IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғсырдың басындағы Қазақстан мәдениеті

62

Орта ғасыр тарихы. 7 сынып. Тақырыбы: «IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті»

Мұғалім: Масалимова Нургиза Ешенгазиновна

Семей қаласы . М.М. «№19 жалпы орта білім беретін мектеп»

Сабақтың тақырыбы: IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғсырдың басындағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

 

Білмдлік: Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым- білімнің дамуын қорытындылау.

 

Дамытушылық: Логикалық ойлауды, дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту, роль орындау арқылы белгілі мақсатқа жеткізу, ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру.

 

Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, рухани тәрбие беру.

 

Сабақтың түрі: Интерактивті қорытынды сабақ.

 

Сабақтың әдісі: Жобалау.  Баяндау, сұрақ- жауап, рольдік ойындар, талдау, жартылай іздену.

 

Жұмысты ұйымдастыру түрлері: Ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс түрлері.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Тақырыптық слайдтар, қанатты сөздер жазылады, портреттер, карта, тірек кестелер, буклет «Ахмет Иасауй кесенесі», альбом «Отырар», сергіту сәтіне «Түркістан» әні, кітаптар т.б.

 

Дерек көзі:

  1. Оқулық «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы»
  2. «Қазақстан даласының жұлдыздары»
  3. Ахмет Иасауй хикметтері
  4. «Қазақстан тарихы» журналы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Оқушылармен амандасу, мақсаты мен жоспарын таныстыру.
  3. Топқа бөлу, ат беру.

I топ «Түркістан»

II топ «Отырар»

IIIтоп «Баласағұн»

  1. Тапсырмаларды орындау.
  • Сұрақ бойынша тірек кесте сызу және оны талдау (әр топқа 5 мин)

1 сұрақ: Орта ғасыр қалалары санының өсуі, қала құрылысындағы өзгерістер.

2 сұрақ: Қолөнердің дамуы және оның салалары.

3 сұрақ: Дін және мәдениет.

  • Жеке оқушыларға дидактикалық материал тарату (перфокарталар, тестілер)
  • Сергіту сәті. Р.Рымбаеваның орындауындағы «Түркістан» әніне 2 мин сергіту жаттығуын жасау.
  1. Үйге берілген топтық- шығармашылық тапсырмалар, «Ғұламалар және олардың еңбектері» немесе олар жайлы презентация, рольдік ойын, өлен оқу.

I топ «Түркістан»:

  1. Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өклі, дуалы ақын- данышпан, кемеңгер ақын Ахмет Иасауйдың өміріне тоқталып, «хикметтерінің» жазылуын, мазмұның қысқаша талдап үзінді оқиды.
  2. Ахмет Иасауй мен Арыстан баб арасындағы кездесуден үзінді рольдік ойын.

II топ «Отырар»:

  1. Әбу Насыр әл- Фарабидің ғылым салаларына  қосқан жаңалықтары мен үлесіне тоқталып, еңбектерін атау.
  2. Халық аузында қалған «Өнерлі жігіт» аңыз- әнгімесінен үзінді.

III топ. «Баласағұн»: Жүсіп Баласағұнидың өміріне тоқталып, «Құтадғу білк» дастанын талдап, дастанның «Тіл», «Елші», «Әмірші» жайлы айтылатын тарауларынан үзінді келтіріп, тәрбиелік мәнін ашу.

  1. Сабақты бекіту: оқушылар Блумның «мен жүйесімен» қорытындылайды.

Блумның «мен жүйесімен»

 

         мен
Мен не істеуім керек?
  1. Қорытындылау (әр топ өздері бағалайды)