамыз, қане көрсетейік.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін пысықтау

  1. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «буын » туралы болмақ. Буын дегеніміз не?- Қане кім айтады?
  2. Жаңа сабақ:Ереже Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады: от, ба-ла58-жаттығу 1. Сөздерді буынға бөліп оқу.Апа, әже, ата,көке, шеше, нағашы,жиен.

Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атау.Суретке қарап әңгіме құрап көрейік-Ата және бала.Бала атаға қалай көмектесіп жатыр?-Дұрыс, жолдан өтуіне көмектесіп жатыр.Сергіту сәті59-жаттығу мақал-мәтелдерді оқыңдар.1.Ананың сүті-бал,Баланың тілі-бал2.Күнніңшуағы жылы,Ананың құшағы жылы.2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар.

  1. Жаңа материалды пысықтау:

Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді

  • Не деп барып , жеу керек?

Балалар  жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай

Сен де шықтың ,көршіңді

Қағып кеттің байқамай

  • Мұндайда не деу керек?

Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол

  • Жөн еді не айтқаның?

VII.Бекіту  кезеңі:-Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші- Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?Мақалдар

  1. «Сіз» деген- әдеп,

«Біз» деген- көмек.

  1. Әдепті бала

Ата –анасын мақтатар

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар

VIII. Үйге тапсырма, бағалау