Кіші Жүздің Ресейге қосылуы

149

Сабақтың тақырыбы:   §5.  Кіші Жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты :  Кіші Жүздің Ресейге қосылуының негізгі себептерімен таныса отырып, оған жоңғар шапқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың  Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін анықтау.

Сабақтың нәтижесі: Кіші Жүздің Ресейге қосылуының алғышарты мен себебін және Ресейдің қол астына өткеннен кейін жер дауының шиеленісіп кетуінің негізгі себептерін анықтайды. Кіші Жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдары қандай болғанын түсінеді. Салыстырмалы талдау жасау арқылы оқушылардың шығармашылық ынтасы дамиды.  Өз көзқарасын дәлелдеуге үйренеді.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмысты сабақ барысында тиімді пайдалану. Сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар
Кіріспе

 

Ұйымдастыру

 

 

Үй жұмысын сұрау

Сәлемдесу.

Сыныпты жылдар арқылы топқа бөлу.

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.

Өткенді қайталау. §4. XVIII  ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары

Сұрақтар:1-топқа: Патша үкіметі қазақ хандығына қатысты саясатында қандай мақсатты көздеді?

2-топқа: Ертіс өзенінің оң жағалауында әскери бекіністер шебі қашан және не мақсатпен салына бастады?

Әскери бекіністер салуға қазақтар қалай қарады?

3-топқа: Кіші Жүз бен Орта Жүз қазақтарының шекара шебіндегі аймақтарға шабуыл жасап тұруының негізгі себептерін атап көрсетіңдер?

Бүгінгі сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау.

Оқушылар жылдармен  топқа бөлінеді.

Әр топ топ  ережесін ұстанады.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақта, карта

Тұсаукесер Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Жоспармен таныстыру

1.Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері. А.Тевкелев елшілігі.

2. Кіші жүздің Ресейдің қол астына өтуі.

3. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші жүздің жағдайы.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

 

Жоспармен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, карта,интерактивті тақта
Негізгі бөлім Инсерт толтырту.

3 жоспар 3 топқа бөлініп беріліп, тақырыппен танысуға тапсырма беріледі.

Топта талқылау жүргізу

 

I. Тақырыппен танысып болған соң, топтық жұмыс.

Топқа бөліне отырып:

1-топ: Кіші жүздің Ресейге қосылуының негізгі алғышарттары мен себептері туралы және А.Тевкелев бастаған елшілік қандай қызмет атқаруға тиіс еді?

2-топ:Кіші жүз ақсүйектерінің едәуір бөлігі Ресейдің қол астына өтуге неге қарсы болды және Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі антқа қол қою үрдісін қалай өткізді?

3-топ:Ресейдің қол астына өткеннен кейін жер дауының шиеленісіп кетуінің негізгі себептерін анықтаңдар. Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдарлары қандай еді?

Сұрақтарға жауапты постерге түсіріп, сыныпта ортаға шығып қорғау.

Картамен жұмыс жасату.

 

Сұрақ-жауап кезеңі

 

 

Жаңа тақырып бойынша оқып-таныса отырып, инсерт толтырады.

Топта тақырыппен талқылау жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ өз постерлерін қорғайды.

Сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын анықтайды.

Картамен жұмыс жасайды.

Сұрақ – жауапқа қатысу.

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, карта, постер, маркер, интерактивті тақта

Қорытынды «Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды жақтары мен кемшіліктері» (ерекшеліктерін айқындау, салыстырмалы талдау жасау)

1-топ: Әбілқайырдың жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктерін анықтау.

2-топ:  «Тарихи сынақхат»

3-топ: Патша үкіметінің қазақ жеріне тереңірек енуіне қандай жағдайлар әсер етті? Анықтап жазу.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма беру.§ 5 оқу, Қосымша мәліметтермен танысу.

XVIII ғасырдың 30-40 жылдары салынған әскери бекіністер шебін картаға салып келу.

 

 

 

 

Берілген тапсырманы топ болып анықтап, жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі топ жұмысына баға береді.

Оқушылар кері байланыс жасайды.