Менталитет ұғымының әлеуметтік-философиялық мәні

147

Менталитет ұғымының әлеуметтік-философиялық мәні

Менталитет термині XX ғасырда Батыс мәдениетінде «сана» мен «ақыл» ұғымдарының бірлігін қамтамасыз етіп, олардың қарама-қарсылығын жою ретінде дүниеге келді. Менталитет мәселесімен тұңғыш айналысқан психоаналитиктер Зигмуңд Фрейд пен Карл Густав Юнг болды. КТ.Юнг өзінің 1912 жылы жарық көрген «Метаморфозы и символы либидо» атты еңбегінде адамның түс көруіне мифтің, фольклордың әсері барын айтқан. Адамдар түсінде мифтік кейіпкерлерді, өткен ұрпақ өкілдерінің бейнелерін көретінін, түстің бұрынғы құндылықтармен байланысын дәлелдеген. Адам психикасында жеке бейсаналықтан тысқары ұжымдық бейсаналықтың өмір сұретінін және оның адамдар миының терең қабаттарында орналасатынын айтқан. Оны «архетип» деп атаған. Оның ұрпақтан ұрпаққа бейсаналық түрінде беріліп отыратынын, жекелеген ұлт өкілдерінің мінез-құлқында, іс-қимылдарында, ойлау жүйесінде, құндылықтарды қабылдау ерекшеліктерінде байқалатынын айтқан. Жалпы менталитет мәселесі батыс ғалымдары мен философтарының еңбектерінде кеңіңен зерттелген. Мәселен, 1922 жылы Леви-Брюль өзінің атақты «La mentalitete primitive» атты зерттеуінде менталитетті логикаға дейін және логиқалық деп екі түрге бөледі. Сонымен қатар, ол осы еңбегінде австриялықтар мен африкалық тайпалардың менталитетін зерттей отырып, оған европалық дүние танымдағы қалыптасқан көзқараспен және рационализм тұрғысынан қарауға болмайтынын айтады. Менталитет мәселесін зерттеуге өзіндік үлес қосқан француз тарихшысы Ж. Левефра болды. Ол 1789 жылы француз деревнясын қамтыған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың негізін ұжымдық менталитеттен іздеу керектігін айтқан. Француз деревнясындағы жаппай психологиялық үрейдің көзін және революциялық пиғылдағы адамдардың мінез-құлықтарын зерттей келіп, олардың талаптары мен ұсыныстары астарында және ұстанылып отырған идеологиясы мен саясаттары негізінде ұжымдық менталитет жатқанын көрсеткен. Сонымен бірге, ол ұжымық менталитет негізінде биологиялық қасиеттердің жатқанын адамдардың құндылықтарды таңдауына әсер ететінін дәлелдеген. «Аннал» мектебінің негізін қалаушылардың бірі, тарихшы Л. Феврдың айтуынша менталитет негізінде ешқандай биологиялык себеп жоқ. Адамдардың биологиялық қасиеттері менталитет негізі бола алмайды деген ой айтады. Оның пікірінше, менталитет негізінде өткен ұрпақтың дүниені қабылдау дағдылары, құндылықтар туралы ойлау ерекшеліктері жатады және оны жұрттың бәрі сезе білмейді дейді. Сонымен бірге менталитеттің ішкі қүрылымы, қоғамдағы әлеуметтік ортаның өзгеруіне қарағанда әлде қайда консервативті. Қоғамдық қатынастар жиі өзгеріп жатқанда менталитеттің өзгеруі өте ұзақта, ықтималды тұрақты процесс. Басқаша айтқанда менталитеттің өзгеру негіздерін әлеуметтік тарихи ортадан, мәдени үрдістерден іздеу керек деген. Менталитет мәселесі Э.Фроммның еңбектерінде де зерттелген. Ол өзінің атақты «Еркіндіктен безу» атты еңбегінде ұжымық менталитетті әлеуметтік мінез» ұғымымен тең деп қарастырған. Ол ұжымық менталитетті экономикалық, әлеуметтік және психологиялық қатынастардың өзара байланысы негізінде қарастыра келіп, адамдардың саяси-экономикалық белсенділігі осы «үштікке» байланысты екенін айтқан. Менталитет мәселесін структуралистер өкілдері де айналып өтпеді. 1945 жылы жарық көрген «Туыстықтың қарапайым құрлымы» атты еңбегінде Клод Леви-Стросс былай деп жазады. «Адамдағы барлық әмбебаптылық табиғатқа байланысты болып келеді және олар спонтанды, ал басқа қалғандары белгілі бір қалыпқа бағынады, мәдениетке жатады және релефтік ерекшеліктерді құрайды». Сонымен бірге, ол «Жабайылардың ойлауы»-атты еңбегінде Леви-Брюлдің алғашқы қауымдық адамдардың паралогикалық ойлау жүйесі бар деген ойын жоққа шығарып, олардың бәріне тән ақылдық ойлау тән екенін дәлелдейді. М.Фуко өз еңбектерінде менталитет үғымының интеллектуалдық астарына үңілеліп, «эпистема» ұғымын енгізеді. Эпистема Фуконың түсінігінде ғылымдар саласында қолданылатын ғылыми тәсілдердің нақты жиынтығы. Ол бейсаналық түрде ғылыми сөздерде көптеген ғылымдардың әмбебаптық қасиеті ретінде жүзеге асып отырады.

XX ғасырдың антропологиялық философиясы менталитет мәселесін адамның рухани болмысымен, оның өмір сүру салтымен тікелей байланыстыра қарауда, бүгінгі адамзат баласы ғылым жетістіктерін өздерінің рухани дүниесін тануға және дамытуға жұмсау керек екенін алға тартады. Философияның басты мақсаты осы орайда дүниенің объективтік заңдарын тану мен бірге адамдардың рухани ішкі жан дүниесін, олардың өмірге, тіршілікке бейімделу ерекшеліктерін тану болмақшы. Бұл жерде біз адам мәселесі тек антропологиялық философия шеңберінде түңғыш көтерілді деген ойдан аулақпыз және ол шындыққа жатпас та еді. Өйткені адам мәселесі философия тарихында сонау ертеден келеді. Бұл біріншіден, екіншіден философия тарихында менталитет мәселесі мүлдем кездеспейді. Ол XX ғасырдағы философиялық ойдың жемісі. Дегенменде, біздің түсінігімізде менталитет адам мәселесімен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан философия тарихына шолу жасайтын болсақ, менталитетке байланысты айтылған кейбір ойларды өз зерттеуіміздің желісі ретінде пайдалана отырып, ол туралы түсінігімізді шыңдауға болады.

Философия тарихындағы адам мәселесі мен оның менталитетіне деген көзқарас әр заманда әртүрлі болған. Мәселен, антика дәуіріндегі грек философиясы адамды кос-мостың ажырамас бір бөлігі деп қарап космоцентристік менталитетті қалыптастырғаны белгілі.Онда табиғат пен ақыл, объекті мен субъекті, қажеттілік пен еркіндік бір тұтас және бәрі космос заңына бағынады. Көне материалистер (Фалес, Демокрит, Гераклит, Эпикур т.б.) дүниенің алғы себептерін нақты табиғи құбылыстардан іздесе, көне грек идеалистері дүниенің даму себептерін нақты заттардан, уақыттан тысқары тұрған архетиптеден іздегені белгіді. Оларға; Игілік, Әділеттілік, Әсемдік идеяларын т.б. абсалюттік құндылықтарды жатқызған.(Сократ. Платон). Сократтың Өзінді таны», Протагордың «адам қандайда болмасын зат-ың өлшемі» деген тезистері адам болмысын, оның менталитетін ашуға жаңа жол ашты. Бұдан былай адам мәселесі философияның негізгі болмысьна айналып,адамның әлемге қатынасы,  құңдылықтарды қабылдау ерекшедіктері, олардың дүниеге баға беруі софистік философияда алдыңғы орынға шығады. Адамдардың дүниеге қаты-насындағы субъективтік момент құндылықтарға толы болғасын олардың бәрі сана, ақыл алдында ақталуы тиіс. Сократтың ойынша тек ақыл объективті білім бере алады. Бірақ та адам білімді дайын күйде таба алмайды, білім табу үшін адам талпынып, қарекет жасауы керек. Сократ білім табу майевтика» әдісі арқылы жүзеге асатынын айта отырып философияның басты мақсаты адамның жаңа өмірге келуіне көмектесу дейді. Ол үшін адам үш негізгі ізгіліктерге ұмтылуы керек: бірінші, қанағат(құмарлықты тыю туралы білім) екінші, батырлық(қауіп-қатерді жеңу туралы білім), үішінші әділеттілік(құдай және адамгершілік заңды сақтау туралы білім). Сократтың бұл ойлары менталитет табиғатына философиялық тұрғыдан терең қарауға жол ашатыны сөзсіз.

Орта ғасыр философиясы теоцентристік менталитетті қалыптастыру негізінде құдай идеясын қарастырғаны белгілі Адамның тағдыры, еркіндігі, мақсаты, іс-қимылы, құндылықтарды қалауы бәрі құдайға байланысты. Христиан ой-шылдары табиғаттан тыс күштің рөлін абсалюттік деңгейге көтере отырып, адамдар   менталитеті өз «жанын құтқаруға ‘ бағытталуы керек деген көзқарасты қалыптастырады Олардын айтуынша, адамдар ақылы мен санасы тек құдайды тануға, адам өмірінің басқа жақтары тек діни құндылықтар негізінде қаралуы тиіс. Ортағасыр философиясы шеңберінде менталитет мәселесі діни интеллектуализм мен антиинтеллектуализм төңірегінде өрбіп, біріншісі негізінен ақылға, интеллектіге сүйенсе, екіншісі керсінше, соқыр сенімге бой ұрады. Антиинтеллектуализм өкілдерінің пікірінше құдай ақылға сыймайды және ақыл құдайды тануда кедергі етеді. Сондықтан Құдайды Ақиқат ретіңде мойындаудың және танудың бірақ жолы бар, ол сенім деп жариялайды. Ақыл мен сенім үйлесімін дәлелдеуге тырысқан Августин, кейіннен Ф.Аквинский құдайды танудың екі жолы бар екенін және олар бір-біріне қайшы келмейтінін, керісінше бірін-бірі толықтыратынын мойындайды.

Қысқаша айтқанда, ортағасырлық менталитет теоцентристік бағытта дамып, діни құндылықтар адам санасы мен ақылының, жалпы дүниеге көзқарасының шешуші күшіне айналады.

Менталитет мәселесін ғылыми тұрғыдан шешуге талпыныс  Ренесанс пен Реформация заманында орын алады. Бұл дәуірде жеке тұлғаның жасампаздық және шығармашылық күші, рухани тәуелсіздігі мен еркіндігі, құндылықтарды қабылдау қабілеттілігі енді адам санасынан тысқары күшке байланысты болмай, жеке адамның талабы мен ынтасына байланысты қарастырылады. Ортағасырлық дүниетаным негізінде пайда болған құндылықтар, әлеуметтік қағида, мінез-құлық, дүниені қабылдау ерекшеліктері, жаңа дәуір философиясында сыңдық тұрғыдан бағаланып, менталитеттің рационалдық негізі қалана бастайды. Рационализм ақылға негізделген дүниені танудағы гносеологиялық және қисындық-методологиялық бағыт қана емес, сонымен бірге жеке және әлеуметтік топтардың қажеттілігінен туған қоғамдық көңіл күй, жалпы адамдардың нақты іс әрекетінің негізі ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, рационализм әмбебаптық сипатқа ие болады. Оның негізінде қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және идеологиялық өзгерістер, капиталистік өндірістік қатынастардың пайда болуы жатты. Өз ретінде бұл өзгерістер ғылым мен техниканың, мәдениеттің жаңаша дамуына әсерін тигізді.    Ағартушылық дәуірі Ф.Энгельс айтқандай «Франциядағы жақындап келе жатқан революцияны қарсы алу үшін ұлы адамдар, адамдар санасын тазартуға революциялық тұрғыдан қарауда. Олар сыртқы беделдің қандай түрі болса да мойындамады. Дін, табиғатты түсіну, мемлекеттік құрлым-дардың бәрі аяусыз сынға алынып, бәрі ақыл соты алдында өздерінің өміршендігін немесе қажетсіздігін дәлелдеу керек болды.»Яғни ақыл, адам іс-әрекетінің негізі, қайнар бұлағы ретінде қаралып, адамның еркіндігі, белсеңділігі, құңдылықтарға деген қатынасы ақыл негізінде бағаланды Менталитет өлшемі ақыл мен білім деп қараған Ф.Бэкон табиғатты бағындыруға және сананы жалған бейнелер мен түсінктерден, архетиптерден тазартуды философияның басты мақсаты деп есептеді. Картезияндық философияда осы бағытта өрбиді. Р.Декарт ақиқатқа барар жол күмән адам күмәңданғаңда ғана өз санасын жалған ұғымдар мен идолдардан, құндылықтардан тазарта алады. Ақылда күмән жоқ күмән адамның ерікті ықтияры ақылдан тысқары шыққаңда пайда болады дейді. Қалай болғаңда да Р.Декарт менталитет неізі интеллектуалдық интуициядан іздеп, менгалитетті гаосеологиялық тұрғыдан қарастырумен шектеледі.

И.Кант философиясында менталитет «практикалық ақыл   ретінде қарастырылады және соңғысы адамның іс-әрекетше басшылық жасап отырады. Ақылдың қозғаушы күші ойлау емес, керсінше ерік. Практикалық ақылдың негізі адамгершшіктің заңы. Оны Кант «категорический императив   деп атаған. Бұл заңның негізгі қағидасы: «егер өзіңді өзге сыйласын десең, сен де өзгені сыйлай біл» — деп аталады. Адам өзінді мінезімен, іс-әрекетімен, құндылықтарды таңдауымен өзге адамдармен қарым-қатынасқа түседі Бұл қатынастар адамгершілік заңына сәйкес және баршаға ортақ құндылықтарды мойындау негізінде жүруі керек Ол үшін адам өз бойыңдағы эгоистік инстинкгерді ауыздықтауы қажет делінді Кант. Басқаша айтқанда, Кант менталитет негізін этикалық, моральдық құндылықтар бағытыңда қарастыруға бағыт ұстағанмен Батыстық философияық ойлау жүйесі мен менталитеті деңгейінде қалды. Батыс менталитеті негізінде  ғылым, рационалдық ойлау, таным субъктісінің Кант тілімен айтқанда, белсенділігі, өз болмысынан тысқары шығуға талпынысы жатыр. Ғылымның адамның ішкі рухани дүниесін тануға емес, керісінше сыртқы дүниеге нысаналануы, айналып келгеңде Батыс менталитетінің бағытын рационалдық арнаға салып, қоғам мен табиғат адам мен қоғам арасындағы байланыстар жүйесін технократтық тұрғыдан шешудің негізін қалады. Сонау Ф.Бэкон  Р.Декарт философиясынан бастау алған ғылымындағы сыни көзқарас, ғылымды жалған ойлар мен түсінікгерден тазартып қана қойған жоқ, сонымен бірге шынайы білім көзі ретінде сыртқы  дүниені танудағы тәжірибе рөлін абсалюттік деңгейге көтерді. Бұл мәселе Қазақстан философтары еңбектерінде жақсы зерттелген. Шығыс философиясында менталитет негіздері Батысқа қарағанда өзгеше қарастырылған. Мәселен, Қытайдың ежелгі философиясын алып қарайтын болсақ, менталитеттің танымдық мәдени негізінде біліммен қатар даналық, түсінік, табиғатқа деген сүйіспеншілік, табиғи ағымдар ісіне араласпай сырттай бақылау принциптері жатыр. Мәселен даостар «Жер адамдар үшін ұлті, Аспан жер үшін ұлті. Аспан үшін ұлті-Жол. Ал жол үшін ұлті өзіндік табиғилық» дейді4. Адам мен табиғат арасындағы гармониялық байланыс, адамдардың өзін табиғаттың бір бөлшегімін деп сезіну олар үшін шынайы және ең жоғарғы білім көзі. Даналыққа жету жолы табиғи құбылыстардың сыртқы бейнесін тану арқылы емес, керсінше адам өзінің ішкі жан дүниесін тану мен түсіну арқылы болмақшы. Сонымен менталитет негізі даналық.  Даналықта табиғатты бағындыру, немесе оған қарсы тұру жоқ, керісінше табиғаттіен қауышу, табиғатты құндылық есебінде қабылдау, онымен тілдесу басым. Дәстүрлі Шығыс менталитетінде «адам мен табиғат» арасындағы байланыс тек білім арқылы жалғасып қоймайды, сонымен бірге ритуал, әдет-ғұрып, салт-дәстүр жүйелері арқылы да байланысады. Онда табиғатты қайта өзгертуден бұрын, табиғаттіен қауышу басым. Өйткені, ол ақылмен бірге сана-сезімді, жүректі қозғайды, адамның табиғаттіен шынайы қауышуын тұтастық тұрғысынан қамтамасыз етеді.

Шығыс менталитеті туралы әңгіме қозғағанда Жапондықтардың дүниетаным ерекшеліктеріне тоқтамауға болмайды. Олардың көзқарасы, құндылықтарға қатынасының ерекшелігі, адамгершілік туралы түсініктері Шығыс менталитетін тереңірек түсінуге көмектеседі. Жапон ғалымдарының айтуынша жеке адамның ішкі рухани дүниесінің мазмұны буддизмге тікелей байланысты. Адамның өзін-өзі жүзеге асыруы буддизмді жүзеге асырумен пара-пар. Буддизм капитализм тудырған материалдық өркениетке қарсы тұрар бірден-бір рухани күш. Қоғамның рухани, моральдық азғындауына тосқауылды сырттан емес, әрбір адам өз бойындағы Будда берген қасиеттерді ояту арқылы қарсы тұру керек. Буддалық құндылықтар әрбір жапонның психикасы, мінез-құлқы мен ойлау жүйесінің негізін қалайды. Ғалым Д.Кішібековтің « Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» атты зерттеу еңбегінде: « Оны этнопсихолог Дои Такэо «Амаэ» деп атайды.»Амаэ»-таза жапон тіліндегі термин. Ол жапондықтардың психикалық сапасын көрсетеді. Жапонияның әлеуметтік жүйесінің өзі осындай психикалық қасиетті қажет етеді. «Амаэ» жапондықтардың жан қыртысын ашуымен қатар, ол жапон қоғамының  әлеуметтік құрлымынан да хабардар етеді» -делінген. Сонымен бірге «Амаэ»   топтық ойлау, жеке тұлғалық бастауды» әлсіздігін, жапон мәдениетіндегі ұжымдық сананың басымдығын, құбылыстарды эмоционалды  интуитивтік тұрғыдан қабылдаудағы жапондықтардың бейімділігін, олардың табиғатқа жақындығын көрсетеді. Қысқаша айтқанда, осы көрсетілген жапон халқының ментальдық ерекшеліктері олардың мінез-құлықтары мен әдет-ғұрыптарында, моральдық, этикалық және эстетикалық дүниетүсініктері мен дүниетанымдарында жақсы сақталған. Сонымен жапон менталитеті Шығыс менталитетінің құрамдас бір бөлігі. Шығыс менталитетіндегі үндесім мен өлшемді игеру, эгоизмнен бас тарту, әрқашанда кішшейіл, ізетшіл болу, адамдарға қүрметтіен, сыйластық тұрғысынан қарау,  әдептілік, кеңпейілділік, жалпы моральдық адамгершілік принциптерді жапон менталитетінен де кездестіруге болады. Айтқандай бұл принциптер көне Қытай философиясында да, әсіресе Конфуций еңбектерінде де кездеседі. «Оның табы, яғни мінез-құлық ережесі, өмір сұру салты т.б. қытайдың рухани мәдениетінің бар саласында өшпес із қалдырды,» — деп жазады ғалым Л.Асқаров.  Шығыс философиясындағы бұндай рухани ойлау түрі негізінен адамның ішкі қасиеттерін тануға, өз бойындағы кемшіліктермен күресуге бағытталған және олардың негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік және моралъдық қалыптар, рухани мәдени құндылықтар мен тарихи-этнографиялық риту-плдар жатқаны Шығыс философиясы тарихынан белгілі.

Ал көшпелілер өркениетіне келетін болсақ, көшпелілер менталитеті де жеке талдауды қажет етеді. Біз бұл тарауда кошпелілер менталитетінің кейбір жақтарына қысқаша ғана тоқталып өттіекпіз. Көшпелілер менталитетін Д.Кішібеков «…тек санадан шығармай, кеңінен алып қараған жөн»- деген оңды пікір айтады. Шындығында, көшпелілбр менталитетін зерттеу барысында, оны тек санадан шығармай, көшпелілердің дүниені қабылдау түріне, ойлау жүйесіне философиялық талдау жасау арқылы да көшпелілер менталитетінен көп мағұлмат алуға болады. Енді осы бағытқа сәл тоқтала кетелік.

Номадалық өркениетке тән ойлау жүйесі тұтастыққа негізделген және ол синкретті деген принципті мойындайтын болсақ, онда біріншіден, көшпелілердің ойлау жүйесівдегі пайымдағыштықты, бейнелегіштік пен сезімталдылықты, дүниені образдық тұрғыдан бейнелеу мен тұспалдаудың басым екенін, екіншіден, ойлау жүйесінде уақытты хронологиялық сипаттан бұрын циклдық тұрғыдан түсінудің басымдығын айтуға болады. Бұндай ойлау негізіне табиғаттың циклдық дамуы, адам мен табиғат арасындағы байланысты тұтас деп қарауы жатты. «Сонымен бірге уақытта өткен, бүгін және келешек бірігіп, бір кеңістікте қатар өмір сұріп ұрпақтар сабақтастығын жалғастырады. Бұл көшпелілер ойлау жүйесінің басты көрсеткіші»9. Үшіншіден, көшпелілер ойлау жүйесі олардың тұрмысымен, өмір салтымен де байланысты. Мәселен, олар сөздің қадір қасиетін жақсы білген, сөзге тоқтаған. Шындық пен Ақиқатты, Әділетті ту етіп көтерген. Философиясы абстрактылы емес, керісінше тіршілікке бейімделген, даналыққа толы, тәрбиелік және тағылымы мол өмірдің өзінен туындап отырған. Төртіншіден, көшпелілердің дәстүрлі ойлау әдісі символдарға, аруақты сыйлауға, тыйымдар мен әдеттерге, мақал-мәтелдерге толы болған. Философиясы мәдениет пен өнерден, салт-дәстүрден, фольклор мен мифтерден ажырамаған тұтас күйінде сақталып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отырған.

Осындай көшпелілер ойлау жүйесіне қысқаша шолудан кейін, ой түйетін болсақ көшпелілер менталитеті Батыс және Шығыс менталитеттеріне қарағанда өзіндік даму мен қалыптасу сатыларынан өтіп, өзінің ұлылығы мен жасампаздығын, бірегейлігін әлемдік өркениет алдында дәлелдеп отырған. Осы аталған көшпелілер менталитеті бүгінгі қазақ болмысын, рухани жан дүниесін түсінудегі әлеуметтік мәдени негіз болып табылады.

Енді тарихи философиялық шолулардан кейін ұлт болмысында, оның дүниетанымы мен көзқарасывда, санасы мен психологиясында, жалпы менталитетінде өзіндік із қалдырған маркстік философияға да тоқтала кетуді жөн деп ойлаймыз. Маркстік философиада «менталитет» ұғымы ұзақ уақыт бойы ойдан таса, көңілден тысқары күйінде қалып келді. Менталитет ұғымы арнайы зерттелмесе де оның негізгі құрлымдары жекелеген ғылымдардың зерттеу объектісі болғанын мойындауымыз керек. Мәселен, психология ғылымының ойлау тәсілдерін, ми және психика мәселелерін зерттеуі, логика ғылымының таным ерекшеліктері мен ойлау формаларын, этнопсихологияның ұлттық салт-дәстүр, философияның сана мен өзіндік сананы зерттеулерін жатқызуға болады. Дегенменде, менталитет ұғымының интегралдық феномен екенін, қазіргі кезде осы мәселеге жаңаша көзқарас тұрғысынан қараудың сәті түскен тәрізді. Оның (мәдени, тарихи, саяси, философиялық) астарын бүгінгі заман талабына сай зерттеу кезек күттірмейтін шаруа. Ол жөнінде сәл кейінірек. Алдымен советтік психологияның жетістіктері мен алған белестеріне тоқталып өтелік.

Менталитет мәселесін зерттеуде совет психологтары (Л.Выготский, А.П.Лурия, А.Н. Леонтьев) өз үлестерін қосты. Олар балалар психологиясын зерттей отырып менталитет феноменінің құрлымдық сипатын анықтауда сөз бен ойлаудың маңыздылығына баса назар аударды. Мәселен, Л.Выготский баланың ойлау дамуының үш сатыдан тұратынын (аутизм, эгоцентризм, әлеуметтену) және олардың қайнар көздерінің әр қилы болатынын дәлелдеді. Егер ойлау, сөзге дейінгі түрде/доречевых форм/ болып адамның биология-лық қасиетімен байланысты болса, сөз интеллектіге дейінгі түрде /доинтеллектуальных форм/ болып және олардың дамуы әлеуметтік ортаға байланысты екенін өзінің «Речь и мышление» — атты еңбегінде көрсетті. Бала дүниені өздігінен тани бастағанда сөз бен ойлау бір-бірімен тығыз байланысқа түсіп, олардың арасындағы бұрынғы алшақтық жойылады деген қортынды жасады. Жалпы Выготскийдің ойлау мен сөз туралы концепциясы психология ғылымында менталитет құрлымының терең астарын тануға жол ашты. Выготскийдің ойын жалғастырушы А.Н. Леонтьев, «іс әрекет» концепциясын негізге ала отырып, әлеуметтік іс-әрекеттің адам бойында жеке тұлғалық қасиетті қалыптастыруда шешуші роль атқаратынын, сананың әуел бастан қоғамның жемісі екенін, еңбектің қандай түрі болса да мінез-құлықты қалыптастыруда маңызды күш екенін мойындады.

Бір сөзбен айтқанда, менталитет құрлымын анықтауда әлеуметтік фактордың басымдылығы психологиялық зерттеулердің негізгі методологиялық тұғырнамасы болды. Бірақ, 30 -жылдардың өзінде-ақ, адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқы негізінде сыртқы қоршаған ортадан бөтен, басқа да ішкі, табиғи биологиялық негіздердің болатыны туралы ойлар айтыла бастайды. Алғашқылардың бірі болып осындай ойды Д.Н Узнадзе айтты. Оны ол мақсат, қондырғы «установка» деп атады. Оның түсінігінде қондырғы адам психикасының тұтастығын, ішкі және сыртқы ынталардың бірлігін, саналық пен бейсаналықтың байланысын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл ой советтік психологияда біразға дейін мойындалмай келді. Нәтижесінде менталитетті көп жылдар бойы сана тұрғысынан түсіндіру методологиясы басымдылыққа ие болды. Бұндай сыңаржақты басымдылық негізінде маркстік философияның негізгі принциптерінің болғаны белгілі. Әсіресе «сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өзгертеді», немесе, В.И.Лениннің Гегель философиясын оқып отырып «Философиялық дәптері» шетіне жазған «Ақиқатты және объективтік шындықты танудың диалектикалық жолы тірі қабылдаудан абстрактылық ойлауға, одан практикаға, таным жолы осындай» — деген ойын ақиқатты танудың жалғыз модельіне айналдыру нәтижесінде менталитет құрлымының бейсаналық астары советтік психологияда дұрыс шешімін таппады. Бірақ та, кейбір зерттеушілер (П.Симонов, В.П.Эфроимсон) т.б. 70 жылдардың басына таман адам мінез құлқына бейсаналық фактордың әсер етуі мол екенін, советтік психологияда адам мінез құлқын павловтың әдісімен түсіндірудің сыңаржақтылығын ашық мойындайды. 1971 жылы «Новый мир» журналының N10 санында жарық көрген В.П.Эфроимсонның «Родословная алътруизма» атты мақаласында адам мінез-құлқына әлеуметтік орта әсерін абсалютті деп қарауға және жалғыз анықтаушы күш деп қарауға болмайтынын, сонымен қатар бейсаналықтың да адам мінез-құлқына әсері барын айтады. Бұл жөнінде И.Т. Фролов өзінің «Перспективы человека» атты еңбегінде жан-жақты баяндайды. Бірақ та советтік психологияда адамның мінез-құлқындағы, бейсаналықтың орны көрсетілгенмен әлеуметтік орта әсерін мойындау кон-цепциясы жеңіске жетті.13 Біз бұл жерде «биологиялық пен әлеуметтік» төңірегінде болған пікір сайыс тарихын зерттеуді мақсат етіп отырған жоқпыз. Дей тура, менталитет құрлымында саналық пен бейсаналықтың, әлеуметтік орта мен биологиялық факторлардың өзіндік орны бар екенін және екеуінің де маңызды екенін айтқымыз келеді.

Менталитет мәселесін философиялық тұрғыдан талдау оның негізгі құрлымдық элементтерінің ара-қатынасын сараптаумен шектелмейді. Сонымен бірге менталитет табиғатын тануда оның ішкі даму механизмдерін білудің де маңызы зор. Біздіңше оларды екіге бөлуге болады: қайта қалпына келтіру іс-әрекеті /репродуктивная/ және жасампаздық іс-әрекеті /продуктивная/. Менталитет бағыты мен даму ерекшелігін анықтауда екеуі өзара тығыз байланыста болғанмен, екеуі әртүрлі қызмет атқарады. Бірінші деңгейде әлеуметтік мәдени құндылықтар мен тәжірибелер қайта қалпына келтіріліп, олар адамдардың іс-қимылдары мен мінез құлықтарывда көрініс табады. Мәселен, бұл деңгейде мінез-құлық ұлтілері, ойлау етилі мен сезімді білдіру формалары, кейбір стереотиптер мен ритуалдық іс-әрекеттер, мифологиялық образдар мен архетиптер «ұжымдық бейсаналық» түрінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Адам бұл жолда осы аталған құндылықтарды тек кітап, немесе нұсқаулар арқылы қабылдап қоймай, сонымен бірге қатынастар арқылы, күнделікті өмір тәжірибесі нәтижесінде бойына сіңіре алады. Кейіннен бұлардың барлығы адамдардың дүниета-нымдық негізін құрайды. Бұл жөнінде М.Орынбеков «Егер, осыдан екі мың жыл бұрын келмеске кеткен мифтер неге санамызда белсенді түрде үнемі қайталанады деген сұрақ төңірегінде ойланып көрсең, оған жауапты ойлау аппаратының, қазіргі білімнің базистік негізінде мифтің жатқанынан деп жауап беруге болады.» — дейді. Шындығында ұжымдық сана деңгейінде әлеуметтік мінез-құлықтар мен қоғамдық дамудың бағытын анықтаушы «рухани жиынтықтарды» қайта қалпына келтірудің маңызы зор. Өйткені олар адамдар қатынасындағы стереотиптер мен құндылықтарды менталитетте бекітіп қана қоймайды, сонымен бірге, олар жасампаздықтың көзі болып табылады. Қайта қалпына келтіру механизмі арқылы адам мінез-құлықтың қалыптасқан моделін, әдет дағдыны, ептілік, іскерлікті, эмоцияны білдіру мәдениетін т.б үнемі есіне түсіріп, трансляциялап отырады. Сондықтан да қоғамдық теория мен идеология осы қабатты үнемі ынталандырып отыруды естен шығармауы тиіс. Өкінішке орай, ұжымдық бейсаналық деңгейдегі адам мінезінің бейсаналық негізі болатын құндылықтар, менталитетті зерттегенде көп жағдайда еске алына бермейді. Мәселен ұрпақтан-ұрпаққа өмірлік тәжірибені жеткізуде дәстүр мен салттың, дағды мен әдеттің орны ерекше. Олар арқылы тек мінездің рационалдық, саналық деңгейдегі моделі жеткізіліп қоймайды, сонымен бірге бейсаналық, рационалдық емес астары да жеткізіледі. Бейсаналықтың құрлымы жалпы алғанда тұрақтылығымен және консервативтігімен ерекшеленеді. Оны «менталитет қоры» деп те атауға болады. Басқаша айтқанда, менталитеттегі бейсаналықтың саналық деңгейге көтерілуі, соңғысының белсенді роль атқаруы осы қорға байланысты. Сондықтанда менталитеттің бұл астарындағы өзгерістер мен жаңалықтарды, олардың белгілі қоғамдық қатынастар талаптарына сай бейімделуі мен қайшылықтарын қадағалап отыру маңызды шаруа болып табылады, Бұл біріншіден. Екіншіден, ұжымдық бейсаналықтағы стереотиптердің тұрақтылығының өлшемі қашанда әлеуметтік орта, қалыптасқан дәстүрлі қатынастар мен құндылықтар, соған деген қоғам тарапынан сұраныс Бұлар өзгерген жағдайда стереотиптер де өзгеріске ұшырайды, оның құрамында динамикалық қозғалыстар басталады.

Менталитеттегі екінші механизм, ол жасампаздық. Бұл деңгеи негізінен ескі мен жаңаның күресі арқылы сипатталады. Мәселен, кешегі социализм тұсында қалыптасқан қатынастар адамдардан осы жүйеге сай келетін стереотиптер мен ойлау түрін, дүниетүсінігі мен дүниетанымдарын қалыпта-стырып қана қоймай, сонымен қатар бір қалыпқа салғаны белплі. Қалыпқа келтірудің тәсілдері ретінде сыртқы тетіктерді, яғни зорлау, қинау, жазалауды кеңінен пайдаланды. Кейін бұлардың барлығы үйреншікті әдіске айналып сол кездегі менталитеттің ажырамас сипатына айналды Басқаша айтқанда»үйретілген» менталитет қалыптасты Тіпті оған деген қажеттілік пен сұраныс, жаңа қоғамдық қатынастар тұсында да байқалып отыр.

Жаңа нарықтық құндылықтарды менталитет деңгейінде бекіту уақыт ісі. Бұл жолдағы басты бағыттардың бірі, осы жаңа құндылықтарға деген ішкі қажеттілікті  қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ұжымдық бейсаналықтағы стереотиптер мен стандарттарды, ойлау формалары мен құндылықтарға деген дәстүрлі қатынастарды жаңа өмір талабына сай бейіндеудің  маңызы зор. Тек бұл іс зорлықсыз объективтік процесс екенін естен шығармай қоғамның әлеуметтік мәдени факторларын нысанаға ала отырып жасалуы керек. Бұндағы басты принцип қиратып жою /дест-рукциялық/ емес, керсінше жасампаздық /конструктивтік/ неізінде жүргізілуі тиіс. Бұл бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі. Басқаша айтқанда, бейсаналықтағы сандық сипатты, санадағы сапалық қасиеттерге айналдыру тұтастық тұрғысынан, яғни: логика мен интуицияның, ақыл мен жүректің, рационалды мен эмоционалдының, білім мен даналықтың, сана мен бейсаналықтың бірлігіне, тұтастығына негізделіп  жүргізілуі керек. Сонда ғана менталитет жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделіп, оның дамуына жол ашады. Кешегі қоғамдық ойдың басты кемшілігі осы аталған қайшылықтарды бір-біріне жасанды түрде қарсы қойып, олардың менталитеттегі қауышуын, бірігуін жоққа шығарудан туса керек.

1983 жылы жарық көрген Философиялық энциклопедиялық сөздікте де менталитет ұғымы туралы бірде- бір анықтаманың болмауы да сондықтан деп ойлаймыз. Тек, 90 жылдардың орта кезіне қарай менталитет ұғымына көңіл аударылып, әртүрлі философиялық сөздіктерде менталитет ұғымына сипаттама беріліп, оның құрлымдық жүйесі талдана бастайды. Мәселен, 1991 жылы шыққан «Казіргі Батыс философия сөздігінде» менталитетті былай деп анықтаған. «Менталитет латыншадан аударғанда (mens-ақыл, ойлау, ойлаудың бейнесі, жанның қашары) бейсаналықты қосқандағы коллективтік және жеке сананың терең деңгейі. Менталитет жеке және әлеуметтік топтардың қимылға, ойлауға, сезінуге және дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау бағытының дайындығының жиынтығы»- делінген. Немесе, «Социология және саясаттану сөздігінде» — менталитетке мынандай сипаттама берген: «менталитет тұрақты ойлау түрі, не ана, не мына жеке адамдар, саяси-әлеуметтік институт, топтар, ұйымдар, т.с.с. бөлімшелер туралы шындықтың жинақталған, таратылған бейне түсінігі». Көріп отырғанымыздай, менталитет ұғымына ресейлік философтар мен саясаттанушылар қатты назар аудара бастаған. Ресейлік философ Б.П. Шулындин де менталитетті өзінше түсінуге талпынған. Оның ойынша «менталитетті жеткілікті тұрақты географиялық, геосаяси және әлеуметтік факторлардың әсері негізінде қалыптасатын стеретиптержүйесі мен мінез-құлықтағы және сезімдік эмоциялық реакциядағы, ойлаудағы иерархиялық тұрғыдағы өзара бағынышты басыңқы құндылықтардың көрінісі деп анықтауға болады»-деген. Отандық философия өкілдері де менталитет мәселесіне соңғы кездері баса назар аударып жүр. Мысалға, Орынбеков М.С. менталитетті былай деп қарастырған: «Менталитет қоғамдағы ұжымдық деңгейде қалыптасатын ойлау және іс – атқару жүйесі, ол қоғамның барлық мүшелеріне тән және барлық жеке тұлғалардың іс – әрекеттерінде көренеді».

— десе Зорин В.И. «менталитета). ой қыртысы; б). дүниені сезіну дүниені қабылдау; в).жеке психологиясы, саналылық пен бейсаналық негізінде жататын қалыптасқан бейне бір жалпылық, логикалық және эмперикалық, яғни ойлаудың, идеологияның, сенім мен эмоцияның терең бұлағы» — дейді. Ал; белгілі ғалым Д.Кішібеков, өзінің белгілі «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» атты монографиясында менталитетті, біздің ойымызша, адамдардың нақтылы ісінен өмір сұру тәсілінен, ойлау жүйесінен т.б. бөліп қарауға болмайды. Ол тек солар арқылы бейнеленетін, түсінуге болатын құбылыс. Олардан менталитетті жеке-дара бөліп алып қарастыруға болмайды» — деп тұжырымды да салмақты ой айтады. Бұл жерде тағы бір айта кететін мәселе, менталитет ұғымын қазақшаға аудару мәселесі. Оны қазақ философтары діл», «ділім» деп аударып жүр. Ол жөнінде Д. Кішібеков «менталитетті әдебиеттерде «ділім» деп жазып жүр Бәлкім солай деуге де болар. Бірақ, бұл ұғым онша түсінікті емес секілді. Себебі оны басқаша анықтайтын болсақ, онда оны оір сөзбен емес, бірнеше сөзбен бейнелеуге тура келеді Мәселен, менталитетті «болмыс», немесе «сипат», немесе «қасиет» деп айтуға болар еді.

Бірақ, бұл сөздердің басқа да ұғымдары бар, сондықтан айналып келгенде «ділім» деген сөзге тоқтауға тура келеді»- деп ойын қортындылайды. Сонымен ділім немесе діл менталитет ұғымының баламасы, екеуінің арасында айырмашы-лық жоқ. Бұл ойды жас ғалым С. Нұрмұратов та қолдайды. Оның пкіршше «ұлттық менталитет-қазақтың ,»халықтың ділі» деген ұғымға сәйкес келеді…». Белгілі демограф ғалым М.Тәтімов «менталитет деген саяси ұғымды мен қазақша «діл» деп аударып жүрмін. Оны көпшілік әлі қабылдап ұлтірмеді. Дегенмен де, бұл қазақ тілінде бар «діл» деген ұғым сөздік қорымызда өзіне үқсас «дін», «тіл», «мәдениет», «әдебиет» деген сөздер сияқты өзінің кең мағыналы, әрі мазмұнды күрделі ауыр жүгін көтере алады» — дейді. Менталитет ұғымы жоғарыда көрсетілген қоғамның рухани салаларының ауыр жүгін көтеруі мүмкін, бірақ менталитетті тілге немесе мәдениет пен әдебиетке мүлдем сайып қылуға, немесе мәдениет пен әдебиеттің қоғамда орындайтын қызметтерін менталитетке арта салуға әсте болмайды. Бұл біріншіден. Екіншіден, олардың әрқайсысының өзіндік қызметі бар екенін де естен шығармағанымыз абзал. Оның үстіне мәдениет менталитет ұғымының негізін қалайды, оған өзіндік әсер етеді, менталитеттің қалыптасу ортасы бо-лып табылады. Олай болса мәдениет ұғымының ауқымы, мазмұны менталитетке қарағанда әлде қайда күрделі және терең. Сондықтанда менталитет ұғымын пайдаланудың нақты орнын, қолдану аясын білгеннің артықтығы жоқ.

Сонымен қатар соңғы кездері менталитет пен діл ұғымдарының ара жігін ашып көрсетуге де қазақ философтары күш салуда. Мысалға С. Ақатай, «менталитет миымыздың түйсігі, ақыл-ойының бейнесі, рухани қыртысы, ал діл сенімге иманға жуықтау»- деген ойды алға тартады. А.Қасабек, діл ұғымының менталитетке қарағанда логикалық шеңбері кең екенін, оны тек сенім мен иманға балауға бол-майтынын айта отырып, былай дейді: «…ұлттық ділді объективтік жағдай қалыптастырады. Халықтың ділі — әдет-ғүрып, діни сенімдер, ырымдар мен пайымдар, жыл айыру мен мал бағудан туындайтын астрологиялық көзқарастар, мал анатомиясының ерекшеліктерін білгірлігі; сәндік ою, өрнек өнеріндегі көшпелі түрмыс бейнелері; және күрделі рухани болмыс қүрлымындағы осы көріністердің бейнеленуі». Бұл сілтемедегі басты ой, ол ділдің ұлттың, немесе әлеуметтік топтың рухани болмысымен байланыстығы және оның ділде бейнеленуі.

Сайып келгенде, ұлт менталитеті – ұлт болып  қалыптасқан  елдің  ұстанымы.Бұл жерде, тағы бір есте ұстайтын нәрсе, ол ұлт менталитетінің белгілі бір тарихи жағдайларға сәйкес бейімделіп қана қоймай, өзгеріп отыратындығы. Дей тұра, қазақ менталитетіне зорлық негізінде танылған құндылықтар да болмай қалмады. Соның нәтижесінде ұрпақтар сабақтастығының әлеуметтік негізі бұзылып қоғам мен адам, адам мен адам арасында орны толмас өзара рухани байланыстардың бұзылуына жол берілді.