Қазақстан XXғ бірінші жартысында Саяси тұлғалар – Ә.Бөкейханов, А..Байтұрсынов, М.Шоқай

62

Сабақ жоспары:

Күні: 18.11.2011

Топ: 2-Қ-211

Курс тақырыбы: Қазақстан XXғ бірінші жартысында

Тақырып: Саяси тұлғалар – Ә.Бөкейханов, А..Байтұрсынов, М.Шоқай

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: саяси мәдениетті қалыптастыру үшін білім алушының  білімдерін осы тақырып бойынша кеңейту және тереңдету; мемелекеттіктің түп негізі патриотизм және қоғамның әрбір мүшесінің еңбек қатынастары екенін дәлелдеу;  XXғ. Басындағы зиялы қауым өкілдер   Ә.Бөкейханов,А.Байтурсынов,М.Шоқайдың қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ролін, тақырыптың өзектілігін дәлелдеу.

Тәрбиелік: жоғарғы моральдік, сапалық қасиеттерді қалыптастыру, әрбір білім алушының жеке тұлға екенін сезіндіру, көптеген сұрақтарға өзінің көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету,  патриоттық сезім қалыптастыру.

Дамытушы: білім берушінің әрбір материалды салыстырып, қорытып, анализ жасау қабілетін дамыту; болып жатқан оқиғаларға баға бере білу, әр түрлі көзқарастарды ескере отырып, олардың  ойын негіздеу , шығармашылық ойлау қабілетін, білімге деген құштарлығын дамытуға жағдай жасау; әр түрлі ақпарат көздерінен білімін еркін толықтыру қабілетін дамыту, әдеби оқулықтармен, тарихи құжаттармен, периодтық баспамен жұмыс жасау.

Түрі-семинар-конференция.

Сабақ типы – аралас семинар/ Театрландырылған қойылым,ролдік ойын,шағын топ/.

Әдістері: эвристикалық,ғылыми -ізденіс ауызша, көрнекті әдіс.

Құралдар: «Қазақстан Республикасының» картасы, мультимедиа, БАҚ материалдары, кітап көрмесі

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті,  Саясаттану және әлеуметтану негіздері, «Философия негіздері»

Сабақтың   барысы:

1.Ұйымдастыру сәті /2мин/

Оқушылардың сабаққа қатысуын,сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру.Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап,сабақтың мақсатымен таңыстыру.

  1. Өткен оқу материалдарын қайталау. Миға шабуыл. Өткен тақырыпен жаңа тақырып арасында байланыс сұрақтары:/5мин/

-1917ж. Ақпан төнкерісінің тарихи маңызы

-Торғай облысының Уақытша үкіметтің комиссары

-Қазақстанда Алаш партиясына  қарсы болған партия

-Қырғыз/Қазақ/ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттін төрағасы                                                                                                                   -Ақпан революциясынан кейн Ресейдің ұлт аймақтарында қандай қозғалыс жандана түсті

-Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметіні орнатуда үлкен роль атқарады

-Қырғыз /Қазақ/ АҚСР-ның 1920-1924жж. астанасы

-Алаш партиясының басты мақсаты қандай болды

Кіріспе сөз

Қазақ тарихының өткеніне үңілсек бұрмаланбаған беттері кемде-кем.Кім батыр?Кім сатқын?Кім халық үшін қам жеді?Кім жеке басының қамын ойлады?Кім өз өмірін туған елі үшін киды?Кім қасақана халқының канын төкті? Әрине, бұл сауалдарға жауап беру оңай емес.

Бұл – қазақ тәңірге зар еткен қазақ!

Қиналып,қанды азап шеккен қазақ.

Әйтеуір қанды азаптан құтқарар деп,

Оқыған  азаматын күткен қазақ.

“Ұлы тұлғаларды білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес”.

Тарихымызды ақтаңдақтардан арылту бүгінгі танда айырықша маңыздылығына,аса қажеттілігіне біріміз де күмәнданбайтын бірігей міндеттер ортасынан орын алады. Тарихтың уақыт табынан сарғыш тартқан парақтарына жаңаша көзқараспен көз жүгірткенде, сол кезеңдердің орны толмас опынысты оқиғаларына бүгінгі талап биігінен баға бергенде,біз сол тарихта азды-көпті бедер қалдырған жеке адамдардың ұрпақ алдындағы жауапкершілігін де жадымыздан шығаруға тиісті емеспіз.

Қазақстан тарихында із қалдырғандар қатарында сталиндік зұлматтың құрбаны болған, жарық жұлдыздай жарқырап халық жүрегінде қалған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы,М.Шоқайдың да аттары аталады.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру/25мин/

Бүгінгі сабағымыз конференция түрінде өтеді.

Оқушылардан құрылған «Баспасөз конференциясын» ашық деп жариялаймын,конференция мүшелеріне сөз берейік..

  1. Саясаткерлер тобы
  2. Сараптаушы- тарихшылар тобы

1.Түркі  халықтарының бірлігі  мен ынтымағын аңсаған М.Шоқай мұрасы мен қызметі қай тұрғыда зерттеліп; зерделенуі тиіс.

2.А.Байтұрсынов ақын,ғалым,аудармашы,публицист және қоғам қайраткері ретінде  білеміз. Сіздіңше,осы салалардың қайсысына Аханның сіңірген еңбегі ерекше зор

3.1941ж эмиграциада жұмбақ жағдайда қайтыс болған  Алаш қайраткері М.Шоқай  туғанына  қантардың   7 де 119жыл толды. Ұлт мұраты үшін күрескен, қазақ халқы ғана емес, түрік халықтарының бірлігі мен ыңтымағын ансаған, Түркістан идеясының авторы М.Шоқайды толығымен тани алдық па

4.Сіздің ойынызша Мұстафа Шоқай қайраткер ретінде қай тұрғыда қателестін, неден жаза тапты

5.Осы тұлғаларды есімін айшықтай түсу үшін қандай ірі шаралар  атқарылуы тиіс деп есептейсіз.

Сабаққа дайындалу барысында  сіздер осы тұлғалар туралы көп оқыдыныз.

Сіздерге сұрақ- бірге ойлайық, бұл саяси тұлғалар  заман әуейме,қазіргі замаңда  өмір сүре алама, өмір сүрсе не болады*.Осы  тұлғаларға теңелетін қазіргі заманда қандай саяси қайраткерлерді білесіз.

  1. Театрландырылған қойылым/5мин/

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы,М.Шоқайдың  жас ұрпаққа өсиеті

М.Шоқай

Бүгін Қазақстан, Қырғызстанғ Қарақалпақстан, Түркіменстан һәм Тәжікстан  деп, жат үкімет күшін алты жұмхұриетке бөліп тұрғанТүркістан-бөлінбес, айырылмас бір өлке, халқының қаныбір, тілі бір, діні бір. Халқы көптен бұл жұмысқа алысып,шалысып,қан төгіп, соғысып келеді. Үмітіміз зор, мемлекетіміздің  келешеліні иланамыз. Түркістан жастары айрықша бұл мақсатымызға жеткізуге таласып, тырбанып жатыр. Біздің мақсатымыз-жалғыз Түркістанның ғана емес,бүтін түркі халқының дос болып,өзара бірлік пірадарлықпен жасап, сыртқы дұшпандарға қарсы өзінің толықтығын білдіріп қою. Ойымызға жетеміз,талабымызды орнына келтіреміз деген иманымыз зор, күшті болмақ.Алыста жүріп ел қайғысын ойлап, алыста жүріп ел қамын ойлап Еурапаның әр тарапында жүрген, бүгінгі Түркияда тұрған Түркістан жастары, бірлесіндер! Сендердің бірліктерің, сендердің бір-біріне күш қасуларың еліміздің бақытына қызмет етпек. Мұны ұмытпандар! Бәріміздің құбыламыз-өзіміздің ата жұртымыз, өлкеміз Түркістан болмақ!  Түркістан үшін өлу, Түркістан үшін жан беру-бәрімізге бір мақмат, бір мухаббәт уазифа болмақ. Мұны ұмытпау керек!…

…Түрік халқы – батыр халық. Түрік халқы-арыстан ел халық. «Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшпаңға аузының аласы». Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек. Бәріміз бір болсақ, біздің жеңбейтұғын жауымыз болмайды, мақсатымызға жетеміз! Онсыз біздың күніміз жоқ, құрып кетеміз. Құрымасымыз үшін, боспасымыз үшін күшімізді біріктіріп , иін тірестіріп, бір-бірімізге жәрдем беріп жүруіміз керек.Онсыз біздің күніміз қараң . Мұны ұмытпау керек! Түрік баласы, ұмытпандар, бастарыңдағы бөтен елдің өкінетін шығарып тастауға тырысынлар!

А.Байтұрсынұлы

Қалтылдап қайық мініп өспесі жоқ. Теңізде жүрміз қалқыпкөшпесі жоқ. Жел соқса, құйын қуса жылжи беру. Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.

Иә, достар біздердің жағдаймыз болса мыңау

Көзінді аш, оян қазақ көтер басты

Өткізбей қайғыда бекер жасты.

Жер кеттік, дін нашарлап, хал парам боп.

Қазағым,енді жату жарамасты

«Азаттық таңы атты. Тілекке Құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Сүйікті Алаштың азаматы! Ұйымдасып, жаңа тәуелсіз үкіметтің күшюйіне қызмет қылайық. Халқымыздың бақ-берекесіне жол ашайық!»

Сендердікі-өмір,қоғам,заман да

Сән түзеген қалан менен далан да

Барлығы да мұра болмақ әманда

Болашақ деп аталатын адамға

Қабылдандар қазынаны біз берген

Қиындықты көрмессіндер біз көрген

Бұл өмірде сақтау үшін сендерді

Бабаларың үйде туып,түзде өлген

Сендер- дағды өздерінше күресіп,

Өздерінші сендер де өмір сүресін

Болашақты жалғау үшін, болашақ

Бола жатыр сендердің де үлесің`

Барлығы да сендердікі; барлығы

Табыстаймыз жансыз бенен жандыны

Армысындар, Ата ұрпақтың тағдыры

Армысыңдар, жаңа атқан тан нұры.

Ә. Бөкейханов

Алаш туы астында

Өлсек, бірге өлдік біз.

Не жақсылық, не қайғы,

Көрсек, бірге көрдік біз.

Ішкі жанжал –таласты,

Күншілдіктен қарасты,

Мына жерге көмдік біз,

Жасасын , Алаш, жасасын!

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің Алашты

Қорлығын бермейміз.

Адамдықтың жолына

Бастаған ерлер соңында,

Басқаға көңіл бөлмейміз.

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Жасайды Алаш, өлмейміз.

Жасасын,Алаш, жасасын!

5.Кітап көрмесіне презентация жасау /2мин/

6.Рефлексия. 10 баллдық шкаламен /6мин/

Бүгін біз Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы,М.Шоқайдың  қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ролін анықтадық,олардың саяси, әдеби қызметіне тоқталдық. Бұл адамдар біздің мақтанышымыз, біз оларды ешқашан ұмытпауымыз қажет..

Биыл Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігіне де 20 жыл толады, «Ұранымыз  алаш,керегеміз ағаш» болғалы көрмеген қуаныш басымызға келгелі тұр.Кеудесінде түріктің жаны бар,денесінде қазақтың қаны бар,жүрегінде ұлтының намысы бар,ара бар қазақ баласы көтер басыңды,көзіңді аш,қуанышың құтты болсын,ұзағынан сүйіндірсін,Сүйінші» деген Ораз Жандосов сөзі есімізде мәңгілік сақталуға тиіс.

 

Бүгінгі тақырыпты мен қалай меңгердім

 

Менің тобым қалай жұмыс істеді

 

Нені бүгін білдім

 

Осы саяси тұлғаларға ұқсағын келеме

 

         
  1. Үй тапсырмасы

«Менің Отаным-менің Қазақстаным» тақыбына эссе дайындау. Эсседе мына тақырыптар ашылуы тиіс:

1.Тақырыптың өзін

2.Өз елің үшін атқарғың келетін істер

3.Өзіңнің жеке міндеттерің мен оған қол жеткізу жолдары

4.Мақсатқа жетудегі колледжде алып жатқан біліміңнің маңыздылығы

5.Мемлекеттің нағыз азаматын қалыптастырудағы білімнің атқаратын ролі.

Осымен біздің бүгінгі  сабағымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тындағандарынызға,  қатысқандарынызға рахмет. Біз сіздердің осы тұлғалардың шығармашылығын алқас қалдырмайтындарынға және сіздердің оқи беретініздерінізге сенемін.

8.Қорытынды шығару. Бағалау.