Буын. Оқымысты бала.

№41сабақ. Сабақтың тақырыбы: Буын. Оқымысты бала.                                    

Сабақтың мақсаты: а) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау,

ә) Оқушылардың сабақ барысында ойлау қабілетін,сөздік  қорын дамыту б)  Оқуға, еңбек етуге, үлкендерге көмектесіп жәрдемдесуге .тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Төзім мәтіні не туралы?Аяулыға мінездеме беріп көрелік, Гүлдана мінездеме берейік.Әжесі тыңдау үшін не қажет деді?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Буын, оған мысалдар келтіру.

  1. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, үш дауыссыз қарат келетін сөздерді буынға бөліп көрейікші Мысалы: құмырсқа, жұмыртқа,т.б.
  2. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс65-жаттығу 1.Кестедегі сөздерді буынға бөліп оқыңдар.Буынға бөлу үлгісі : й,ң,удыбыстарынан басталатын буындар Қа-йық , ойыншық, қайың, мойын.2.Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазыңдар.3. й,ң,у дыбыстарының екі дауыстының ортасында келгенін байқаңдар.

ереже  й,ң,у екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның  басында айтылады: қа-йық, жа-ңа, та-уық.66-жаттығу 1. Төмендегі бір буынды сөздерді оқыңдар

ай, ат,ақ,ән,ін,үй,оң,он,сүт,қаз,жаз,көл,көз,сөз, доп, шөп2. Бір буынды сөздердің  дыбыстық құрамын атаңдар .Бұл сөздер буынға бөлінбейді.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Мәтінді түсініп оқыңдар Оқымысты бала Мұғалім оқып береді.Сосын оқушылардың өздеріне тізбектей оқытады.

VII.Бекіту  кезеңі:2. Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?3. Баласы не деп жауап берді?4. Бала қандай жағдайға душар болды?5. «Оқымысты» баланың бұл қылығын қалай түсінесіңдер?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау: