Христиан діні және оның бағыттары

238

9-сынып. Дінтану

Сабақтың тақырыбы:   Христиан діні және оның бағыттары

Сабақтың мақсат-міндеттері:

  • Білімділік: Әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі – христиан діні туралы және оның бағыттары жайлы түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық: Оқушыларға түрлі танымдық тапсырмалар бере отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейту.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке баули отырып, Отансүйгіш, рухы жоғары азамат етіп тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, интерактивті,

Сабақтың көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: Тарих, адам және қоғам, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) «тілек білдіру» тренингі

ә)сабақтың мәнін ашып түсіндіру.

б)оқушыларды топқа бөлу

в)сабақтың мақсатын түсіндіру

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі:

Интерактивті тақтадан:

«Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығы мен діни-сенімі бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Адам алдымен рухани жағынан жетілуге қадам жасайды да, содан кейін құдайды мойындайды, оған жақындай түседі.

Мұсылман діні мен христиан діні – Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал адамдарда оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиіс… Құдайға құлшылық ету жас кезде де, егде тартқанда да жарасады.»  Н.Ә.Назарбаев

ІІІ.Ассосация әдісі:

 

Інжіл
Христос

,

Христиан діні
Храм
Православие

 

 

 

 

Католик

 

 

 

  • Оқушылар тақтаға өз түсініктерін жазады.

ІҮ.Жаңа мағынаны тану:

Жобаларды әзірлеп қорғау 7мин. дайндық

 

 

 

Ү. Байланыстыру- салыстыру:

                     Будда                                            Христиан

 

ерекшеліктері
                            ерекшеліктері
Ұқсас

тығы

 

 

 

 

 

 

 

ҮІ.Бейнефильм Шәкәрім Құдайбердіұлы «Дін туралы»

 

ҮІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті…» — деп Абай атамыз махаббатпен жаралған адам бойында үш сүйіспеншілік болу керек деп өсиет еткен. Сондықтан, бірнеше діндер тоғысқан, көп ұлтты Отанымызда тыныштық пен бейбітшіліктің сақталуы – сіз бен біздің қолымызда. Бір-бірімізді дінімізге, тілімізге, нәсілімізге қарамай «бауырым» деп сүйсек, адал жолмен жүрсек, аспанымыз ашық болып, мемлекетіміз гүлдене түсері хақ.

 

ҮІІІ. Кері байланыс «Бағдаршам»

  • Оқушылардың сабақты қалай меңгергендерін анықтау.

Үйге тапсырма: §10.3 оқып мазмұндау. Шағын эссе жазып келу: «Дін және мемлекет», «Менің дінге деген көзқарасым»