Киіз үй –көшпелілердің баспанасы

167

Сыныбы: 6

Өтетін күні:

Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Киіз үй –көшпелілердің баспанасы

Мақсаты: Оқушыларға көшпелілер өмірінен деректер беру, киіз үйдің ерекшеліктерімен таныстыру.

2.Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін  айтуға, өз пікірлерін қорғап6әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
3.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: СТО стратегиялары
Көрнекілігі: суреттер, тақырыпқа арналған слайдтар.
Пәнаралық байланыс:  қазақ тілі, музыка
Барысы:
1.Ұйымдастыру 

-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
1. Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».
Оқушылар сабақты бір — біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл — күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.
— Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір — бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.
2. Үй жүмысын тексеру  Жұптық жұмыс
2.1 Сұрақ жауап            ( Блум токсономиясы)

  1. Темір дәуірі неше кезеңнен тұрады?
  2. Тарихтағы дәуірлердің атауы нені білдіреді?

3.Тарихта еңбек құралдарын жасаудың адам өмірінде қандай маңызы болды?

  1. Көшпелі мал шаруашылығы дегеніміз не?
  2. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының негізгі себептері
  3. Ат әбзелдерін атаңдар

2.2  Сызбаны толтырыңдар   (Тірек сөздер стратегиясы )

 

2.3

 

2.4 Суретпен жұмыс

Пеш көріктің жұмыс істеу  принципіне сипаттама бер

2.5 Отырықшы шаруашылық пен көшпелі мал шаруашылығын салыстырыңдар

(Венн диаграммасы )

Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
Отырықшы шаруашылық   Көшпелі мал шаруашылығы
 

 

   

І.Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру стратегиясы.
Мұғалім:  Жұмбақ шешкізу

Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін еседі

Жаңа тақырып

Жоспары: 1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші- қон

  1. Көшпелілердің баспанасы

ІІ. Мағынаны тану                          ( Түртіп алу технологиясы )

 

 

 

Көшу ұраны: Тек қажеттілерді алу.                     (пирамида стратегиясы )

 

(Тірек сөздер стратегиясы  )

 

Видеоролик көру

ІІІ. Ой толғаныс:

Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Орда — салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мүның да бірнеше түрі бар. Алтын орда — 30 қанаттан тұратын ханның мәжіліс ордасы. Ақ ала орда — 8 қанатты дәулетті бай, үй. А қ үй — 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үй. Боз үй, қоңыр үй, қараша үй — 4 — 5 қанатты қарапайым адамдар тұратын киіз үй. Отау үй — жас жұбайлар үйі. Жолым үй, абылайша үй, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үй. Ақ шаңқан үй — сүттей ақ, аппақ киіз үй. Ұраңқай — уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

Бекіту : Тест сұрақтары

  1. Көктемгі жайылым қалай аталды ?
  2. Киіз үйдің бөліктер
  3. Малшылар қыс жақындағанда қай жерге жақындаған ?
  4. Отырықшы шаруашылық қазақстанның қай жерінде қалыптасты?
  5. Үйсіндердің баспаналары неден салынған ?

«Бес жолды өлең құрастыру»

1. Зат есім Киіз үй
2. Қандай?
3. Не істейді
4.Түйін:
5. Синоним

Қорытындылау:          (Эссе технологиясы) 

Мына ойды жалғастыр

Егер мен киіз үйде тұрсам………………….

Үйге тапсырма беру: §13 оқып келу. Диаграмма сызу, киіз үйдің ішкі бөлігі туралы қосымша мәлімет жинау

Рефлексия:  Шаттық шеңберін құру бір біріне тілек білдіру.

 (Геометриялық фигуралар стратегиясы )

Егер бүгінгі сабақ ұнаса қолдарыңдағы фигураларды тақтаға әкеліп жапсырыңдар

  1. Бағалау.Оқушылардың үй тапсырмасы мен жаңа сабақты игерумен белсенділіктерін бағалаймын.

Сабақтың соңында мына слайдды шығару.

«Біле бер қанша білсең, тағы тіле. 
Жетерсің мақсатыңа біле-біле». Ж.Баласағұн

 

 

Киіз үй –көшпелілердің баспанасы

Сыныбы: 6

Пәні: Қазақстан тарихы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі: Акмолдина У.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батық ауылы

 

 

 

 

 

 

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді. Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды. Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.

Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған. Әке-шешені асырау кенже ұлдың міндеті. Әкесі бар кезінде де немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй «қара шаңырақ» деп аталады. Бұл «үлкен үй» деген мағынаны білдіреді. Егер «қара шаңырақ» батыр, би, әулие, молда, сыйлы кісілердің үйі болса, онда сол ауылдың адамдары алыс сапарға шықса немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым қылып дәм татады.

Кереге

Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды.Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» деп, одан қысқалауын «балашық», ең кішісін «сағанақ» деп атайды. Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

Уық 

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.

Киіз үй есігі

Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.

Киіз үйдің ішкі баулары

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.

Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.

Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.

Бел- бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

Киіз үйдің шилері — кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.